Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Шымкент қаласы                                    № 4                           26 қыркүйек 2025 жыл

 

Комиссия құрамы:

 

Ибрагимов
Ролан Бекмағамбетұлы

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары.

 

Есқараев

Ерлан Бастарұлы

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың басшысы.

 

Жанзахов Досымхан Несіпбайұлы

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары.

 

Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы

 

Шымкент қаласының қоғамдық кеңес төрағасы.

Жәрімбетов

Әзілхан Әмірбайұлы

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы.

 

Қамбаров

Қайыпбек Жаулбайұлы

 

«Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы.

Мамедов 

Али Агитович

«Шымкент қаласы бойынша автокөлік және жол мекемелердің локалдық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

Каюпов Дархан

«Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы.

 

Комиссия хатшысы:

 

Қосмамбетов  Бақытжан Аралбайұлы

 

 

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.

 

Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын,  Комиссия төрағасының орынбасары Р.Ибрагимов отырысқа 11 комиссия мүшесінен 8 адам, яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Газ метан бағасының көтерілуін қарау.
  2. Газ пропан бағасының көтерілуін қарау.
  3. Дизель отыны бағасының көтерілуін қарау.
  4. Әлеуметтік маңызы бар №146 және №150 маршруттарға қызмет көрсететін «Bozjorga Bus» ЖШС-нің есептерін қарау.
  5. Маршруттардың сызбаларына өзгеріс енгізу мәселесін қарау.
  6. «T-BUS» ЖШС-нің лизингке жаңа автобустар алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Күн тәртібіндегі мәселелер тасымалдаушы компаниялардың өтініштері ескеріліп түзілді.

 

  1. Газ метан бағасының көтерілуін қарау.

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік бағыттарында газ метан отынын пайдаланатын тасымалдаушы компаниялар газ метан бағасының қымбаттауына байланысты бірнеше рет хаттар жолдап, бағаның өсуін тауарлық газдың бөлшек саудада өткізу бағасының және электр энергия бағасы мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауымен түсіндірген.

Бұл ретте, 2024 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін бекітілген баға «KZ» ЖШС үшін 126 теңгенден 141 теңгеге дейін, ал «АГНКС Казахстан» ЖШС үшін 125  теңгеден 139 теңгеге дейін   қымбаттаған.

Газ метан бағасының қымбаттауы әлеуметтік маңызы бар бағыттарға бөлінетін субсидия көлеміне тікелей әсер етуіне байланысты бюджетке ауыртпалық түсірмеу мақсатында бағаны көтермеу және тасымалдаушылар үшін жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Ұсыныс: Газ метан бағасын бекітілген баға 125/126 теңге көлемінен қымбаттатпау ұсынылады.

Шымкент қаласының жергілікті бюджетін қалыптастыру барысында бюджеттік сұранымына сәйкес газ метан бағасы жылына бір рет бекітілсін.

Кезекті комиссия отырысына «KZ» ЖШС және «АГНКС Казахстан» ЖШС басшылығы метан газының бағасы негізсіз көтерілмегенін растау үшін дәлелді құжаттарын ұсыну қажет.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 7, «қарсы» – 1, «қалыс» - жоқ

 

  1. Газ пропан бағасының көтерілуін қарау.

Газ пропан отынын пайдаланатын тасымалдаушы компаниялар газ пропан бағасының қымбаттауына байланысты бірнеше рет хат жолдаған. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін бекітілген баға 70 теңгеден
102 теңгеге дейін қымбаттаған.

Газ пропан бағасының қымбаттауы оны тұтынатын әлеуметтік маңызы бар бағыттарға бөлінетін субсидия көлеміне тікелей әсер етуіне байланысты бюджетке ауыртпалық түсірмеу мақсатында бағаны көтермеу және тасымалдаушылар үшін жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыру қажет.

Ұсыныс: Газ пропан бағасын бекітілген баға 70 теңге көлемінен қымбаттатпау ұсынылады.

Шымкент қаласының жергілікті бюджетін қалыптастыру барысында бюджеттік сұранымына сәйкес газ пропан бағасы жылына бір рет бекітілсін.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 6, «қарсы» – 1, «қалыс» - 1

 

  1. Дизель отыны бағасының көтерілуін қарау.

Тасымалдаушы компаниялар дизель отынының бағасы қымбаттауына байланысты бірнеше рет хат жолдаған. 2023 жылдың мамыр айынан бастап дизель отынының бекітілген бағасы 293 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда, жанармай құю бекеттерінде дизель отынының сатып алу бағасы 314 теңгеге дейін қымбаттаған.

Бұл ретте, тасымалдаушылар келісім шартқа сәйкес жанармай құю бекеттерінен дизель отынын 306-314 теңге аралығында алуда.

Ұсыныс: Дизель отынын бағасын бекітілген баға 293 теңге көлемінен қымбаттатпау ұсынылады.

Шымкент қаласының жергілікті бюджетін қалыптастыру барысында бюджеттік сұранымына сәйкес дизель отынының бағасы жылына бір рет бекітілсін.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 6, «қарсы» – 1, «қалыс» - 1

 

  1. Әлеуметтік маңызы бар №146 және №150 маршруттарға қызмет көрсететін «Bozjorga Bus» ЖШС-нің есептерін қарау.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге 2025 жылғы 19 қыркүйекте ұйымдастырылған конкурстық комиссияның отырысының нәтижесіне сәйкес №146, №150 автобус маршруттарын «Bozjorga Bus» ЖШС жеңіп алып, қызмет көрсетуге тиісті шарт түзілді. Ағымдағы жылдың
20 қыркүйегінен бастап жаңа автобустар №146 маршрутқа 8 кестемен және
№150 маршрутқа 10 кестемен қызмет көрсетуде. Тасымалдаушының жоғарыда аталған маршруттарға жұмылдырылған 18 автобусын есепке алған кезде болжаммен субсидия көлемі айына 111,4 млн. теңгені құрайтын болады.

Ұсыныс: «Bozjorga Bus» ЖШС №146, №150 маршруттарына ұсынылған субсидия есептерін мақұлдап, субсидиялау шартын түзу арқылы  2025 жылдың 1 қазаннан бастап субсидия төлеуді дауысқа салу ұсынылады.

 

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

  1. Маршруттардың сызбаларына өзгеріс енгізу мәселесін қарау.

Қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен өтініштерге сәйкес және Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бір қатар маршруттардың сызбаларына өзгерістер енгізілді:

-        №34 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы К.Цеткин тұрғындарының өтініштеріне сәйкес 1,0 шқ. ұзарып, субсидия көлемі өсуде;

-        №143 шағын автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Жұлдыз» индустриалды аймағына дейін жолаушылар ағыны төмен болуына байланысты
3,0 шқ. қысқарып, субсидия көлемі азаяды.

Ұсыныс: Маршрут сызбаларының өзгеруі дауысқа салу ұсынылды.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

  1. «T-BUS» ЖШС-нің лизингке жаңа автобустар алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Тасымаладушы «T-BUS» ЖШС 25.09.2025 жылғы №183 хатына сәйкес,
№18, № 44 маршруттарындағы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында, лизингке жаңа автобустар алуына байланысты, субсидия есебін қайта қарастыруды сұраған.

Аталған мәселе 11.09.2025 жылы  өткен тарифтік комиссияның отырысында  қаралған. Бұл ретте, «T-BUS» ЖШС ұсынған автобустардың құнына қатысты сұрақтар туындауына байланысты құзырлы органдарға мәселені тексеру бойынша хат жолдап, тексеріс нәтижесі бойынша алынған жауапқа сәйкес тиісті жұмыстар атқару туралы тарифтік комиссияның шешімімен қабылданған болатын.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне тиісті хат жолданып, қазіргі таңда агенттіктен ресми жауап күтілуде.

Ұсыныс: «T-BUS» ЖШС №18, №44 маршруттарының субсидия есебін агенттіктің жауабына сәйкес қарау ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

Дата публикации
30 сентября 2025