Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы жүзеге асырылуда.
Аталған жобаны іске асыру мақсатында волонтерлер тарапынан азаматтармен анықталған жемқорлық фактілері бойынша мәліметтерді уәкілетті органдарға ұсыну жолдарын жеңілдетуге қатысты ұсыныстар келіп түсуде.
Осы орайда, «Әділдік жолы» РҚБ Шымкент қаласы бойынша филиалы тарапынан қала тұрғындарының сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы анонимді түрде хабарлай алатын брошюрасы әзірленді.