Автомобиль жолдар саласы

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫ

 Шымкент қаласының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 976,6 шқ. құрайды.
Оның ішінде:
асфальтті жабынмен – 1 758,1 шқ (59,1%);
тас жол – 1 107,0 шқ.  (37,2%);
топырақ жол – 111,5 шқ. (3,7 %).

2019 жылы аталған саланы дамыту үшін бюджеттен 8 223,9 млн.теңге қаржы қарастырылып, 91 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен (223,7 шқ. және 5 көпір) қамтылды.

Оның ішінде:
- 11 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге – 2 518,3 млн.теңге (41,6 шқ., 2 көпір, 1 жаяу жүргіншілер өткелі);
- 9 нысанның қайта құру жұмыстарын жүргізуге – 2 377,8 млн.теңге (17,2 шқ., 3 көпір, 1 оң жақ өткел);
- 8 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 830,7 млн.теңге (96,2 шқ.);
- 63 нысанның орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 1 744,0 млн.теңге (62,1 шқ. құрайтын 51 көше, 6,6 шқ құрайтын 6 жаяу жүргіншілер жолы, 6 оң жақ өткелдерін орнату);
- 16 ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 123,7 млн.теңге;
Шағал тас төсеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары – 629,5 млн. теңге.

Жыл қорытындысы бойынша қаланың жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың үлесі 56,5%-ға жеткізілді (1 681,8 шқ.).

2020 жылы аталған саланы дамыту үшін бюджеттен 24 961,5 млн.теңге қаржы қаралды. Аталған қаржыға 261 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізілуде (416,8 шқ. жол, 7 көпір, 2 жолайрық және 1 жаяу жүргіншілер өткелі).

Оның ішінде:
- 15 нысанның құрылыс жұмыстарына – 3 901,0 млн.теңге (44,5 шқ., 1 көпір, 2 жолайрық,             1 жаяу жүргіншілер өткелі);
- 10 нысанның қайта құру жұмыстарына – 3 823,3 млн.теңге (15,3 шқ., 3 көпір, 1 оң жақ өткел);
- 6 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына – 1 309,5 млн.теңге (49,8 шқ., 2 көпір);
- 230 нысанның орташа жөндеу жұмыстарына – 13 436,2 млн.теңге (307,2 шқ., 1 көпір);
- 15 ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 89,7 млн.теңге;
- Шағал тас төсеу және ағымдағы жөндеу жұмыстары – 1 601,0 млн. теңге.
- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге – 711,4 млн. теңге;
- Жұмыстар мен материалдар сапасын бақылауға – 89,5 млн. теңге.

Жыл қорытындысы бойынша қаланың жақсы және қанағаттанарлық күйдегі көшелердің үлесін 60%-ға жеткізу жоспарлануда (1 786 шқ.).

Автомобиль жолдар саласы
Дата публикации
25 ноября 2020