Шымкент қаласына Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцю келді.
Сапар аясында екіжақты кездесу өтіп, онда тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Шымкент қаласы мен Қытай тарапы арасындағы әріптестікті кеңейту перспективалары, өзара тәжірибе алмасу және ортақ мүдделерге бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, іскерлік қатынастарды жандандыру және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындау мәселелеріне назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және өзара тиімді әріптестікті дамыту мақсатында тұрақты диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттарда байланысты жалғастыруға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді
Венгрияның Дебрецен қаласының мэрі Ласло Папппен кездесу өтті. Кездесу барысында Шымкент пен Дебрецен арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Тараптар екі қала арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру, инновациялар мен қалалық инфрақұрылым салаларында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ туризмді дамыту және екі елдің іскерлік топтары арасындағы өзара байланысты кеңейту мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі қала арасында бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Шымкент пен Дебрецен арасындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалайды.
Сонымен қатар Дебреценде Шымкент күндерін өткізу, Дебрецен университетінің Шымкентте филиалын ашу және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бастамалары талқыланды. Қол жеткізілген келісімдерді нақты жобалармен жалғастыруға уағдаластық.
Кездесу барысында Шымкент пен Венгрия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру, бизнес байланыстарды кеңейту және инвестициялық мүмкіндіктерді арттыру бағыттарына назар аударды.
Сонымен қатар, Шымкент пен Дебрецен қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату, туризм, мәдениет және білім беру салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды. Шымкент–Будапешт тікелей әуе рейсінің ашылуы екіжақты іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Шымкент қаласының өкілдері Түркияның Измир қаласының мэрі Джемиль Тугаймен кездесті. Кездесу барысында 2004 жылдан бері бауырлас қалалар ретінде қалыптасқан Шымкент пен Измир арасындағы өзара байланысты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Кездесуде мәдениет, туризм, білім және ғылым, сондай-ақ қалалық басқару салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, логистикалық байланыстарды нығайту және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.
Шымкент Қазақстанның ірі экономикалық орталықтарының бірі ретінде түрік серіктестерімен өзара тиімді жобаларды іске асыруға және инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастыруға мүдделі.
Қазіргі таңда қалада түрік капиталының қатысуымен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті консулдығы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға және қоғамдық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Шымкент пен Измир арасындағы бауырластық байланыстарды жаңа мазмұнмен толықтырып, өзара сенімге негізделген серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Тараптардың пікірінше, қалыптасқан тәжірибе мен өзара тиімді ынтымақтастық екі қала арасындағы байланысты сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласында Пхохан қаласынан (Корея Республикасы) келген делегациямен кездесу өтті. Жұмыс сапары барысында тараптар медициналық туризмді дамыту, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, екі қаланың туристік әлеуетін дамытуға, мәдени-тарихи мұраны насихаттауға және өзара туристік ағынды арттыруға ерекше назар аударылды. Тараптар туризм саласында тәжірибе алмасу және бірлескен туристік бағыттарды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Шымкент пен Пхохан қалалары арасында бауырлас қала қатынастарын орнату мәселесі де талқыланды. Бұл бастама екі қала арасындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық пен достық байланысты нығайтуға маңызды қадам болмақ.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасындағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, сондай-ақ туризм, мәдениет және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
Тараптар Шымкент қаласы мен Франция арасындағы әріптестікті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан бірлескен бастамаларға оң баға берді. Атап айтқанда, Францияның Құрметті консулдығының ашылуы және ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының іске асырылуы екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтергені айтылды.
Сонымен қатар туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту, халықаралық туристік алмасуды кеңейту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Францияның визалық орталығын Шымкент қаласында ашу мүмкіндігі де талқыланып, бұл бастама өңір тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
ШЫМКЕНТ ПЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ АРАСЫНДА B2B КЕЗДЕСУ ӨТІП, 7 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
2026 жылғы 17 маусымда Баку – Шымкент бағытындағы алғашқы тікелей әуе рейсінің ашылуына орай Әзербайжан Республикасынан келген туристік сала өкілдері мен Шымкент қаласының туроператорлары арасында B2B форматындағы іскерлік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға туристік индустрияның 60-қа жуық өкілі қатысты. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықты кеңейту, туристік ағынды арттыру және бірлескен туристік өнімдерді дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент және Әзербайжан туристік компаниялары арасында ынтымақтастық жөніндегі 7 меморандумға қол қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа тікелей әуе рейсінің іске қосылуы екі ел арасындағы туристік байланыстарды нығайтып, Шымкент қаласының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге мүмкіндік береді.