Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық көлік саласы

Шымкент қаласына 1047 кестесі бар 76 бағыт қызмет көрсетеді, оның ішінде 63 автобус бағыты 836 кестесі бар, 13 шағын автобус бағыты 211 кестесі бар. Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді 24 көлік компаниясы көрсетеді.

Шалғайдағы шағын аудандардың тұрғындарын жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету мақсатында 18 әлеуметтік маңызы бар маршрут ашылды. Бұл бағыттар Ақжар, Ақтас, Шапырашты, Өтеміс, Елтай, Жыланбүзған, Айнатас, Абдулабад, Достық, Алтынтөбе, Жаңаталап, Көкбұлақ және т. б. шағын аудандарға қызмет көрсетеді.

"2018-2020 жылдарға арналған автобус тасымалдарын дамыту" кешенді бағдарламасы және отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде жылжымалы құрамды жаңарту тетігі әзірленді. "Shymkent" ӘКК жобасының операторы жасалған лизингтік Шартқа сәйкес 2019 жылы 300 автобус сатып алды, 2020 жылы компримирленген газ-метанда жұмыс істейтін 590 автобус сатып алу жоспарлануда. Автобустарды жинауды "СарыарқаАвтоПром"АҚ жүргізді.

Ағымдағы жылы маршруттық желіні оңтайландыруға және жақсартуға, ескірген автобустарды маршруттардан шығару жолымен жылжымалы құрамды жаңартуға, сыйымдылығы аз автобустарды сыйымдылығы үлкен автобустарға ауыстыруға мүмкіндік беретін жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын әзірлеу көзделген.

2020 жылы 18 әлеуметтік маңызы бар бағытты субсидиялау үшін 6,6 млрд.теңге қарастырылған.

Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе QR-код және SMS арқылы көлік картасымен, банк картасымен төлем жасауға мүмкіндік береді.

Дата публикации
17 апреля 2020
Дата обновления
17 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
22 мая 2023
ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУСТАРДЫҢ 90% ПАЙЫЗЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН
21 апреля 2020
Строительство нового пассажирского терминала аэропорта города Шымкент

Социальные медиа

instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы