"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) қозғалыс кестесі - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);
2) маршрут - белгілі бір бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттері арасында автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгіленген жүру жолы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Көлік министрінің 28.06.2024 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Көлік министрінің 28.06.2024 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.04.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.04.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.04.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Көлік министрінің 28.06.2024 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7-1. Көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес өтініш және құжаттар топтамасы келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің орындаушысы осы өтінішті және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқаратын адамға жібереді, ол көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын басшының жетекшілік ететін орынбасары және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы арқылы айқындайды.