Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Шымкент қаласы № 3 11 қыркүйек 2025 жыл
Комиссия құрамы:
|
Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы |
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия төрағасы.
|
|
Ибрагимов |
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары.
|
|
Есқараев Ерлан Бастарұлы |
Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың басшысы.
|
|
Жанзахов Досымхан Несіпбайұлы |
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары.
|
|
Парманов Бұхарбай Рыскұлұлы
|
Шымкент қаласының қоғамдық кеңес төрағасы. |
|
Аширбаев Батырбек Мырзакелдіұлы
|
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты |
|
Қамбаров Қайыпбек Жаулбайұлы
|
«Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы. |
|
Байсариева Гүлмира Сапарбекқызы
|
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының бас есепшісі. |
|
Каюпов Дархан |
«Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы.
|
|
Комиссия хатшысы:
Қосмамбетов Бақытжан Аралбайұлы |
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы. |
Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын, Комиссия төрағасы А.Кәрімов отырысқа 11 комиссия мүшесінен 9 адам, яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты.
КҮН ТӘРТІБІ:
Күн тәртібіндегі мәселелер тасымалдаушы компаниялардың өтініштері ескеріліп түзілді.
- «Радуга-транспорт» ЖШС 08.08.2025 жылғы №134 хатында «KZ» ЖШС газ метанның 1 текше метрінің бағасы 140 теңгеге қымбаттауына байланысты, тасымалдаушы қызмет көрсететін маршруттардың құнын қайта қарастыруды сұраған.
- «Shymkent Bus» БК» ЖШС 15.08.2025 жылғы №329 хатында «АГНКС Казахстан» ЖШС газ метанның 1 текше метрінің бағасы 139 теңгеге қымбаттағанын хабарлаған.
- «Туркестанская транспортная компания» ЖШС 03.07.2025 жылғы
№237 хатында «KZ» ЖШС құятын газ метан бағасын 135 теңгеге,
07.07.2025 жылғы №245 хатында «АГНКС Казахстан» ЖШС құятын газ метан бағасын 134 теңгеге, 07.08.2025 жылғы №295 хатында «KZ» ЖШС құятын газ метан бағасын 140 теңгеге, ал «АГНКС Казахстан» ЖШС құятын газ метан бағасын 134 теңгеге, 11.08.2025 жылғы №296 хатында «KZ» ЖШС құятын газ метан бағасын 140 теңгеге, ал «АГНКС Казахстан» ЖШС құятын газ метан бағасын
139 теңгеге, 11.08.2025 жылғы №298 хатында «KZ» ЖШС құятын газ метан бағасын 141 теңгеге қымбаттауына байланысты, тасымалдаушы қызмет көрсететін маршруттардың құнын қайта қарастыруды сұраған.
Өз кезегінде «KZ» ЖШС 06.08.2025 жылғы №30 хатпен 2025 жылдың
1 тамызынан бастап газ метан бағасын 141 теңгеге дейін көтеретіндігі туралы хабарлап, оның себебін «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент филиалының тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасының 1 текше метр үшін 53,04218 теңгеден 64,39412 теңгеге дейін қымбаттауымен және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан электр энергиясы бағасының көтергендігімен түсіндірген.
Одан бөлек, «АГНКС Казахстан» ЖШС 08.08.2025 жылғы №152 хатпен
11 тамызынан бастап газ метан бағасын 139 теңгеге дейін көтеретіндігі туралы хабарлап, оның себебін «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент филиалының тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасы мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы есебінен екендігін баяндаған.
Ұсыныс:
Газ-метанның бағасын «KZ» ЖШС үшін 141 теңге, ал «АГНКС Казахстан» ЖШС үшін 139 теңгеге өсіруді дауысқа салу ұсынылды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 1, «қарсы» – 8, «қалыс» - жоқ
Шешім: Кезекті комиссия отырысына Қаржылық мониторинг агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің департаментінің, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент филиалының, «KZ» ЖШС және «АГНКС Казахстан» ЖШС өкілдерін шақырып, газ метан бағасының қымбаттауының заңдылығын зерделеп, әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушы компаниялар үшін бағаны көтермеу мәселесі қарастырылсын.
Тасымаладушы «Т-Bus» ЖШС 17.06.2025 жылғы №99 және 17.06.2025 жылғы №100 хаттарында дизель бағасын 295 теңгеге, 08.08.2025 жылғы №149 хатында дизель бағасын 308 теңгеге, 13.08.2025 жылғы №152 хатында дизель бағасын
309 теңгеге және 29.08.2025 жылғы №157 хатында «Sinooil» ЖШС жанармай құю бекетінде дизель отынының сатып алу бағасы 314 теңгеге көтерілуіне байланысты бекітілген дизель бағасын 314-ке көтеруді сұраған. Бұл ретте, «Т-Bus» ЖШС келісім шартқа сәйкес «Sinooil» ЖШС жанармай құю бекетінен дизель отынын
306 теңгеден алуда.
Ұсыныс:
Дизель бағасын 314 теңгеге өсіруді дауысқа салу ұсынылды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 1, «қарсы» – 8, «қалыс» - жоқ
Шешім: Кезекті комиссия отырысына жанармай құю бекеттері мен тасымаладушы мекемелер арасындағы келісім шарттарына сәйкес дизель бағасы ұсынылсын. Сондай-ақ, құзырлы мекемелермен бірлесіп жанармай құю бекеттері тарапынан әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар үшін дизель отынының бағасын қымбаттатпау мәселесі қарастырылсын.
Тасымаладушы «Shymkent Bus Service» ЖШС 14.08.2025 жылғы №72 хатында жанармай құю бекетінде газ пропан отынының сатып алу бағасы 102 теңгеге көтерілуіне байланысты бекітілген газ пропан бағасын 102 теңгеге көтеруді сұраған.
Ұсыныс:
Газ пропан бағасын 102 теңгеге өсіруді дауысқа салу ұсынылды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 1, «қарсы» – 8, «қалыс» - жоқ
Шешім: Құзырлы мекемелермен бірлесіп газ құю бекеттері тарапынан әлеуметтік мәні бар бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар үшін пропан газ бағасын қымбаттатпау мәселесі қарастырылсын.
Тасымаладушы «T-BUS» ЖШС 04.08.2025 жылғы №144 хатына сәйкес,
№18, №44 маршруттарындағы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында, лизингке жаңа автобустар алуына байланысты, субсидия есебін қайта қарастыруды сұраған.
Келісім шарт талабына сәйкес, тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында Zhong Tong маркалы 18 дана автобусты ағымдағы жылдың шілде айында лизингке сатып алған. Лизинг шарты ұсынылды. «T-BUS» ЖШС (Лизинг алушы) 2025 жылғы 23 мамырдағы №874/CL/23-05 сатып алу-сату шартына сәйкес 2024 жылы шығарылған Zhong Tong LCK 6105 HG маркалы автобустардың әрқайсысын 75 500 000 теңгеден сатып алған.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа автобустар №18 маршрутқа 10 кестемен және №44 маршрутқа 8 кестемен қызмет көрсетуде. Аталған
18 автобусты есепке алған кезде болжаммен субсидия көлемі айына 79 млн. теңгеден 112,9 млн. теңгеге дейін өсетін болады.
Бұл ретте, «Автоимпульс» ЖШС (Лизинг алушы) 2025 жылғы 18 мамырдағы №767/CL/18-03 сатып алу-сату шартына сәйкес 2025 жылы шығарылған Zhong Tong LCK 6105 HG маркалы автобустардың әрқайсысын 61 500 000 теңгеден сатып алғанын назарларыңызға жеткіземіз.
Ұсыныс:
«T-BUS» ЖШС жаңадан алған автобустарын №18, №44 маршруттарының субсидия есебін 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап енгізуді дауысқа салу ұсынылады.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 1, «қарсы» – 8, «қалыс» - жоқ
Шешім: «T-BUS» ЖШС-нің лизингке алған жаңа автобустарының бағасының қымбат көрсетілуіне қатысты туындаған мәселе бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хат жолдансын. «T-BUS» ЖШС №18, №44 маршруттарының субсидия есебі Агенттіктің жауабына сәйкес қаралсын.
«Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Шымкент қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2016 жылдың 1 мамырынан бастап 70 теңге болып бекітілген. Содан бері елімізде және қала көлемінде елеулі экономикалық өзгерістер орын алып, халықтың күнкөріс деңгейінің көрсеткіші бірнеше есе артты. Одан бөлек, жанар-жағармай материалдарының құны, қосалқы бөлшектердің бағасы және техникалық қызмет көрсету шығындары айтарлықтай қымбаттады.
Қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың нақты шығындарын толық жаппайтыны белгілі. Қызметті тұрақты әрі сапалы деңгейде сақтау үшін тарифті қазіргі экономикалық жағдайға сәйкестендіру қажеттілігі туындауда. Тариф көтерілген жағдайда мемлекет тарапынан тасымалдаушыларға төленетін субсидия көлемі азайып, бюджетке түсетін жүктемені төмендетеді.
Жоғарыда айтылған негізінде тарифті қайта қарау қажеттігі туындауда.
«Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесі» арқылы жасалған тасымалдаушылардың есептеріне сәйкес қазіргі уақытта орташа тариф
719,31 теңгені, ең төменгі 265,92 теңге (№12 маршрут), ең жоғары 2 012,64 (№143 маршрут) теңгені құрайды.
Ұсыныс:
Шымкент қаласының автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін
2026 жылдан бастап қайта қарауды дауысқа салу ұсынылды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
«Тоғыс» тұрғын алабы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес жаңа автобус маршруты ұйымдастыру жоспарлануда. Маршрут екі ай бойы қызмет көрсетіп, субсидиялауға қажетті шығындары туралы есебін тапсырады. Содан соң, басқарма тарапынан заңнамаға сәйкес, маршрутты конкурсқа шығару бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Ұсыныс:
Жаңа автобус маршруты 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына» сәйкес уақытша ұйымдастыруды дауысқа салу ұсынылды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты және қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен шағымдарға сәйкес, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде бір қатар маршруттардың сызбаларына өзгерістер енгізілді:
- №171 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы 200 м ұзарып, «Алтын орда» шағын ауданның жолаушылар ағыны өсуіне байланысты қосымша 2 кесте қосылып, 12/7 кестеден 13/8 кесте болуына байланысты субсидия көлемі өсуде;
- №206 шағын автобус маршруттың жолаушылар ағыны өсуіне байланысты қосымша 3 кесте қосылып, 5/3 кестеден 7/4 кесте болуына байланысты субсидия көлемі өсуде;
- №2 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес 2,4 шқ. ұзарып, субсидия көлемі өсуде;
- №19 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы әуежайдың жаңа терминалын қосымша маршрутпен қамтамасыз ету мақсатында 4,8 шқ. ұзарып, субсидия көлемі өсуде;
- №108 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Асар» шағын аудан тұрғындарының өтініштеріне сәйкес 2,1 шқ. ұзарып, субсидия көлемі өсуде;
- №12 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Жиделі» шағын аудан тұрғындарының өтініштеріне және көлік логистикалық орталығына (ТЛЦ) дейін 4,8 шқ. ұзаруына баланысты, субсидия көлемі өсуде;
- №9 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы №146 мектепке дейін 1,9 шқ. ұзаруына баланысты, субсидия көлемі өсуде;
- №52 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы айналма маршруттан тікелей маршрутқа өзгеруіне баланысты, субсидия көлемі қысқарады.
Ұсыныс:
Маршрут сызбаларының өзгеруі және қосымша кестелер қосылуын дауысқа салу ұсынылды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ