Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-қимыл жоспарының 1-тармағына сәйкес Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған
ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар)
бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, жергілікті
атқарушы органдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10
шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша)
Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісу бойынша) жылына екі рет, есепті
кезеңнен кейінгі айдың 25-і күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының
Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (
келісу бойынша) жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
22 августа 2023