Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын, Комиссия төрағасы А.Кәрімов отырысқа 11 комиссия мүшесінен 10 адам , яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты.
«Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» 2016 жылғы 15 сәуірдегі №707 қаулыға сәйкес қаладағы барлық тұрақты маршруттар үшін бірыңғай тариф 2016 жылғы 1 мамырдан бастап 70 теңге болып бекітілген. Содан бері елеулі экономикалық өзгерістер орын алып, халықтың күнкөріс деңгейінің көрсеткіші бірнеше есе артты. Одан бөлек, жанар-жағармай материалдарының құны, қосалқы бөлшектердің бағасы және техникалық қызмет көрсету шығындары айтарлықтай қымбаттады. Алайда, қаламыздағы жол ақысының құны еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда ең төменгі мөлшерде.
Қолданыстағы тариф тасымалдаушылардың нақты шығындарын толық жаппайтыны белгілі. Қоғамдық көлік қызметін одан әрі дамытып, сапалы деңгейде ұйымдастыру үшін тарифті қазіргі экономикалық жағдайға сәйкестендіру қажеттілігі туындауда. Тарифтің көтерілуі тасымалдаушыларға төленетін субсидия көлемі мен бюджетке түсетін жүктемені төмендетеді.
«Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесі» арқылы жасалған тасымалдаушылардың есептеріне сәйкес қазіргі уақытта ең жоғары тариф
1 916,44 теңгені, орташа тариф 736,21 теңгені, ал ең төменгі тариф 280,99 теңгені құрайды.
Бұл ретте, тарифті белгілеу кезінде халықтың әлеуметтік жағдайы, төлем қабілеттілігі және қоғамдық көлік қызметінің халық үшін қолжетімділігін сақтау мәселелері ескерілуі қажет. Осыған байланысты, тасымалдаушылардың шығындарын және халыққа түсетін қаржылық жүктемені барынша ескере отырып қолданыстағы 70 теңге тарифті 2027 жылдан бастап 100 теңгеге көтеру ұсынылды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 10, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Шешім:
Шымкент қаласының қоғамдық көлікте қатынау жолақысының тарифін
100 теңге көлемінде бекіту келісілді.
«T-BUS» ЖШС, «Радуга транспорт» ЖШС және «Туркестанская транспортная компания» ЖШС тасымалдаушы компанияларының сотқа берген талап арыздары бойынша 2026 жылғы 20 қаңтардағы №1 Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия хаттамасының 1 және 2 тармақтарымен қабылданған шешімдер Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 2 наурыздағы №5294-26-00-4/292, 2026 жылғы 24 сәуірдегі №5294-26-00-4/290 және №5294-26-00-4/289 шешімдерімен заңсыз деп табылып күші жойылды. Басқарманың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмай бірінші сот шешімдері өзгеріссіз қалдырылып, тасымалдаушылардың газ-метан және дизель отындарының бағасына қатысты ұсыныстары сот шешіміндеріне байланысты қайта қаралды.
«KZ» ЖШС, «АГНКС Казахстан» және «Корпорация Аманта» ЖШС
газ-метан құю станцияларының 1 м3 үшін газ-метан бағасы қайта қаралып
145 теңге етіп бекіту дауысқа салынды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – 1, «қалыс» - жоқ
Шешім:
1 м3 газ-метанның бағасы 145 теңге көлемінде бекітілді.
Дизель бағасы қайта қарап 325 теңге көлемінде бекіту дауысқа салынды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 8, «қарсы» – 2, «қалыс» - жоқ
Шешім:
1 литр дизель бағасы 325 теңге көлемінде бекітілді.
Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты және қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен өтініштерге және «Көлік инфрақұрылымының орталығы» КММ тарапынан жүргізген зерделеу нәтижесінде:
- №5 автобус маршрутының кестесі «Құрсай» шағын аудан тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосу;
- №9 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы «Бозарық» шағын ауданында жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлеріне дейін 1,6 км ұзарту;
- №12 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Ақжарсай көше бойындағы ТЛЦ аялдамасынан «Coco cola» өндірістік базасына дейін 1,5 км ұзарту;
- №18 автобус маршрутының қозғалыс сызбасын «Цитадель» аялдамасы арқылы 1,5 км ұзарту;
- №21 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы «Құрсай» шағын ауданында Жаңақұрылыс көшесіне дейін 2,0 км ұзарту;
- №25 автобус маршрутының кестесі «Жаңаталап» тұрғын алап тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосу;
- №42 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы «Қайтпас» шағын ауданынан «Тұран» шағын ауданында орналасқан Жас Отау тұрғын үйлеріне дейін 9,7 км ұзарту және қосымша 1 кесте қосу;
№51 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Алаш базарынан Қызылжар шағын ауданында Шардара көшесіне дейін 6,1 км ұзарту және қосымша 2 кесте қосу;
- №54 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы №72 мектеп арқылы ұйымдастыру;
- №65 автобус маршрутының кестесі «Мәртөбе» тұрғын алап тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 1 кесте қосу;
- №66 автобус маршрутының қозғалыс сызбасын «Ынтымақ» шағын ауданында Жоласар көшесі арқылы ұйымдастыру;
- №206 шағын автобус маршрутының кестесі «Сайрам» тұрғын алап тұрғындарының өтініштеріне сәйкес қосымша 2 кесте қосу ұсынылды.
Маршруттардың кесте санымен қозғалыс сызбаларына өзгеріс енгізу дауысқа салынды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 10, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Шешім:
Маршруттардың кесте санымен қозғалыс сызбалардың өзгертілуі бекітілді.