«БЕКІТЕМІН»
конкурстық комиссия төрағасы,
_______________Р. Ибрагимов
«_____»____________2024 жыл
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты облысаралық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның
2024 жылғы 26 желтоқсандағы отырысының
Х А Т Т А М А С Ы
Қатысқандар:
Ш. Сүттібаев - комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасары;
Н.Жамашов – Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары;
С. Жақсылықов – Шымкент қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы;
Д. Каюпов - «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы;
Ә. Жарымбетов - Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы.
Конкурсқа 3 лотта орналасқан 3 бағыт шығарылды
№1 лот бойынша:
«Шымкент – Дербес ауылы» (Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам е/м) автобус бағыты (Түркістан облысының тасымалдаушысымен паритеттік негізде) бойынша «Асыл» ЖШС мен «Голден и Ко» ЖК өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.
«Асыл» ЖШС-ның конкурстық құжаттарын қарау барысында өндірістік базасын пайдалану үшін келісімшарт негізінде алған базасын, ал әкімшілік ғимаратын пайдалану үшін екінші мекенжайдағы жеке базасын ұсынғаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының
162 тармағы, 3 тармақшасына сәйкес, автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының 7-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін маршрут өтетін елді мекеннің аумағында орналасқан жылжымалы құрамды (шарт бойынша меншікті, жалға алынған немесе қызмет көрсететін) сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның болуы міндеттелген.
Конкурстық комиссия мүшелері конкурс алдындағы комиссияның анықтамасын қарау бойынша бірлесе шешім қабылдады. Конкурс алдындағы комиссияның құжаттарына, оның ішінде анықтамаға сәйкес «Асыл» ЖШС-нің конкурстық ұсыныстарында жылжымалы құрамдардың «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. Алайда, «Асыл» ЖШС конкурстық құжаттамада екі базаны ұсынуына байланысты конкурс алдындағы комиссия «Ерекше пікір» дайындаған.
Жоғарыда аталған Қағида талаптары және конкурс алдындағы комиссияның шешімі бойынша комиссия мүшелері талқылау жүргізді. Нәтижесінде, бағалау жұмыстарын жалғастыруға С. Жақсылықов, Н. Жамашов, А. Жаримбетов,
Д. Каюпов қолдау білдіріп, Ш. Сүттібаев қалыс қалды. Көпшілік басым дауыс шешімімен бағалау жүргізіліп, қатысушылардың жалпы жиынтық балдары анықталды:
«Асыл» ЖШС – 87,5 балл
«Голден и Ко» ЖШС – 67,5 балл
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 тармағына сәйкес, №1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Асыл» ЖШС танылды. «Шымкент – Дербес» автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығы «Асыл» ЖШС-не беру туралы шешім қабылданды.
Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.
№2 лот бойынша:
«Шымкент – Жаңатас» шағын автобус бағыты (Жамбыл облысының тасымалдаушысымен паритеттік негізде) бойынша жарияланған конкурсқа бiрде-бiр қатысушы тіркелмеді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының
5 параграфтың 179 тармағына сәйкес, конкурс өтпеген деп танылды.
№3 лот бойынша:
«Шымкент – Ақтөбе» автобус бағыты (Ақтөбе облысының тасымалдаушысымен паритеттік негізде) бойынша «Лидер-ДЕ» ЖШС және «Геоизол» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.
Қатысушылардың жалпы жиынтық балдары:
«Лидер-ДЕ» ЖШС – 74,5 балл
«Геоизол» ЖШС – 72 балл
Конкурс алдындағы комиссияның құжаттарына, оның ішінде анықтамаға сәйкес, «Лидер-ДЕ» ЖШС-нің конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау” Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 тармағына сәйкес, №3 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп «Лидер-ДЕ» ЖШС танылды. «Шымкент – Ақтөбе» автобус бағытына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығы «Лидер-ДЕ» ЖШС-не беру туралы шешім қабылданды.
Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.
|
Комиссия мүшелері: |
Р. Ибрагимов
|
|
|
Ш. Сүттібаев
|
|
|
Н. Жамашов |
|
|
С. Жақсылықов
Д. Каюпов
Ә. Жарымбетов |
|
Комиссия хатшысы |
С. Әділ |