ПРОТОКОЛ заседания конкурсной комиссии по организации и проведению конкурса на право обслуживания регулярных городских маршрутов автомобильных перевозок пассажиров и багажа от 6 октября 2026 года

«БЕКІТЕМІН»

Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары

_______________ Д. Жанзахов

«_____»____________2026 жыл

 

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсету құқығын иеленуге конкурс ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссияның

2026 жылғы 6 қазандағы отырысының

Х А Т Т А М А С Ы

 

Қатысқандар:

 

Д. Жанзахов – комиссия төрағасының орынбасары, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;

Н. Ермекбай - Шымкент қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының жол техникалық инспекция бөлімінің инспекторы полиция подполковнигі;

Ғ. Майрихов - Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы;

Д. Каюпов – «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы;

Б. Байсан – комиссия хатшысы, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы.

Комиссия құрамы 4-адам кворум бар.

 

Конкурсқа 6 лотта орналасқан 6 маршрут шығарылды

№ 1 лот бойынша:

№ 15 автобус бағытына жарияланған конкурсқа бір ғана («Shymkent Bus» БК» ЖШС) қатысушы тіркелді.

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 179 тармағына сәйкес, конкурс өтпеген деп танылды.

 

№ 2 лот бойынша:

№ 17 автобус бағытына жарияланған конкурсқа бір ғана («Shymkent Bus» БК» ЖШС) қатысушы тіркелді.

№ 17 автобус бағыты бойынша 2026 жылдың 5 маусымдағы өткен Конкурстық комиссияның отырысында бір ғана қатысушы («NomadBus» ЖШС» ЖШС) тіркелуіне байланысты Конкурс өтпеген болып танылған болатын.

Аталған № 17 автобус бағыты бойынша қайта ұйымдастырылып отырған конкурста  бір ғана қатысушы «Shymkent Bus» БК» ЖШС-нің өтініші ұсынылғандықтан  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы                                     № 349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 5-параграфтың 179-тармағына сәйкес егер бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, жолаушылардың және багаждың маршрутқа қызмет көрсету құқығына Конкурс өтпеген деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізген кезде бұл маршрутқа бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, онда онымен конкурс талаптарына сәйкес болған жағдайда шарт жасалады деп көрсетілген.

Конкурсқа қатысушы «Shymkent Bus» БК»-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарындағы  автобус маршруттары «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкес еместігі көрсетілген.

Осыған орай, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 179 тармағына сәйкес,  конкурс өтпеген деп танылды.

 

№ 3 лот бойынша:

№ 52 автобус бағытына жарияланған конкурсқа бір ғана («Shymkent Bus» БК» ЖШС) қатысушы тіркелді.

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 179 тармағына сәйкес,  конкурс өтпеген деп танылды.

 

№ 4 лот бойынша:

№ 61 автобус бағытына «Shymkent Bus» БК» ЖШС және «ТКЖТК» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.

Қатысушылардың жалпы жиынтық балы:

«Shymkent Bus» БК» ЖШС –  282  балл

«ТКЖТК» ЖШС –   423,2   балл

Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «ТКЖТК» ЖШС -не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. 

Осыған сәйкес, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 4 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп  «ТКЖТК» ЖШС танылды.

Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 7 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды.

 

№ 5 лот бойынша:

№ 114 автобус бағытына «Туркестанская транспортная компания» ЖШС,  «Т-BUS» ЖШС және «Shymkent Bus» БК» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.

Қатысушылардың жалпы жиынтық балы:

«Туркестанская транспортная компания» ЖШС –  570 балл

«Т-BUS» ЖШС –  360  балл

«Shymkent Bus» БК» ЖШС – 574  балл

Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл алған қатысушы «Shymkent Bus» БК»-не қатысты конкурс алдындағы комиссияның анықтасы қаралып, конкурстық ұсыныстарындағы  автобус маршруттары «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкес еместігі көрсетілген.

Осыған орай, екінші жоғарғы балл алған қатысушы «Туркестанская транспортная компания» ЖШС қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды.

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 5 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп  «Туркестанская транспортная компания» ЖШС танылды.

Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 3 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды.

 

№ 6 лот бойынша:

№ 2 автобус бағытына «Shymkent Bus» БК» ЖШС және «ТКЖТК» ЖШС өтініштерін ұсынып, конкурстың қатысушылары ретінде тіркелді.

Қатысушылардың жалпы жиынтық балы:

«Shymkent Bus» БК» ЖШС –  262  балл

«ТКЖТК» ЖШС –   327,2   балл

Конкурстық комиссия отырысында жоғары балл жинаған «ТКЖТК» ЖШС -не қатысты конкурс алдындағы комиссияның құжаттары, оның ішінде анықтамасы қаралып, конкурстық ұсыныстарында көрсетілген мәліметтің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының талаптарына сәйкестігі расталды. 

Осыған сәйкес, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау» Қағидасының 178 және 179 тармақтарына сәйкес, № 6 лот бойынша Конкурстың жеңімпазы деп  «ТКЖТК» ЖШС танылды.

Жылжымалы құрамының шығарылған жылына байланысты 7 жыл мерзімге шарт түзу ұсынылды.

 

 

Комиссия мүшелері:

Д. Жанзахов

 

 

Н. Ермекбай

 

 

Ғ. Майрихов

 

Д. Каюпов

 

 

Комиссия хатшысы                           

Б. Байсан

Дата публикации
09 октября 2026