Сыртқы байланыстар бойынша 2025 жылы жүзеге асқан негізгі іс-шаралар:
25 дипломатиялық кездесу ұйымдастырылды.
Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен B2B және G2B форматындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында Шымкент қаласы әкімдігі мен Франция Елшілігі арасында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойылды.
Сәуір айында Париж қаласында «Шымкент күндері» ұйымдастырылып өткізілді.
Сәуір айында алғаш рет Еуропалық Одақпен өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Еуропа елдерінің 18 елшісі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
Мамыр айында ҚХР-ның Қазақстандағы елшісі бастаған 12 қытайлық компания Шымкентке инвестициялық миссиямен келді, қала инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
22–24 мамыр аралығында Ош қаласының мэрінің бірінші орынбасары және қырғыз бизнес делегациясы Шымкент қаласына келді.
Іс-шара аясында Қырғыз Республикасының Құрметті консулдығы ашылып, бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
2025 жылғы 9 маусымда Болгария Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Шымкент пен Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнатылды.