
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күтіп ұстау жұмыстары
Қала аумағында жол қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз етуді және күтіп ұстауды талап ететін 252 бағдаршам, 9 000 жол белгілер, 1 758 шқ. асфальт жолдары бар.
Жол таңбаларын күтіп ұстау жұмыстары.
Қаланың 8 көшесіне 2 компанентті суық пластикалық жол таңбаларын сызу жоспарланған.
50 көшеге жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Жол қозғалысын реттеу құралдарын күтіп ұстау жұмыстары.
Қала бойынша 252 бағдаршам, 9000 жол белгілері, 25 шақырым жол жиегіндегі қоршауларға күтіп ұстау жұмыстары жыл бойы тұрақты жүргізіліп отырады.
2020 жылға 60 жасанды жол кедергісін, 10 бағдаршам, 1200 жол белгілерін және жарық шамы бар 10 белсенді жаяу жүргіншілер жол белгісін орнату жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, «Бекжан» және «Алаш» базары айналасындағы А-2 автомобиль жолы, Тамерлан тас жолы бойларына алдағы уақытта жер асты жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарда.
Жүк көліктерінің қозғалысын ұйымдастыру жұмыстары.
Қаладағы магистральды көшелерге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауыр жүк көліктерінің қозғалыс сызбасы әзірленіп, уәкілетті органымен келісімдеуде.
Ақылы автотұрақ жобасын енгізу
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы республикалық маңызға ие қала болып табылады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының тәжірибесі негізінде ақылы автотұрақтар енгізу жобасы іске асырылуда.
ҚР «Жол жүрісі» туралы заңына сәйкес, тұрақтарды орынды қолдану үшін көліктерден тұрақтарға ақы қабылдайтын сертификатталған арнайы құрылғымен қаланы қамтамасыз ету жоспарлануда.
Осы мақсатта, бүгінгі таңда қаланың орталық көшелеріне (Республика даңғылы, Түркістан мен Б.Момышұлы көшелері) Шымкент қаласының әкімшілік полиция басқармасымен бірігіп 100 көлікке арналған тұрақ орындары белгіленді.
Жоғарыда аталған көлік тұрақтарын енгізу арқылы көше мен жолдағы көліктердің өткізу қабілеттігін артыру, көлік тығынының азайту, қаланың экологиялық жағдайының жақсарту және жол бөлігіндегі тәртіпсіз көлік тұрақтарын жою жоспарланып отыр.
Аталған жобалар бойынша ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңы негізінде, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Көлік тұрақтарын анықтау» Ереже әзірленді. Қазіргі таңда, қоғамдық және сараптамалық кеңестердің оң қорытындысы алынып, Әділет департаментіне келісуге ұсынылды.
Қала аумағында жолайрықтарының құрылысы
Қала жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында, 2020-2023 жылдар аралығында
4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық ағымдағы жылдың жергілікті бюджетіне енгізілді (жалпы құны
7 014,0 млн. тг., 2020 жылға – 200,0 млн. тг.). Оған қоса Бәйдібек би–Арғынбеков–А.Назарбеков – Н.Назарбаев даңғылдары қиылысындағы жолайрықтың 1-кезеңінің ЖСҚ-сы әзірленіп (құны
11,4 млрд. тг.), құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталып, 2021 жылы тапсыру жоспарлануда (РБ ұсынылды, қолдау таппады).
Жібек жолы-Сайрам мен Бәйдібек би–Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жолайрықтардың ЖСҚ-ларына мем.сараптаманың қорытындысын 2020 жылдың ІІІ-тоқсанында алу жоспарлануда.