Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

 1-тарау. Жалпы ережелер

       Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-18) тармақшасына, "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау және "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына куәлiкті беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ шетелдік және азаматтығы жоқ адам;

      2) шағын көлемдi кеменiң кеме жүргiзушiсi - шағын көлемдi кеменiң меншiк иесi болып табылатынына немесе оны өзге заңды негiзде басқаруына қарамастан, шағын көлемдi кеменi басқаратын және тиісті куәлiгi бар адам. Кеме жүргiзушiге кеме жүргiзуге оқытатын адам теңестiрiледi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1232 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 19.05.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға он сегіз жасқа толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.
  2. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).

      Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстар жергілікті атқарушы органдарда есепке алынуға жатады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелерді басқару құқығын беретін құжаттар болып табылмайды және шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік алуға аттестаттаудан өту кезінде ұсынылады.
  2. Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау кезінде компьютерлік кешеннің тестілеу бағдарламасымен емтихан өткізу арқылы өтініш берушілердің теориялық білімін тексеру жүзеге асырылады.

      Емтихандар қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша өткізіледі.

      Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктерді ресімдеуді жергілікті атқарушы органдар емтиханың оң нәтижесі болған жағдайда жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-тарау. Емтихандар тапсыруға жіберу тәртібі

       Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.12.2018 № 878 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – 1-өтініш) жібереді.

      Құжаттар портал арқылы жіберілген жағдайда, олар көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) жазылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.03.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар төлнұсқасы ұсынылады. Құжаттардың төлнұсқалары көшірмелермен салыстырып тексерілгеннен кейін өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың төлнұсқада ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынғаннан кейін өтініш берушіге "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

       Өтініш беруші "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсыну мәніне тексергеннен кейін, оны өтініш беруші үшін жұмыс орынымен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның үй-жайына (емтихан класына) емтихан тапсыруға осы Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жібереді. Өтініш берушіні емтиханға жіберу мерзімі Мемлекеттік корпорацияда өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) сағатты құрайды.

      Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ емтихан өткізілетін орны мен уақыты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу туралы хабарлама жіберіледі.

      Портал арқылы құжаттарды толық ұсынбау және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.

      Жергілікті атқарушы орган басшысының қолы қойылған өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды қағаз немесе құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.12.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін өтініш беруші мынадай талаптарды сақтауы тиіс:

      1) теріс нәтижесі бар соңғы емтихан тапсыру күнінен бастап жеті жұмыс күнінен кем емес – емтиханды қайта тапсыру уақыт интервалын;

      2) кеме жүргізуші курстарын қайталама және курстарды қайта аяқтау мерзімі он екі айдан аспау;

      3) он екi ай iшiнде емтихандарды үш реттен артық теріс нәтижемен тапсыру;

      4) жергілікті атқарушы органда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлікті (анықтаманы)* ұсынуы.

       ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;

      5) құжаттарды тапсыру барысында он сегіз жасқа толуы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Дата публикации
22 июля 2024