Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты облысаралық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2025 жылғы 3 желтоқсандағы отырысының хаттамасы

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты облысаралық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның

2025 жылғы 3 желтоқсандағы отырысының

Х А Т Т А М А С Ы

 

Қатысқандар:

 

Р. Ибрагимов – комиссия төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы;

Д. Жанзахов – комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;

Н. Ермекбай - Шымкент қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция подполковнигі;

Ә. Жаримбетов – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы.

Б. Байсан – комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы.

 

Конкурсқа 1 лотта орналасқан 1 бағыт шығарылды

 

№ 1 лот бойынша:

«Шымкент-Атырау» автобус бағыты (Атырау облысының тасымалдаушысымен париттетік негізде) бойынша «Лидер-ДЕ» ЖШС және                    «Димок» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.

Қатысушылардың жалпы жиынтық балдары:

 

 «Лидер-ДЕ» ЖШС –    117,6 балл

 «Димок» ЖШС –  118 балл

 

Конкурс алдындағы комиссияның құжаттарына, оның ішінде анықтамаға сәйкес, «Димок» ЖШС-нің конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының «Автомобиль  көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 тармағына сәйкес, № 1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Димок» ЖШС танылды. «Шымкент-Атырау» автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығы «Димок» ЖШС -не беру туралы шешім қабылданды.    

Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.

 

 

 

Комиссия мүшелері:

Р. Ибрагимов

 

 

Д. Жанзахов

 

 

Н. Ермекбай

 

Ә. Жаримбетов

 

 

Комиссия хатшысы                           

Б. Байсан

Дата публикации
05 декабря 2025