2020 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді Схемасы бекітілген. Схемамен қаралған маршруттық желісіне сәйкес, 78 маршруттың жұмысы ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда, әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар тізімімен 75 маршрут айкындалған. Аталған автобус маршруттары субсидиялау есебінен қала аумағын, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтарды тұрақты түрде қамтиды.
Шымкент қаласында жалпы резервпен қоса 1000-ға жуық автобус тіркелген және 10 көлік компания жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді.