Тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия отырысын, Комиссия төрағасы Б.Беркімбаев отырысқа 11 комиссия мүшесінен 9 адам, яғни комиссияның жалпы құрамының 3/2 бөлігінің қатысуымен ашты.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдауға қызмет көрсету құқығын иеленуге 2026 жылғы 11 тамызда ұйымдастырылған конкурстық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес №72 автобус маршрутын «Bozjorga Bus» ЖШС жеңіп алып, қызмет көрсетуге тиісті шарт түзілді. Ағымдағы жылдың 14 тамызынан бастап жаңа автобустар
№72 маршрутқа 12 кестемен қызмет көрсетуде. Тасымалдаушының ұсынған субсидия есебіне сәйкес жоғарыда аталған маршруттардың субсидия көлемі болжаммен айына 53,8 млн. теңгені құрады.
«Bozjorga Bus» ЖШС №72 маршрутына ұсынылған субсидия есебін бекітуді дауысқа салынды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Шешім:
«Bozjorga Bus» ЖШС №72 маршрутының субсидия есебі бекітілді.
«Bozjorga Bus» ЖШС жаңа автобустарды сатып алуына байланысты
№42 маршрутта пайдаланылған 2 арендалық автобустың орнына
№146 маршруттағы 2 жеке меншік автобустарымен алмастырған.
Ал, №146 маршрутқа 2026 жылы шығарылған 2 дана жаңа автобустар шығарылды.
Осылайша, автобустардың орнын ауыстыру жолаушылар тасымалының тұрақтылығын қамтамасыз ету және маршруттардың нақты жол жағдайына сәйкес жылжымалы құрамды тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асырылды.
«Bozjorga Bus» ЖШС №42 және №146 маршруттарының субсидия есебін бекітуді дауысқа салынды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Шешім:
«Bozjorga Bus» ЖШС №42 және №146 маршруттарының субсидия есебі бекітілді.
Келісім шарт талабына сәйкес, тасымалдаушы жылжымалы құрамын жаңарту мақсатында сатып алған 3 дана Ютонг маркалы автобустарды
№149 маршрутқа шығару жоспарлануда.
Казіргі таңда аталған маршрут 11 кестемен қызмет көрсетуде және субсидия көлемі айына 53,7 млн. теңгені құрайды. Жоғарыда аталған автобустарды есепке алған кезде шамамен субсидия көлемі 56,1 млн. теңгеге дейін өсетін болады.
«Ман Оңтүстік» ЖШС №149 маршрутына ұсынылған субсидия есебін дауысқа салынды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Шешім:
«Ман Оңтүстік» ЖШС №149 маршрутының субсидия есебі бекітілді.
Жолаушылар ағынының өсуіне байланысты және қала тұрғындары тарапынан тұрақты автобус бағыттарының қозғалысына қатысты түскен өтініштерге және «Көлік инфрақұрылымының орталығы» КММ тарапынан жүргізген зерделеу нәтижесінде:
Маршрут сызбасының өзгеруі дауысқа салынды.
ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІ:
«қолдау» – 9, «қарсы» – жоқ, «қалыс» - жоқ
Шешім:
Маршрут сызбалардың өзгертілуі бекітілді.