Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2025 жылғы 19 қыркүйектегі отырысының Х А Т Т А М А С Ы
Қатысқандар:
Р. Ибрагимов – комиссия төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы;
Д. Жанзахов – комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;
Н. Ермекбай - Шымкент қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция подполковнигі;
Ғ. Майрихов - Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы;
Д. Каюпов – «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы;
Ә. Жаримбетов – Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы.
Б. Байсан – комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы.
Конкурсқа 2 лотта орналасқан 2 маршрут шығарылды
№ 1 лот бойынша:
№ 146 автобус бағыты бойынша «Shymkent Bus» БК» ЖШС және «Bozjorga BUS» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.
Қатысушының жалпы жиынтық балы:
«Shymkent Bus» БК» ЖШС – 624,6 балл
«Bozjorga BUS» ЖШС – 713,4 балл
Конкурс алдындағы комиссияның құжаттарына, оның ішінде анықтамаға сәйкес, «Bozjorga BUS» ЖШС -нің конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, №1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Bozjorga BUS» ЖШС танылды.
№ 146 автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығын «Bozjorga BUS» ЖШС -не беру туралы шешім қабылданды.
Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.
№ 2 лот бойынша:
№ 150 автобус бағыты бойынша «Shymkent Bus» БК» ЖШС және «Bozjorga BUS» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.
Қатысушының жалпы жиынтық балы:
«Shymkent Bus» БК» ЖШС – 765 балл
«Bozjorga BUS» ЖШС – 865,8 балл
Конкурс алдындағы комиссияның құжаттарына, оның ішінде анықтамаға сәйкес, «Bozjorga BUS» ЖШС -нің конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, №1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Bozjorga BUS» ЖШС танылды.
№ 150 автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығын «Bozjorga BUS» ЖШС -не беру туралы шешім қабылданды.
Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.