
Статистикалық деректер
Қалада жастарының саны 264 281 құрайды (оның ішінде ерлер – 127 711 (48,3%) әйелдер – 136 570 (51,7%), жалпы қала халқының - 26 % құрайды.
Қалада 11 жоғары (мемлекеттік-3) және 37 арнаулы орта оқу орындары (мемлекеттік-14, жекеменшік-23) бар. Студенттердің жалпы саны - 142 995.
Студент жастарға арналған 40 жатақханада 7 554 орын қарастырылған.
Оқушылардың жалпы саны - 197 420, оның ішінде жастар санатына жататын оқушылар саны - 58 760.
Институционалды басқару
Жастар жылы аясында Шымкент қаласы жастарының қаланың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық дамуына қатыстыру, ұсыныстар енгізуге мүмкіндіктер беруді ұйымдастыру мақсатында «Жастар мәслихаты» құрылды.
Жастар мәслихаты 29 депутаттардан сайлау арқылы қалыптастырылды. Олардың өкілеттігі 2 жылға созылады. Бүгінде жас депутаттардың біліктілігін арттыру мақсатында оқу курстары, қалалық мәслихат депутаттары және басқа да тиісті сала мамандарымен кездесіп тәжірибе алмасуы ұйымдастырылуда.
Жастар мәслихатының депутаттарын қалалық мәслихаттың сессиясына қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жастар арасында ақпараттық – насихаттық шараларды жүргізуге үлес қосатын болады.
Шымкент қаласы әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес – Кеңес төрағасы қала әкімі. Кеңес құрамында – 27 адам, оның 42% жастар өкілі. Кеңестің 2 отырсы өткізіліп, жастардың ұсыныстары қабылданды.
Баспанамен қамтамасыз ету
Қала бойынша баспана кезегінде 11 022 жас есепте тұрады.
2018 жылы 180, 2019 жылдың басынан 150 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар тұрғын үймен қамтылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылуында еліміздің мегаполис қалаларынан жыл сайын пәтер пайдалануға беру тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге қаржы қаралып, 904 пәтерді пайдалануға берілді.
Жатақханамен қамтамасыз ету
Қалада 11 жоғары (мемлекеттік-3) және 37 арнаулы орта оқу орындары мемлекеттік-14, жекеменшік-23) бар. Студенттердің жалпы саны - 142 995.
Студент жастарға арналған 40 жатақханада 7 554 орын қарастырылған.
Бүгінде 8 050 орынға қажеттілік туындап отыр (ЖОО – 6 400 орын, ТжКБ – 1 650 орын).
Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасы аясында студент жастарды жатақханамен қамту мақсатында 2019 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Қаржы орталығы» акционерік қоғамымен бірлесіп, 350 және 200 орындық жатақхана құрылысын пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы қолданыстағы ғимаратты 450 орындық жатақхана етіп қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға берілді.
2022 жылдың соңына дейін 8000 орындық жатақхана пайдалануға берілетін болады.
Жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту
2019 жылы жұмыссыз ретінде 6715 тіркелді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар – 8 746;
Жалпы дұмысқа орналасқан жастар – 11 625 оның ішінде:
Әлеуметтік жұмысқа орналасқан жастар – 202;
Бос жұмыс оынға орналасқан жастар – 5 978;
Жаңадан ашылған жұмыс орындарға орналасқан жастар – 643;
Ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасқан жастар – 1 450;
Қысқа мерзімге кәсіби оқуға жолданған жастар – 1 563;
Жастар тәжірибесімен жолданған жастар – 1 789.
Жастар практикасымен қамтуды ұлғайту мақсатында Шымкент қаласында «Professional» жобасы ұйымдастырылды. Жоба аясында 1000 астам жас маман конкурс негізінде практикадан өтті.
Студент жастардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 210 студент құрылыс отрядтарында жұмыс істеді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту, шағын несиелеу» бойынша 43 адамға 593 млн. теңге көлемінде несие берілді.
Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 4502 азаматқа мемлекеттік грант беру жоспарлан. Оның ішінде 2 азаматқа «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар» 100 АЕК байынша берілді.
Жастар кәсіпкерлігін нығайту мақсатында «Атамекен» ҰКП бірлесіп «Бастау бизнес» 1720 жас курсты аяқтап, 165 жасқа 200 АЕК көлемінде грант берілді. Қатысушы әрбір адамға 16 579 теңге көлемінде арнайы степендия тағайындалды.
«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 1400 жас оқытылып, 876 азаматқа Атамекен кәсіпкерлік палатасы арқылы комиссияның қортындысы шығып 200 АЕК (505 мың тенге) грант жүргізілді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» шеңберінде жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге 72 млн теңге қаралып, 24 млн теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды.
Жастардың бос уақытын пайдалану:
Қала жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қалалық Жастар ресурстық орталықта арнайы 11 үйірме мен 4 диалогтық алаңшалар ұйымдастырылған. Орталықтың қызметін 15 мыңнан астам жастар қамтылуда.
Жастардың қатысуымен 270 астам шаралар ұйымдастырылып, 60 мыңнан астамжастар қамтылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастарды қоғамға бейімдеуге «Жаңа өмір» жобасы ұйымдастырылады. Жоба аясында бас бостандығынан айыру орындарындағы және жазасын өтеп шыққан 250 жасқа құқықтық, психологиялық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған шаралар мен «Дүйсенбілік футбол» жобасы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жастарға патриоттық тәрбие беру, білім беру, талантты жастарды қолдау бойынша «Shymkent Innovation», «IT CAMP» инновациялық жобасы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы құрылып, арнайы лагерь өткізілді.
Бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында студенттер, мектеп оқушылары арасында лигалар құрылып, «Былғары доп», «Жастар» баскетбол лигасының ойындары тұрақты өткізілді.
Дарынды жастардың шығармашылығын шыңдау және қолдау мақсатында республикалық «Жас ақындар айтысы» өткізіліп, «Көңілді тапқырлар алаңы», «Шабыт» жобалары ұйымдастырылды.
Жастарға отбасы құндылықтарын дәріптеу бойынша «Отбасы – жанұя жарасымы», «Мерейлі отбасы» жобалары ұйымдастырылды.
Жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру бойынша «Аяла» жобасы ұйымдастырылды.
Жастардың еріктілік қызметін дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 46,7 млн теңге қаржы қаралды. Жоба аясында қаладағы жоғары оқу орындарында оқитын «Студенттік әлеуметтік кредит» жобасы бойынша 20 және 50 кредиттік қосымша ақы төлеу жұмыстары жүргізілді.
«Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаладағы №4 колледж бен Жол-көлік колледжі «Жас маман» жобасына қатысатын 180 колледждің тізіміне енгізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындаған жүз (100) басым сипатқа ие кәсіптер мен мамандықтар тізбесімен мамандар даярлайтын болады.
Бұл оқу орындарын лизинг негізінде материалдық-техникалық базасын жақсарту және шетелдік мамандарды тарта отырып, жұмыс жүргізу қолға алынған (ASUS, JUKE компаниялары).
Осы мақсатта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 2020 жылға 646 млн. 620 мың теңге және 2021 жылға 782 млн. 732 мың теңге қарастыру бойынша бюджеттік өтінім жолданды.