Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Шымкент қаласы                                                         20 қаңтар 2026 жыл

Хаттама № 1

Комиссия құрамы:

 

Беркімбаев         
Берік Серікұлы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия төрағасы.

 

Ибрагимов
Ролан Бекмағамбетұлы

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары.

 

Есқараев

Ерлан Бастарұлы

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың басшысы.

 

Жанзахов Досымхан Несіпбайұлы

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары.

 

Парманов Бухарбай Рыскулович

 

Шымкент қаласының қоғамдық кеңес төрағасы.

Қамбаров

Қайыпбек Жаулбайұлы

 

«Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы.

Жәрімбетов

Әзілхан Әмірбайұлы

 

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы.

 

Мамедов 

Али Агитович

 

«Шымкент қаласы бойынша автокөлік және жол мекемелердің локалдық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

Каюпов Дархан

«Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы.

 

Комиссия хатшысы:

 

Қосмамбетов  Бақытжан Аралбайұлы

 

 

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.

Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын,  Комиссия төрағасы Б.Беркімбаев отырысқа 11 комиссия мүшесінен 8 адам, яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Газ метан бағасын қайта қарау.
  2. Дизель отынының бағасын қайта қарау.
  3. Газ пропан бағасын қайта қарау.
  4. «T-BUS» ЖШС-нің №18, №44 маршруттарына лизингке автобустар алуына байланысты, есептерін қайта қарау.
  5. Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткішін қарау.
  6. Жүргізушілерге аударылатын әлеуметтік төлемдер көрсеткішін қарау.
  7. Автошина бағасын қайта қарау.
  8. Маршруттардың сызбаларына және кестелеріне өзгеріс енгізу мәселесін қарау.
  9. Шымкент қаласының қоғамдық көліктердің сыртқы безендірілуін бекіту туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер тасымалдаушы компаниялардың өтініштері ескеріліп түзілді.

 

  1. Газ метан бағасын қайта қарау

- «Туркестанская транспортная компания» ЖШС 5.01.2026 жылғы
№4 хатында «АГНКС Казахстан» ЖШС құятын газ метан бағасын 145 теңгеге, 5.01.2026 жылғы №5 хатында «KZ» ЖШС құятын газ метан бағасын 146 теңгеге қымбаттауына байланысты тасымалдаушы қызмет көрсететін маршруттардың құнын қайта қарастыруды сұраған.

- «Радуга-транспорт» ЖШС 6.01.2026 жылғы №3 хатында «KZ» ЖШС газ метанның 1 м3 бағасы 146 теңгеге қымбаттауына байланысты, тасымалдаушы қызмет көрсететін маршруттардың құнын қайта қарастыруды сұраған.

- «Shymkent Bus» БК» ЖШС 09.01.2026 жылғы №14 хатында «Корпорация Аманта» ЖШС газ метанның 1 м3 бағасы 146 теңгеден екендігін хабарлап, маршруттардың құнын қайта қарастыруды сұраған.

Өз кезегінде «KZ» ЖШС 5.01.2026 жылғы №1 хатында 2026 жылдың
1 қаңтарынан бастап газ метан бағасын 146 теңгеге дейін көтеретіндігі туралы және «АГНКС Казахстан» ЖШС 5.01.2026 жылғы №175 хатында 2026 жылдың
1 қаңтарынан бастап газ метан бағасын 145 теңгеге дейін көтеретіндігі туралы хабарлап, оның себебін ҚҚС (НДС) мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға ұлғаюымен түсіндірген.

Ұсыныс:

2026  жылдың қаңтар айынан бастап «KZ» ЖШС, «АГНКС Казахстан» және «Корпорация Аманта» ЖШС үшін 1 м3 газ-метанның бағасын бір жыл мерзімге
145 теңге етіп бекіту дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Бір жыл мерзімге 1 м3 газ-метанның бағасы 145 теңге көлемінде бекітілді.

 

  1. Дизель отынының бағасын қайта қарау

Тасымаладушы «Т-Bus» ЖШС 23.10.2025 жылғы №221 хатында «Sinooil» ЖШС келісім шарт негізінде дизель отынының сатып алу бағасын 325 теңгеге көтеруіне байланысты бекітілген дизель бағасын 325-ке көтеруді сұраған.

Одан бөлек, «Shymkent Bus» БК» ЖШС 11.12.2025 жылғы №525 хатында дизель отынының бағасы 315 теңгеге қымбаттағанын және 19.01.2026 жылғы
№48 хатында дизель отынының бағасы 333 теңгеге қымбаттауына байланысты дизель бағасын қайта қарастыруды сұраған. Өз кезегінде «Ман Оңтүстік» ЖШС дизель отынын 324 теңгеден, ал «Bozjorga Bus» 308 теңгеден алатындығы туралы хат жолдаған.

Ұсыныс:

2026 жылдың қаңтар айынан бастап дизель отынын пайдаланатын тасымалдаушылар үшін 1 литр дизель бағасын бір жыл мерзімге 325 теңге көлемінде бекіту дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Бір жыл мерзімге 1 литр дизель бағасы 325 теңге көлемінде бекітілді.

 

  1. Газ пропан бағасын қайта қарау

Тасымаладушы «Shymkent Bus Service» ЖШС 13.01.2026 жылғы №5 хатында жанармай құю бекетінде газ пропан отынының сатып алу бағасының көтерілуіне байланысты бекітілген газ пропан бағасын 102 теңгеге көтеруді сұраған.

Ұсыныс:

2026 жылдың қаңтар айынан бастап газ пропан отынын пайдаланатын тасымалдаушылар үшін 1 литр газ пропан бағасын бір жыл мерзімге 102 теңге көлемінде бекіту дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Бір жыл мерзімге 1 литр газ пропан бағасы 102 теңге көлемінде бекітілді.

 

  1. «T-BUS» ЖШС-нің лизингке автобустар алуына байланысты, есептерін қайта қарау

Тасымаладушы «T-BUS» ЖШС 24.12.2025 жылғы №ЗТ-2025-04569623 хатына сәйкес, №18, №44 маршруттарындағы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында, лизингке жаңа автобустар алуына байланысты, субсидия есебін қайта қарастыруды сұраған.

Келісім шарт талабына сәйкес, тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында Zhong Tong маркалы 18 дана автобусты ағымдағы жылдың шілде айында лизингке сатып алған. Лизинг шарты ұсынылды. «T-BUS» ЖШС (Лизинг алушы) 2025 жылғы 23 мамырдағы №874/CL/23-05 сатып алу-сату шартына сәйкес 2024 жылы шығарылған Zhong Tong LCK 6105 HG маркалы автобустардың әрқайсысын 75 500 000 теңгеден сатып алған.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа автобустар №18 маршрутқа
10 кестемен және №44 маршрутқа 8 кестемен қызмет көрсетуде. Аталған
18 автобусты есепке алған кезде болжаммен субсидия көлемі айына 79 млн. теңгеден 112,9 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Бұл ретте, «Автоимпульс» ЖШС (Лизинг алушы) 2025 жылғы 18 мамырдағы №767/CL/18-03 сатып алу-сату шартына сәйкес 2025 жылы шығарылған Zhong Tong LCK 6105 HG маркалы автобустардың әрқайсысын 61 500 000 теңгеден сатып алғанын назарларыңызға жеткіземіз.

Аталған мәселе 11.09.2025 жылы  өткен тарифтік комиссияның отырысында  қаралған. Бұл ретте, «T-BUS» ЖШС ұсынған автобустардың құнына қатысты сұрақтар туындауына байланысты құзырлы органдарға мәселені тексеру бойынша хат жолданды. Алайда аталға мәселеге қатысты жауап басқармаға түспеген.

Осыған байланысты, «T-BUS» ЖШС басшысы мен «Меридиан-Авто» ЖШС (онлайн) басшысы осы комиссия отырысына қатысу үшін шақыртылды. Алайда  «Меридиан-Авто» ЖШС отырысқа қатыспады. Комиссия отырысына қатысқан
 «T-BUS» ЖШС заңды өкілі Балтақара Әділ Нұрғалиұлы 2024 жылы шығарылған Zhong Tong LCK 6105 HG маркалы автобустардың әрқайсысын
75 500 000 теңгеден сатып алынуына қатысты  жауабында 2025 жылғы
23 мамырдағы №874/CL/23-05 сатып алу-сату шартының 4.3 тармағына сілтеме жасады. Алайда, комиссия мүшелерінің басым көпшілігі аталған 4.3 тармақта көрсетілген бір автобуспен орындалатын 100 000 км жүріс онда көретілгеннен мерзімнен айтарлықтай ерте аяқталатынын ескеріп, автобустардың ұсынылған құнын мақылдауға қарсылықтарын білдірді.

Ұсыныс:

«T-BUS» ЖШС №18, №44 маршруттарының субсидия есебін сатып алынған автобустардың бағасы 75 500 000 млн. теңгемен мақұлдамау дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 6, «қарсы» – 2, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Комиссия шешімімен №18, №44 маршруттарының субсидия есебі қабылданбады.

 

  1. Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткішін қарау

Қағиданың 30-тармағының 7-тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автокөлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасы бойынша көлік және қоймалау саласындағы бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының (бұдан әрі – ОАНЖ) деңгейіне қатысты белгіленеді.

Қазақстан Республикасы бойынша ОАНЖ-дан жоғары ОАНЖ бар өңірде өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген осы өңір бойынша ОАНЖ қолданылады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Шымкент қаласы бойынша (ІІІ тоқсан
2025 жыл)
аталған көрсеткіш 636 286 теңгені құраған. Өз кезегінде орта айлық жалақы (2025 жылдың қаңтар-қыркүйек ) 334 170 теңгені құраған.

Бүгінгі таңда Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес
Қазақстан Республикасы бойынша (ІІІ тоқсан 2025 жыл) аталған көрсеткіш
625 844 теңгені құраған.

Ұсыныс:

Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткішін, субсидия есебінде 2025 жылдың 22 қаңтарында тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген 509 154 теңге көлемінде қалдыру дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 7, «қарсы» – 2, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткіші 509 154 теңге көлемінде қалдырылды.

 

  1. Жүргізушілерге аударылатын әлеуметтік төлемдер көрсеткішін қарау

Тасымалдаушы көлік компаниялары 2026 жылға жүргізушілерге аударатын төмендегі әлеуметтік төлемдердің көрсеткіштерін 14%-дан 17,5%-ға өсіруді сұрауда:

- әлеуметтік салық мөлшері-6%;

- әлеуметтік аударымдар мөлшері-5%;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары-3,0%;

- жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен-3,5%.

Сонымен қатар, Басқарма тарапынан Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша сұраныс хат жолданды. Алынған жауапқа сәйкес әлеуметтік төлемдердің көрсеткіштері:

- Әлеуметтік салық мөлшері-11% (оның ішінде, әлеуметтік салық-6%, әлеуметтік аударымдар-5%);

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары-3,0%;

- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы -3,5% екендігі және

барлығын қосқанда 17,5% құрайтындығы анықталды.

Ұсыныс:

2026  жылдың қаңтар айынан бастап жүргізушілерге аударылатын әлеуметтік төлемдер көрсеткішін 17,5% көлемінде бекіту дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Жүргізушілерге аударылатын әлеуметтік төлемдер көрсеткіші
17,5% көлемінде бекітілді.

 

  1. Автошина бағасын қайта қарау

«Shymkent Bus» БК» ЖШС 11.12.2025 жылғы №525 хатында автошинаның  бағасы қымбаттауына байланысты бағасын қайта қарастыруды сұраған.

Осыған сәйкес, Басқарма тарапынан автошина сататын мекемелерге хат жолданып, коммерциялық ұсыныстары алынды. Нәтижесінде автошинаның бағасы төмендегі кестеге сәйкес ұсынылады.

№

Автошинаның өлшемі

Автошинаның бекітілген бағасы теңге

Автошинаның ұсынылатын бағасы теңге

1

7.50R20

120 500

70 200

2

8.25R20

-

87 600

3

9R22.5 16PR

82 400

75 000

4

11R22.5

97 950

101 000

5

185/75R16

21 050

23 000

6

225/75R17.5

-

74 600

7

275/70R22.5

101 200

79 000

8

295/80R22.5 18PR

106 000

107 000

Ұсыныс:

2026  жылдың  қаңтар айынан бастап автошина бағасын кестеге сәйкес бекіту дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Автошина бағасы кестеге сәйкес бекітілді.

 

  1. Маршруттар сызбаларының өзгертілуіне және қосымша кесте қосылуына байланысты есептерді қайта қарау

Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты және қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен өтініштерге сәйкес, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде бір қатар маршруттардың сызбаларына өзгерістер енгізілді:

  • №45 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Достық» шағын ауданның тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, 14 кестенің 7 кестесі Ақбар базарына дейін ал, 7 кестесі Гипер хаус аялдамасына дейін қатынауда.
  • №66 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Тұран» шағын ауданның тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, 18 кестенің 9 кестесі Ыңтымақ шағын ауданына дейін ал, 9 кестесі Гипер хаус аялдамасына дейін қатынауда.
  • №51 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы жаңадан ашылған Шұбаркөл көшесі арқылы жүргізілуіне байланысты 7,1 шқ. ұзарды.
  • №139 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Достық» тұрғын алабы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес 1,8 шқ. ұзарды.
  • №150 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Нұршуақ» шағын ауданның тұрғындарының өтініштеріне сәйкес 6,6 шқ. ұзарып, жолаушылар ағыны өсуіне байланысты қосымша 2 кесте қосылды.
  • №16 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Ақназар хан және Сайрам көшелерінің қиылысындағы көпірдің жөндеу жұмыстары аяқталуына байланысты бұрынғы сызбасымен ұйымдастырылды.
  • №37 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Наурыз» шағын ауданның тұрғындарының өтініштеріне сәйкес Байтұрсынов көшесі арқылы ұйымдастырылды.

№113 автобус маршруты Қазыбек би көшесі тұрғындардың өтініштеріне сәйкес Қазыбек би көшесі арқылы ұйымдастырылды.

Ұсыныс:

Маршрут сызбаларының өзгеруі және қосымша кестелердің қосылуы дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Маршрут сызбалары өзгерілді және қосымша кестелердің қосылуы бекітілді.

 

  1. Шымкент қаласының қоғамдық көліктердің сыртқы безендірілуін бекіту бойынша

Әзірленген дизайн қоғамдық көліктің меншік нысанына қарамастан, Шымкент қаласының аумағында тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобустарға қолдану үшін бекітіледі және дизайн талаптары тасымалдаушылар үшін міндетті болып табылады.

Бекітілетін дизайн жаңа жылжымалы құрамды сатып алу кезінде, сондай-ақ автобустарды күрделі жөндеу, қайта бояу барысында міндетті түрде қолданылуға жатады.

– Автобустардың негізгі түсі – қызғылт сары;

– Автобустардың бүйір жақтауына Шымкент қаласының бекітілген графикалық логотипі орналастырылады.

Ұсыныс:

Шымкент қаласының қоғамдық көліктердің сыртқы безендірілуін бекіту дауысқа салынады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Шешім:

Шымкент қаласының қоғамдық көліктердің сыртқы безендірілуі бекітілді.

Дата публикации
22 января 2026