ҚаҺарман көшесінің бойында орналасқан №10 емхана алдына әлеуметтік маңызы бар нысан болуына байланысты, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергісі орнатылды. Сонымен қатар, тиісті жол белгілері қойылды.
Сондай-ақ, тұрғындардың өтініштерін орындау мақсатында айқындалған аялдама орындарына жол белгісі орнатылды.
Басқарма тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жоспарға сәйкес іске асырылуда екенін мәлімдейміз.