Шымкент қаласының автомобиль жолдары бойынша мәлімет

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде:

Асфальтбетон жабынды – 2189,5 шқ

Шағал тас – 935,6 шқ

Топырақ жол – 122,5 шқ.

Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 67,4% пайызды құрайды.

Жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу жоспарланған.

Осыған орай, ағымдағы жылы 300 шақырымнан астам жолға құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде қайта құру, күтіп ұстау, орташа жөндеу, құрылыс, шағал тас төсеу және күрделі жөндеу жұмыстары.

Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізу жоспарлануда. Оның 24 көшесі көлік ағыны жоғары әрі, қоғамдық көлік қатынайтын орталық магистрал көшелер. Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Іс-шараға сәйкес магистралды көшелерге сонымен қатар, елді мекендердің ішкі орам көшелеріне басымдылық берілуде.

Шымкент қаласының автомбиль жолдары
Дата публикации
10 июня 2023