Ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде және бағалау қорытындылары бойынша комиссия шешімі

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссиясы қорытынды отырысының

 

 

№ 2 хаттамасы

Шымкент қаласы                                                                                     18.02.2021 ж.

 

Қатысқандар:

Комиссия төрағасы: Т. Тулегенов; 

Комиссия мүшелері: М.Баимбетов, М.Коканбаев, Д.Айнакулова, Н.Сугралиев;

Комиссия хатшысы: Н. Крыкпаев.

 

 

        КҮН ТӘРТІБІ:

 

         Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасының ұйымдастыру және заң бөлімінің бас маман – заңгері                 (D-O-4 санаты, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысушылар арасынан кандидатты анықтау туралы.

 

         Тыңдалды: Т.Тулегенов – «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын басшылыққа ала отырып, қатысушылармен 2021 жылғы 18 ақпан күні әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары (бейне таспа) көмегімен белгіленді.

         Әңгімелесу отырысына:

         ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаметінің мемлекеттік қызмет басқармасының жетекші маманы Сапарбаев Бекжан Ержанұлы (онлайн режимінде) және Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы Дархан Бауыржанович  Куанышбеков қатысты.

         Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген 1 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған конкурсқа 3 кандидат құжаттарын тапсырғанын,              Асанов Мейіржан Абдіраймұлы сұхбаттасудан бас тартқанын баяндап өтті. Қатысушы үміткерлер бойынша ұсыныс енгізуді ұсынды.

 

         Т.Тулегенов – Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыру және заң бөлімінің бас маман – заңгері (D-O-4 санаты, 1 бірлік) лауазымына конкурсқа құжат тапсырған кандидаттар: Ж.Қорғанбек, Б.Мұсаев сұхбаттасуға (онлайн режимінде) қатысты. Аталған сұхбаттасу барысында кандидаттардың берген жауаптарын бағалауды ұсынды. Бағалау нәтижесінде, комиссия төрағасы және комиссия мүшелерінің бағалау парақтарында Жанайдар Тілегенұлы Қорғанбектың баллы жоғары болды.

       

          Ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде және бағалау қорытындыларына қарап комиссия

ШЕШТІ:

 

  1. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовқа Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыру және заң бөлімінің бас маман - заңгері (D-O-4 санаты, 1 бірлік) лауазымына Жанайдар Тілегенұлы Қорғанбектың кандидатурасы ұсынылсын.

         

 

 

Комиссия төрағасы:

  

Т. Тулегенов

 

Комиссия мүшелері:

 

М.Баимбетов

 

М.Коканбаев

 

Д. Айнакулова

 

Н. Сугралиев

 

Хатшы:

Н. Крыкпаев

 

 

 

 

Ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде және бағалау қорытындылары бойынша комиссия шешімі
Дата публикации
19 февраля 2021