Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Шымкент қаласы № 1 22 қаңтар 2025 жыл
Комиссия құрамы:
|
Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы |
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия төрағасы.
|
|
Ибрагимов |
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары.
|
|
Есқараев Ерлан Бастарұлы |
Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарманың басшысы.
|
|
Сүттібаев Шерзат Анарқұлұлы |
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары.
|
|
Аширбаев Батырбек Мырзакелдіұлы
|
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты. |
|
Қамбаров Қайыпбек Жаулбайұлы
|
«Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы. |
|
Каюпов Дархан |
«Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы.
|
|
Әлтеев Бауыржан |
Шымкент қаласының қоғамдық кеңес төрағасы. |
|
Комиссия хатшысы:
Космамбетов Бакытжан Аралбаевич |
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы. |
Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын, Комиссия төрағасы А.Кәрімов, отырыстың кворумы жиналуына байланысты
11 комиссия мүшесінен 8 адам, яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты.
КҮН ТӘРТІБІ:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (әрі қарай – Қағида) 25.08.2015ж.
№883 бұйрығының 30 тармағына сәйкес, диспетчерлік сүйемелдеу жүйесі операторының қызметтері үшін кететін шығындар субсидия есебінен өтелуі қарастырылған. Бүгінгі таңда, диспетчерлік сүйемелдеу операторы ретінде «Smart mоbility» ЖШС-нің (әрі қарай – Оператор) «Avtobys» диспетчерлік сүйемелдеу жүйесін енгізу қарастырылуда. Бұл ретте, аталған мәселе тасымалдаушылардың басқармаға жолдаған хаттары негізінде бүгінгі комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілді.
Диспетчерлік сүйемелдеу жұмысы көлік жүйесін тиімді басқарудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бұл ретте, жүйе көлік қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап, кестелердің сақталуын реттеу, жолаушыларға тұрақты және сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, аялдамаларға тоқтау немесе тоқтамау функциясы арқылы көлік қозғалысы жолаушылар қажеттілігіне бейімдеу, диспетчерлік сүйемелдеу тұрақтылық пен жүйелілікті қамтамасыз ету арқылы тасымалдау сапасының артуы күтіледі.
Шешім:
Тасымалдаушылардың диспетчерлік жүйе оператордың қызметтеріне жұмсалатын шығындарын (4%) бюджет есебінен субсидиямен өтеу.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Қағиданың 30-тармағының 7-тармақшасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автокөлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасы бойынша көлік және қоймалау саласындағы бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының (бұдан әрі – ОАНЖ) деңгейіне қатысты белгіленеді.
Қазақстан Республикасы бойынша ОАНЖ-дан жоғары ОАНЖ бар өңірде өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген осы өңір бойынша ОАНЖ қолданылады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Шымкент қаласы бойынша (ІІІ тоқсан 2024 жыл) аталған көрсеткіш 467 169 теңгені құрайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша (ІІІ тоқсан 2024 жыл) аталған көрсеткіш 531 960 теңгені құрайды.
Өз кезегінде, 2024 жылы Шымкент қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін нақтылау барысында субсидия есебі Ұлттық статистика бюросының Қазақстан Республикасы бойынша (ІІ тоқсан 2024 жыл) 509 154 теңге көрсеткішіне сәйкес бекітілген.
Шешім:
Жүргізушілердің орташа айлық көрсеткішін субсидия есебінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы бойынша (ІІ тоқсан 2024 жыл) белгіленген 509 154 теңге ретінде белгілеу.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Қоғамдық көліктің сызбасын жайлы мектеп арқылы ұйымдастыру мақсатында және қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен шағымдарына сәйкес, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) мен «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде бір қатар маршруттардың сызбаларына өзгерістер енгізілді:
- №43 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы 276 орамда «Жайлы мектеп» жобасы аясында №143 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өсті;
- №149 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы Алматы тас жолы жөндеу жұмыстары жүруіне байланысты уақытша сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өсті;
- №191 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Жұлдыз» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №142 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өсті;
- №122 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Жұлдыз» шағын ауданындағы №142 «Жайлы мектепке» дейін сызбасы ұзарып және қосымша
2 кесте қосылуына байланысты, субсидия көлемі өсті;
- №55 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Ынтымақ-2» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №140 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өсті;
- №45 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Нұршуақ» шағын ауданындағы №149 «Жайлы мектепке» дейін сызбасы ұзарып және қосымша 1 кесте қосылуына байланысты, субсидия көлемі өсті;
- №42 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы Бәйдібек би даңғылы – Назарбаев даңғылы қиылысында кері бұрылуға тиым салуына байланысты сызбасы өзгерді;
- №92 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Нұрсат» шағын ауданында Айналма жолдан Қонаев мектебіне дейін ұзаруына байланысты субсидия көлемі өсті;
- №16 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы 276 орамның ішінде Несібе көшесіне дейін ұзаруына байланысты субсидия көлемі өсті;
- №139 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Сайрам» тұрғын алабында Сареми көшесінен Жаңа құрылыс көшесіне дейін ұзаруына байланысты субсидия көлемі өсті;
- №150 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Достық» шағын ауданында Мұзтау көшесінде жол жөндеу жұмыстары аяқталып, бұрынғы сызбасымен (ұзарады) қайта жүруіне байланысты, субсидия көлемі өсті.
- №68 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Қызылжар» тұрғын алабы Бершінтөбе көшесіне дейін сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өсті.
- №147 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Ақжар» тұрғын алабында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №147 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өседі;
- №61 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Ұлағат» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №150 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өседі;
- №171А автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Бозарық» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №146 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өседі.
- №56 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Нұртас» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №145 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өседі.
- №114 автобус маршруттың қозғалыс сызбасы «Нұртас» шағын ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында №145 мектептің ашылуына байланысты сызбасы ұзарып, субсидия көлемі өседі.
Шешім:
Жоғарыда көрсетілген маршрут сызбалары өзгертілсін және қосымша кестелер қосылсын.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 8, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
|
Комиссия төрағасы
|
_________________ |
А. М. Кәрімов |
|
Комиссия хатшысы |
_________________
|
Б. А. Космамбетов
|
|
Комиссия мүшелері
|
_________________ |
Р. Б. Ибрагимов |
|
|
_________________
|
Е. Б. Есқараев
|
|
|
_________________
|
Ш. А. Сүттібаев
|
|
|
_________________
|
Б. М. Аширбаев
|
|
|
_________________
|
Б. Әлтеев
|
|
|
_________________
|
Д. Каюпов |
|
|
_________________
|
Қ. Ж. Қамбаров
|
СҰРАҚ-ЖАУАПТАР: