ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАРЫСЫНДА ОРЫН АЛҒАН КЕМШІЛІКТЕР ЖОЙЫЛУДА

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков ірі жол құрылыс нысандарын аралау барысында сонымен қатар, басқарма тарапынан зерделеу, сапаны бақылау кезінде анықталған кемшіліктерге жол бермей, жою жұмыстары тұрақты іске асырылады.

Осы орайда, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қонаев даңғылының жалғасын салу» нысанында жобада қаралған монолитті бетонды тірек қабырғасы беріктік өлшемі бойынша сәйкес келмейтіндігі анықталып, демонтаждау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Қазіргі таңда, қала әкімінің тапсырмасымен тірек қабырғасының 10 метр ұзындықта бұзылып, мердігер мекеме есебінен қайта істелуде.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан Айнабеков көшесінің жол жамылғысына орташа жөндеу жұмысары жүргізілу барысында, 700 метр жиектастың сметалық құжатамаға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Кемшіліктерді жою мақсатында жиектас бұзылып, қайта салынды.

Жалпы, қала аумағындағы жол құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда орын алған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
30 ноября 2023