Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2024 жылғы 2 тамыздағы отырысының Х А Т Т А М А С Ы  

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның

2024 жылғы 2 тамыздағы отырысының

Х А Т Т А М А С Ы

 

Қатысқандар:

Р. Ибрагимов – комиссия төрағасы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;

Ш. Сүттібаев – комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;

Н.Жамашов – Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары;

С. Жақсылықов – Шымкент қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы;

Д. Каюпов – «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы;

Ә. Жарымбетов – Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы.

 

Конкурсқа 1 лотта орналасқан 2 маршрут шығарылды

 

№1 лот бойынша:

№3 және №4 автобус бағыттары бойынша екінші рет «Shymkent Bus» БК» ЖШС өтінішін ұсынып, конкурстың қатысушысы ретінде тіркелді.

 

Қатысушының жалпы жиынтық балдары:

«Shymkent Bus» БК» ЖШС – 1159,8.

 

Конкурс алдындағы комиссияның құжаттарына, оның ішінде анықтамаға сәйкес, «Shymkent Bus» ЖШС-нің конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдары «Автомобиль  көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.

 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, №1 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп  «Shymkent Bus» БК» ЖШС танылды.

№3 және №4 автобус бағыттарына қызмет көрсетуге шарт түзу құқығын    «Shymkent Bus» ЖШС-не беру туралы шешім қабылданды.  

 Келісім шарттың мерзімін ұзарту құқығымен 5 жылға түзу ұсынылды.

 

 

 

Комиссия мүшелері:

 

 

 

Ш. Сүттібаев

 

Н. Жамашов

 

С. Жақсылықов

 

 

Д. Каюпов

 

Ә. Жарымбетов

 

Комиссия хатшысы                           

 

С. Әділ

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның 2024 жылғы 2 тамыздағы отырысының хаттамасы  
Дата публикации
27 августа 2024