Шымкент қаласыныңжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының«Диспетчерлік қызмет орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының«Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) диспетчерлiк қызмет көрсетуфункцияларынжүзеге асыру және Шымкент қаласының теміржол вокзалын күтіп ұстау үшін ұйымдық-құқықтықнысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық мемлекеттік мекеме.

«Шымкент қаласыныңжолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының«Диспетчерлік қызмет орталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі құру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы« »______№ __қаулысына сәйкес құрылған.

Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган–Шымкент қаласының әкімдігі болып табылады (әрі қарай - Мекеме).

Мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқару органы) жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеме өз қызметінКонституцияға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сонымен қатар осы жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі атауы: Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі атауы:Коммунальное государственное учреждение «Центр диспетчерской службы» управления пассажирского транспорта и автомобильных дороггорода Шымкент.

жарғы
Дата публикации
28 февраля 2024