Шымкент: қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі және инфрақұрылымның кешенді дамуы

Шымкент: қоғамдық көлік, жол қауіпсіздігі және инфрақұрылымның кешенді дамуы

Шымкент қаласында 2024–2025 жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды нәтижелерге қол жеткізілді. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2024–2025 жылдары жол инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру және жол қауіпсіздігін арттыру бағыттарында бірқатар маңызды жобаларды іске асырды. Паспортизация Цифрлық паспортизациялау және диагностикалау нәтижесінде қаладағы көшелер саны 6 882-ге жетіп, жалпы ұзындығы 3 846,7 шақырымды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда көше санының 64%-ға, ал жолдардың жалпы ұзындығының 18,4%-ға артқанын көрсетеді. Ірі құрылыс нысандары Шымкент қаласында 2024–2025 жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Аталған кезеңде қала бойынша 1 328,5 шақырым жол салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 2024 жылы – 269,5 шақырым, ал 2025 жылы 12 айдың қорытындысымен 1 059 шақырым жол пайдалануға тапсырылды. 2024 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы ұзындығы 20,1 шақырымды құрайтын 4 көше пайдалануға берілді. Аталған жобалар қатарында А-2 айналма жолын қайта құрудың 4-кезеңі, Өтегенов көшесі жалғасының 1 және 2-кезектері, сондай-ақ Оңтүстік айналма жолы бар. 2025 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын 6 ірі жоба іске асырылды. Мемлекет басшысының өңірге жасаған жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, А-2 айналма жолының негізгі бөліктері қайта құрудан өтіп, 6 және 8-кезеңдері пайдалануға берілді. Осылайша нысанның орындалу деңгейі 90 пайызға жетті. Қаланың орталығын Ташкент – Алматы тас жолымен байланыстыратын Қонаев даңғылының жалғасы бойынша құрылыс жұмыстары 85 пайызға орындалып, биыл 2-кезеңі пайдалануға тапсырылды. Аталған жобаны толық аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, қаланың шығыс бөлігі мен орталығын байланыстыратын Момынов және Тіленшин көшелеріндегі екі ірі теміржол өткелінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған нысандарды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, Бәйдібек би және Төлеметов көшелерінің қиылысында жаңа жолайырықтың құрылысы басталды. Көлік кептелістерін азайту және қолданыстағы жолдарға балама бағыттар қалыптастыру мақсатында Алтынсарин, Қазиев, Ақсүмбе, Шұбаркөл, Алатау батыр – Абылайхан көшелерін өзара байланыстыру, сондай-ақ теміржол өткелдерінің құрылысы іске асырылуда. Сонымен бірге, Жандосов көшесінің жалғасы, Асар–Шымсити шағын аудандарын байланыстыратын жол, Қызылсай шағын ауданына кіреберіс жолдар асфальтталып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 17,1 шақырымды құрайтын 6 көше мен 1 көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 4 көше мен 1 көпір пайдалануға тапсырылса, 2 көше бойынша жұмыстар 2026 жылға өтпелі болып белгіленді. Орташа жөндеу 2024 жылы орташа жөндеу аясында 247 көше қамтылып, жалпы ұзындығы 167,1 шақырым жол пайдалануға берілді. Ал 2025 жылы жалпы ұзындығы 201 шақырымды құрайтын 323 көшеде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, шалғай және ішкі орам көшелерінің жол жағдайын жақсарту мақсатында 820 шақырым көшеге асфальт жабындысын төсеу жоспарланып, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша аталған көлем толық көлемде орындалды. Аталған жұмыстар қаланың барлық аудандарын қамтыды. Атап айтқанда, Абай ауданында – 319 шақырым, Әл-Фараби ауданында – 60 шақырым, Тұран ауданында – 152 шақырым, Еңбекші ауданында – 127 шақырым, Қаратау ауданында – 162 шақырым көше асфальтталып, пайдалануға берілді. Жүргізілген жұмыстар қала тұрғындарының қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, жол сапасын жақсартуға және елді мекендердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымын күтіп ұстау бағытында 2024–2025 жылдары ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 2024–2025 жылдары қаладағы 6 714 көшенің 4 686-сы жарықтандырылып, нәтижесінде Шымкент қаласының көшелері 100 пайыз жарықпен қамтылды. Айта кету керек, 2023 жылға дейін қала аумағында небәрі 2 028 көше жарықтандырылып, қамту деңгейі 30 пайызды ғана құраған болатын. Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2024 жылы 50 жаяу жүргіншілер өткелі, ал 2025 жылы 201 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылды. Сонымен қатар, 1 000 шақырым жол таңбалары сызылып, 3 шақырым дыбысты жолақтар орнатылды. Көлік кептелісін азайту және қозғалысты тиімді басқару мақсатында 2024 жылы 246 бағдаршам нысаны интеллектуалды көлік жүйесіне (ITS) қосылса, ағымдағы жылы қосымша 98 бағдаршам ITS жүйесіне қосылды, сондай-ақ 32 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды. Бүгінде қала аумағында орналасқан 393 бағдаршамның 344-і ITS жүйесіне қосылып, қамту көрсеткіші 87 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, 2016 жылдан бері жаңартылмаған тоқтаусыз қуат беретін батареяларды жаңарту жұмыстары қолға алынып, 24 бағдаршам нысанында батареялар толық жаңартылды, ал 72 бағдаршам нысанына жаңа батареялар орнатылды. Нәтижесінде 96 бағдаршам нысаны тоқтаусыз қуат көздерімен қамтамасыз етілді. Қала көшелеріндегі көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылы 3 оң жақ бұрылыс өткелі салынды, сондай-ақ 6 магистралдық көшеде қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде қосымша жолақтар ұйымдастырылды. Аталған оң жақ өткелдер Кеңжарық – М. Шоқай көшелерінің қиылысында, Тұран-2 шағын ауданындағы Таңбалы тас көшесінде және Гагарин көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан.

Дата публикации
14 января 2026