1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 23-16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау және "Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
- Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қолжетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.
- Субсидиялауға тарифтерін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) белгілейтін әлеуметтік маңызы бар қатынастары арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының шығындары жатады.
- Егер "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 болып тіркелген) бекітілген Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік маңызы бар қатынастарына арналған тариф арасындағы айырма жергілікті бюджеттен субсидияланбаса, онда тариф шамасын жергілікті атқарушы орган Әдістемеге сәйкес анықтаған жолаушыларды тасымалдау тарифі деңгейінде белгілейді.
2-тарау. Субсидиялауға жататын автомобиль көлігімен жолаушылардың әлеуметтік мәні бар тасымалдары және субсидиялар мөлшерлері
- Егер жергілікті атқарушы орган белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифінен төмен болса, аталған маршрут әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар санатына жатады.
- Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілдік органы айқындайтын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін жасайды.
- Тасымалдаушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін қағаз немесе электронды түрде, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есебін ұсынады.
- Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушы ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар хабарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы; әкiмнiң өкiмiмен маршруттың (ауданаралық (қала iшкi облыс iшi), аудан iшiндегi, қалалық (селолық) және қала маңы қатынасы) құнын айқындау жөнiндегi тарифтiк комиссияны немесе комиссияны (бұдан әрi – Комиссия) құрады.
Комиссияға жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары басшылық етеді. Комиссия құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың (жолаушылар көлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша уәкілетті), өңірдің өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палаталарының, заңды тұлғалардың автокөлік бірлестіктері мен қоғамдық бірлестіктердің, автомобиль көлігі саладағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың өкілдері (қарастырылып отырған маршрут ұйымдастырылған елді мекенде бар болса) кіреді. Комиссияның құрамына кәсіподақтардың, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіруі мүмкін. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өкілдерінің жалпы саны Комиссия құрамының жартысынан аспайды.
Комиссияның өкілеттік мерзімі бес жыл. Комиссияның өкілеттіктері аяқталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган Комиссияның құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және оны осы тармақтың талаптарына сәйкес әкімнің өкімімен бекітеді.
Комиссия отырыстары аудио және (немесе) бейнежазбаны пайдалана отырып, Комиссия төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен немесе қашықтан (қашықтықтан) форматта онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, Комиссия төрағасы мен мүшелері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қолданады.