Протокол заседания комиссии по определению тарифа и стоимости маршрута.

Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Шымкент қаласы                                        № 2                           28 мамыр 2025 жыл

 

Комиссия құрамы:

 

Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия төрағасы.

 

Ибрагимов
Ролан Бекмағамбетұлы

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары.

 

Есқараев

Ерлан Бастарұлы

Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың басшысы.

 

Жанзахов Досымхан Несіпбайұлы

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары.

 

Парманов Бұхарбай Рыскұлұлы

 

Шымкент қаласының қоғамдық кеңес төрағасы.

Қамбаров

Қайыпбек Жаулбайұлы

 

«Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы.

Байсариева

Гүлмира Сапарбекқызы

 

«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының бас есепшісі.

Каюпов Дархан

«Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы.

 

Мамедов 
Али Агитович

«Шымкент қаласы бойынша автокөлік және жол мекемелердің локалдық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Комиссия хатшысы:

 

Қосмамбетов  Бақытжан Аралбайұлы

 

 

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.

 

Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын,  Комиссия төрағасы А.Кәрімов, отырыстың кворумы жиналуына байланысты
11 комиссия мүшесінен 9 адам, яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Газ метан бағасын қайта қарау.
  2. Газ пропан бағасын қайта қарау.
  3. Тасымалдаушылардың лизингке жаңа автобустар алуына байланысты, есептерін қайта қарау.
  4. №5, №7 жаңа автобус маршруттарының жұмысын ұйымдастыру.
  5. Маршруттардың сызбаларына және кестелеріне өзгеріс енгізу мәселесін қарау.
  6. Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткіштерін қайта қарау.
  7. Жүргізушілерге аударылатын әлеуметтік төлемдер көрсеткішін қайта қарау.

 

  1. Газ метан бағасын қайта қарау.

Бүгінгі таңда, «KZ» ЖШС құятын газ метанның 1 текше метрінің бекітілген бағасы 126 теңгені құрайды. «KZ» ЖШС 2025 жылғы 4 сәуірдегі №8 хатпен ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап газ метан бағасын 131 теңгеге дейін көтеретіндігі туралы хабарлап, оның себебін «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент филиалының тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасының 1 текше метр үшін 52,211 теңгеден 53,042118 теңгеге дейін қымбаттауымен түсіндірген.

Сонымен қатар, «АГНКС Казахстан» ЖШС құятын газ метанның 1 текше метрінің бекітілген бағасы 125 теңгені құрайды. «АГНКС Казахстан» ЖШС
2025 жылғы 18 сәуірдегі №132 хатпен 25 сәуірден бастап газ метан бағасын
129 теңгеге дейін көтеретіндігі туралы хабарлап, оның себебін «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шымкент филиалының тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасы мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы есебінен екендігін баяндаған.

Шешім:

Газ-метанның бағасын «KZ» ЖШС үшін 126 теңге, ал «АГНКС Казахстан» ЖШС үшін 125 теңгеде белгіленген көлемінде қалдыру ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – 1, «қалыс» - жоқ

 

  1. Газ пропан бағасын қайта қарау.

Бүгінгі таңда, газ-пропанның 1 текше метрінің бекітілген бағасы 70 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы
29 қаңтардағы №45-н/қ бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша газ-пропан бағасы – 90 теңге болып бекітілді. Қалада жолаушылар тасымалдаушы 40 шағын автобус газ-пропанмен қызмет көрсетеді. Бұл ретте, тасымалдаушы «Shymkent Bus Service» ЖШС 03.02.2025 жылғы №5 және «Сайрам ЖТС» ЖШС 19.05.2025 жылғы

№15 хаттарына сәйкес, газ-пропанның 1 текше метрінің 90 теңге болып қымбаттауына байланысты бекітілген газ бағасын өзгертуді сұраған.

Шешім:

Газ пропанның бағасын белгіленген 70 теңге көлемінде қалдыру ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – 1, «қалыс» - жоқ

 

  1. Тасымалдаушылардың лизингке жаңа автобустар алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

 

3.1 «МиР и Со» ЖШС шағын автобустарды лизингке алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 6 дана Газель Next маркалы шағын автобусты лизингке сатып алған. Лизинг шарттары ұсынылды. Аталған шағын автобустар мамыр айынан бастап маршрутқа шығарылды.

Казіргі таңда маршрут 9 кестемен қызмет көрсетуде, субсидия көлемі айына шамамен 25,2 млн. теңгені құрайды. Аталған 6 шағын автобусты есепке алған жағдайда болжаммен субсидия көлемі 26,1 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Шешім:

«МиР и Со» ЖШС №102 маршрутына алған жаңа шағын автобустарын
2025 жылдың маусым айынан бастап субсидия есебіне енгізу ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

3.2 «Shymkent Bus Service» ЖШС  шағын автобустарды лизингке алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Қаламыздың орталығынан шалғай орналасқан «Бадам-2», «Елтай», «Айнатас», «Жыланбұзған» елдімекендері тұрғындарының өтініштеріне сәйкес  №143, №144 шағын автобус маршруттарына қосымша кесте қосу қажеттілігі туындап, ағымдағы жылдың сәуір айында тасымалдаушы 15 Газель Next маркалы шағын автобусты лизингке сатып алған. Лизинг шарттары ұсынылды. Аталған шағын автобустар мамыр айынан бастап маршрутқа шығарылды.

Казіргі таңда №142 маршрут 5 кестемен,  №143 маршрут 7 кестемен,
№144 маршрут 20 кестемен қызмет көрсетуде, субсидия көлемі айына 94,4 млн. теңгені құрайды. Аталған шағын автобустарды есепке алған жағдайда болжаммен субсидия көлемі 100,5 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Шешім:

Shymkent Bus Service» ЖШС жаңадан алған шағын автобустарын
№142, №143 маршруттардың субсидия есебіне 2025 жылдың маусым айынан бастап енгізу ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

3.3 ЖК Абдуганиев автобустарды лизингке алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Келісім шарт талабына сәйкес, тасымалдаушымен жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында лизингке SAZ LE60 маркалы 4 дана автобус сатып алынған. Лизинг шарты ұсынылды. Автобустарды ағымдағы жылдың  маусым айынан бастап маршрутқа шығару жоспарлануда.

Қазіргі таңда №32 маршрут 8 кестемен және №30 маршрут 10 кестемен қызмет көрсетуде, №30 маршруттың субсидия көлемі айына 35,6 млн. теңге,
№32 маршруттың субсидия көлемі айына 30,6 млн. теңгені құрайды. Аталған
4 автобусты есепке алған кезде №30 маршруттың субсидия көлемі шамамен
41,4 млн. теңгеге дейін ал, №32 маршруттың субсидия көлемі шамамен 35,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Шешім:

ЖК Абдуганиев жаңадан алған автобустарын №30, №32 маршруттардың субсидия есебіне 2025 жылдың маусым айынан бастап енгізу ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

3.4 «Сайрам ЖТС» ЖШС-ның  шағын автобустарды сатып алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Келісім шарт талабына сәйкес, тасымалдаушымен жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында 7 дана Газель Next маркалы шағын автобус сатып алынған. Шағын автобустарды маусым айынан бастап маршрутқа шығару жоспарлануда.

Казіргі таңда маршрут 5 кестемен қызмет көрсетуде және субсидия көлемі айына 8,7 млн. теңгені құрайды. Жоғарыда аталған шағын автобустарды есепке алған кезде шамамен субсидия көлемі шамамен 16,5 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Шешім:

«Сайрам ЖТС» ЖШС жаңадан алған шағын автобустарын
№206 маршруттың субсидия есебіне 2025 жылдың маусым айынан бастап енгізу ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

3.5 «Автоимпульс» ЖШС автобустарды лизингке алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Келісім шарт талабына сәйкес, тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында Zhong Tong маркалы 5 дана автобус лизингке сатып алынған. Лизинг шарты ұсынылды. Автобустарды ағымдағы жылдың маусым айында Шымкентке жеткізіп, шілде айынан бастап маршрутқа шығару жоспарлануда.

Қазіргі таңда маршрут 13 кестемен  қызмет көрсетуде, субсидия көлемі айына 50,6 млн. теңгені құрайды. Аталған 5 автобусты есепке алған кезде субсидия көлемі айына болжаммен 69,2 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Шешім:

«Автоимпульс» ЖШС жаңадан алған автобустарын №69 маршруттың субсидия есебіне 2025 жылдың шілде айынан бастап енгізу ұсынылады. Тасымалдаушы аталған автобустарды шілде айында маршрутқа шығарып үлгермеген жағдайда, автобустар бағытқа шыққан уақытынан бастап субсидия есебіне енгізілетін болады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

3.6 «Ман Оңтүстік» ЖШС автобустарды сатып алуына байланысты, есептерін қайта қарау.

Келісім шарт талабына сәйкес, тасымалдаушымен жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында 3 дана Ютонг маркалы автобус сатып алуда. Автобустарды ағымдағы жылдың маусым айында қалаға жеткізіп, шілде айынан бастап маршрутқа шығару жоспарлануда.

Казіргі таңда №149 маршрут 10 кестемен қызмет көрсетуде және субсидия көлемі айына 45,2 млн. теңгені құрайды. Жоғарыда аталған автобустарды есепке алған кезде шамамен субсидия көлемі 47,5 млн. теңгеге дейін өсетін болады.

Шешім:

«Ман Оңтүстік» ЖШС жаңадан алған автобустарын №149 маршруттың субсидия есебіне 2025 жылдың шілде айынан бастап енгізу ұсынылады. Тасымалдаушы аталған автобустарды шілде айында маршрутқа шығарып үлгермеген жағдайда, автобустар бағытқа шыққан уақытынан бастап субсидия есебіне енгізілетін болады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

  1. №5, №7 автобус маршруттарының жұмысын ұйымдастыру.

Жаңадан ашылған №5 маршруттың жұмысы ағымдағы жылдың
18 наурызынан бастап «Құрсай» шағын аудан тұрғындарының өтініштеріне сәйкес және №7 маршруттың жұмысы ағымдағы жылдың 7 мамырынан бастап «Текесу» тұрғын алабы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес ұйымдастырылды. Маршрут екі ай бойы қызмет көрсетіп, субсидиялауға қажетті шығындары туралы есебін тапсырады. Содан соң, басқарма заңнамаға сәйкес, маршруттарды әлеуметтік маңызы бар тасымалдаулар тізіміне енгізу үшін тиісті жұмыстарды атқарады.

 

 

Шешім:

№5 «Құрсай ш.а. – Республика даңғылы» және №7 «Текесу тұрғын алабы – Ордабасы алаңы» автобус маршруттары 2015 жылғы 26 наурыздағы
№349 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына» сәйкес уақытша ұйымдастыру.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

  1. Маршруттар сызбаларының өзгертілуіне және қосымша кесте қосылуына байланысты есептерді қайта қарау.

Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты және қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен шағымдарға сәйкес, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) мен «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде бір қатар маршруттардың сызбаларына өзгерістер енгізілді:

- №149 автобус маршрутының кестесі «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосылуына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- №12 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы әуежайдың жаңа терминалына дейін созулуына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- №171 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Бозарық» шағын аудан (ауыл) тұрғындарының өтініштеріне сәйкес сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өседі;

- №30 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы ұзарып, «Сайрам» тұрғын алабы тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 2 кесте қосылуына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- №69 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы қысқаруына байланысты, субсидия көлемі азаяды;

- №61 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы қысқаруына байланысты, субсидия көлемі азаяды;

- №104 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы «Жарық» ТҮК дейін ұзаруына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- №102 шағын автобус маршрутының сызбасы ұзарып, жолаушылар ағыны өсуіне байланысты қосымша 2 кесте қосылуына байланысты субсидия көлемі өседі;

- №21 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы жаңадан ашылған «Қазығұрт» автобекеті арқылы ұйымдастырылуына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- 34 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы жаңадан ашылған «Қазығұрт» автобекеті арқылы ұйымдастырылуына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- №56 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы жаңадан ашылған «Қазығұрт» автобекеті арқылы ұйымдастырылуына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- №60 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы жаңадан ашылған «Қазығұрт» автобекеті арқылы ұйымдастырылуына байланысты, субсидия көлемі өседі;

- №16 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Ақназар хан және Сайрам көшелерінің қиылысындағы көпірдің жөндеу жұмыстарына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өседі.

Шешім:

Маршрут сызбаларының өзгеруі және қосымша кестелер қосылуы ұсынылады.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ

 

  1. Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткішін қарау.

Қағиданың 30-тармағының 7-тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автокөлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасы бойынша көлік және қоймалау саласындағы бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының (бұдан әрі – ОАНЖ) деңгейіне қатысты белгіленеді.

Қазақстан Республикасы бойынша ОАНЖ-дан жоғары ОАНЖ бар өңірде өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген осы өңір бойынша ОАНЖ қолданылады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Шымкент қаласы бойынша (І тоқсан
2025 жыл)
аталған көрсеткіш 595 807 теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша (І тоқсан 2025 жыл) аталған көрсеткіш 579 770 теңгені құрайды.

Бұл ретте, 2024 жылдың желтоқсан айында 2025-2027 жылдардың бюджетін нақтылау барысында субсидия есебінде Ұлттық статистика бюросының Қазақстан Республикасы бойынша (ІІ тоқсан 2024 жыл) 509 154 теңге болып белгіленді .

Шешім:

Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткішін, субсидия есебінде 2025 жылдың 22 қаңтарында тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген 509 154 теңге көлемінде қалдыру.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – 1, «қалыс» - жоқ

 

 

 

  1. Жүргізушілерге аударылатын әлеуметтік төлемдер көрсеткішін қарау.

Тасымалдаушы көлік компаниялары 2025 жылға жүргізушілерге аударатын төмендегі әлеуметтік төлемдердің көрсеткіштерін 14%-дан 17,5%-ға өсіруді сұрауда:

- әлеуметтік салық мөлшері-9,5%;

- әлеуметтік аударымдар мөлшері-3,5%;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары-3,0%;

- жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен-1,5%.

Сонымен қатар, Басқарма тарапынан Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша сұраныс хат жолданды. Алынған жауапқа сәйкес әлеуметтік төлемдердің көрсеткіштері:

- Әлеуметтік салық мөлшері-11% (оның ішінде, әлеуметтік салық-6%, әлеуметтік аударымдар-5%);

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары-3,0%;

- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы -2,5% екендігі және

барлығын қосқанда 16,5% құрайтындығы анықталды.

Бұл ретте, 2024 жылдың желтоқсан айында 2025-2027 жылдардың бюджетін нақтылау барысында субсидия есебінде 14% белгіленді.

Шешім:

жүргізушілерге аударылатын әлеуметтік төлемдер көрсеткішін
14% көлемінде қалдыру.

ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:

«қолдау» – 8, «қарсы» – 1, «қалыс» - жоқ

 

 

 

Комиссия төрағасы

 

 

_________________

 

А. М. Кәрімов

 

Комиссия хатшысы

 

_________________

 

 

Б. А. Космамбетов

 

 

Комиссия мүшелері

 

 

_________________

 

Р. Б. Ибрагимов

 

 

 

_________________

 

 

Б. Р. Парманов

 

 

 

_________________

 

 

Е. Б. Есқараев

 

 

 

_________________

 

 

Д. Н. Жанзахов

 

 

 

_________________

 

 

Қ. Ж. Қамбаров

 

 

 

_________________

 

 

Г. С. Байсариева

 

 

 

_________________

 

 

Д. Каюпов

 

 

_________________

 

 

А. А. Мамедов

 

Хаттама
Дата публикации
30 мая 2025