Комиссия отырысының күн тәртібінде 10 мәселені қарау ұсынылды. Оның ішінде өзекті мәселенің бірі, тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту және отын шығынының базалық нормасын және газ пропан бағасын қайта қарау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне сәйкес, жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде №16, №66, №70, №71, №69 бағыттағы автобустардың сызбалары мен кестелеріне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.