«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы аясында басқарма тарапынан қаланың аумағын дамыту жоспарына (ПРТ) ажырасу көрсеткіштерін қысқарту бойынша индикатор енгізді. Басқарма жанынан отбасы мәселелері /ажырасу деңгейін төмендету, отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау/ мақсатында «Отбасы кеңесі» жұмыс тобы құрылды. Аталған топ белсенділері аптаның әр сейсенбісінде Абай аудандық сотының сот-медиаторымен бірлесе пилоттық деңгейде өз жұмысын жүргізіп келеді. Бүгінгі күнге дейін өткізген 30 отырыста 250 іс қаралып, оның ішінде 80 іс медиация әдісі бойынша шешімін тапса, 28 азаматтың неке бұзу бойынша ұсынған талап арызы кері қайтарылды. Алдағы уақытта қаламыздың барлық аудандық соттарының «Отбасылық сот» жобасымен бірлесе аталған бағыттағы жұмыс топтары құрылады.
Сонымен бірге, басқарма тарапынан қиын жағдайға ұшыраған, қолайсыз және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларымен әңгімелесу жүргізу, отбасыларға, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық, құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу бойынша талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында 4 ауданда арнайы аутрич бөлімі ашылып, өз жұмысын жүргізуде.
Аутрич бөлімі мамандары қала аумағындағы төрт аудан бойынша әлеуметтік карта жасақтауға кірісті. Қазіргі таңда қаладағы «Қайнар бұлақ», «Жұлдыз», «8 шағын ауданы», «Самал» ш/а, «Спорт» ш/а, «Қайтпас» ш/а, «Студенттер қалашығы» және «Қошқар ата» аумағында жедел жұмыстар жүргізуде.
Сондай-ақ, аудандар бойынша келеңсіз жағдайлардың алдын алу және оқиға болғанда хабарлама қалдыратын «ортақ чат» құрылды. Аталған ортақ чаттар аудандардағы №23, 48, 13, 60, 25, 4 участоктарында жұмысын бастады.
«Самғау сенім орталығы» КММ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетумен қатар, орталықта да адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Аталған орталық 2018 жылдың қорытындысы бойынша 227 азаматқа (оның ішінде ерлер-19, әйелдер-208) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетсе, 2019 жылы желтоқсан айына дейін Орталық 126 қызмет алушыға қажеттіліктеріне орай, арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетіп, әлеуметтендіру мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізілді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың ішінде:
ер азаматтар саны– 6;
әйел азаматтар саны– 120;
кәмелет жасына толмаған балалар саны – 323 (оның ішінде мүгедек бала саны-4, жатын орынмен қаматамасыз етілген бала саны-123, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар саны-0);
жалғыз басты ана (әке) қайтыс болған-1;
толық емес отбасы (ажырасқан)-48;
көп балалы ана (әке)-30;
зейнеткерлер-4;
мүгедектер-6;
әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасылар-28.
Орталық тарапынан көрсетілетін қызметтерді алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер төмендегі көлемде және түрлерде көрсетілуде:
Орталық ашылған уақыттан бері қабылданған өтініштер бойынша талдау есебі:
орындалған құжаттар саны – 210;
өтініш берушінің өз бастамасымен есептен шығарылған құжаттар саны – 68;
мерзімі бар өтініштер саны – 51;
құпия түрде орындалған құжаттар саны – 24.
Шымкент қаласында денсаулық сақтау басқармасы жанынан 20 төсек орынды «Медико-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жұмыс жүргізуде. Тәулік бойы жұмыс жүргізетін стационарлық мекеме құзырлы органдардың жолдамасы арқылы келушілерді қабылдайды
Өмірлік қиын жағдайларға байланысты медиация қызметін көрсету мақсатында арнайы ҮЕҰ өкілдерімен, оның ішінде «Медиация және отбасын сақтау орталығы», «REFRAME» психологиялық кеңес беру орталықтарымен тиісті жұмыстар атқарылды. Бөлімге отбасылық-тұрмыстық, зорлық-зомбылық мәселелері бойынша өтінішпен келген азаматтарды аталған психологиялық орталықтарға тегін көмек алуы бойынша бүгінге дейін 30 азаматқа жолдама берілді.
Адам саудасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған азаматтарға денсаулық, отбасылық құндылықтар, құқықтық сауаттылық бойынша тегін консультациялар берілуде.
Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында қалада «Оtbasy Fest» фестивалі, «Шуақты Отбасы», халықаралық отбасы күніне арналған акциялар, ҚР «Отбасы күніне» арналған іс-шаралар, «Әке-жауапты лауазым» Әкелер кеңесі акциясы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу, талқылау бойынша жас журналисттер мен танымал блогерлер арасында «Blog Camp - 2019» жазғы мектебі және т.б ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда.
Ақпараттық және құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша отбасылық құндылықтарды және гендерлік теңдікті ілгерілету тақырыбында ақпараттық жария ету жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. Сонымен бірге, 143 білім беру мекемелерінде арнайы ақпараттық бұрыштар орналастырылған.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмасына орай, Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу және профилактикасы бойынша іс-әрекеттердің ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының Жол картасы қала әкімі, қала прокуроры, қалалық полиция департаменті басшылығы тарапынан үш жақты бекітіліп, жауапты мекемелерге жүзеге асыру жүктелді. Жол картасының жүзеге асырылуы 2019-2021 жылдарға арналған. Жол картасындағы негізгі бағыттардың орындалуы қала прокуратурасы мен отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының тұрақты бақылауына алынды.