Төтенше жағдайларда және дағдарыс кезінде автобустаржәне арнайы техникаларды жұмылдыру туралы анықтама

Көлік қызметі

        Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 83 маршрут бойынша 900-ден астам автобус 12 тасымалдаушы мекеме күнделікті тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Дағдарыс жағдайларында, соның ішінде соғыс жағдайы енгізілген кезде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, өндірістік апаттар және т.б.) халықты қауіпсіз жерге жедел эвакуациялау және жеке құрамдарды белгіленген орындарға жеткізу мақсатында тасымалдаушы мекемелермен автобустармен қамтамасыз ету туралы 2024 жылғы 4 наурызда меморандум жасалған.

Аталған меморандум аясында қажет болған жағдайда автобустарды жедел түрде жұмылдыру қарастырылған.

Дата публикации
14 января 2026