Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның
2026 жылғы 25 ақпандағы отырысының
Х А Т Т А М А С Ы
Қатысқандар:
Р. Ибрагимов – комиссия төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы;
Д. Жанзахов – комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
Н. Ермекбай - Шымкент қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция подполковнигі;
Ғ. Майрихов - Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы;
Д. Каюпов – «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы;
Б. Байсан – комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы.
Конкурсқа 2 лотта орналасқан 2 маршрут шығарылды
№ 1 лот бойынша:
№ 42 автобус бағытына «Shymkent Bus» БК» ЖШС, «Bozjorga BUS» ЖШС және «Жолаушы» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.
Қатысушылардың жалпы жиынтық балы:
«Shymkent Bus» БК» ЖШС – 741,5 балл
«Bozjorga BUS» ЖШС – 751,5 балл
«Жолаушы» ЖШС – 486,5 балл
Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «Bozjorga BUS» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.
Осыған сәйкес, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Bozjorga BUS» ЖШС танылды.
№ 42 автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығын «Bozjorga BUS» ЖШС-не беру туралы шешім қабылданды.
Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.
№ 2 лот бойынша:
№ 70 автобус бағытына «Shymkent Bus» БК» ЖШС және «ТКЖТК» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.
Қатысушылардың жалпы жиынтық балы:
«Shymkent Bus» БК» ЖШС – 856,5 балл
«ТКЖТК» ЖШС – 1276,5 балл
Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «ТКЖТК» ЖШС-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.
Осыған сәйкес, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 2 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «ТКЖТК» ЖШС танылды.
№ 70 автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығын «ТКЖТК» ЖШС-не беру туралы шешім қабылданды.
Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.