30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ
🔷 Шымкентте баспана жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарға сатып алу құқығымен жалға берілетін үйлерді ұсыну жұмысы жалғасуда. Кезекті іс-шара аясында 30 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
🔷 Пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Олар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында ұсынылды. Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар бар.
🔷 Айта кетейік, бұл үйлер қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес салынған және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған.
🔷 Қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғаса береді. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жеке баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«КӨКЖАЙЛАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ
🔷 Абай ауданындағы «Көкжайлау» тұрғын үй кешені тұрғындарының лифт жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуіне қатысты Басқарманың бастамасымен арнайы жиналыс өткізілді.
🔷 Жиынға құрылыс салушы ұйымның, басқарушы компанияның және лифтілерге қызмет көрсететін ұйымның мамандары, сондай-ақ тұрғын үй кешенінің 7 блогының үй белсенділері қатысты.
🔷 Жиналыс барысында тұрғындардың өтінішінде көтерілген мәселелер талқыланып, лифт жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуіне қатысты сұрақтар қаралды. Тиісті мамандардың қатысуымен мәселенің мән-жайы зерделеніп, оны шешу жолдары бойынша пікір алмасылды.
🔷 Басқарма тұрғындардың өтініштерін қарау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді тиісті ұйымдармен бірлесе шешу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Шымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-де жұмыс отырысы өтті
🔷 Шымкент қаласының Тұрғын үй басқарма басшысының м.а Көпжан Кенжеханұлы және Шымкент қалалық Газ-техникалық қызметі КММ-нің басшысымен,мекеме қызметкерлерімен бірге жұмыс отырысын өткізді.
🔷 Жиында жұмыс жоспарына сәйкес алдағы кезеңде атқарылатын негізгі міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Атап айтқанда, алдағы жылу маусымына дайындық барысы сараланып, газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
🔷 Сонымен қатар, табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, газ тұтыну жүйелеріндегі ақаулардың алдын алу, тұрғындар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔷 Жылу маусымы кезеңінде тұрғын үйлердегі газ жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау, мұржалар мен желдету арналарының жарамдылығын тексеру, сондай-ақ газдан улану және өрт оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар пысықталды.
🔷 Бұдан бөлек, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау, қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілерінің алдын алу және халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Құрметті қала тұрғындары !!!
Оқыс оқиғалсрдың алдын алу және адам өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында газ жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
🔷 Газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар, ақаулы немесе өз бетінше жөнделген газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар. Мұржа мен желдету арналарының тартуын тұрақты түрде тексеріп, газ иісі сезілген жағдайда газ құрылғыларын дереу өшіріп, үй-жайды желдетіп, авариялық қызметке хабарласыңыздар.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – төтенше жағдайлардың алдын алудың басты кепілі!
ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК ҮЙЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерлердің иесі атанды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Айта кетейік, жалға берілетін үйлер Қайтпас шағынауданында, ал несиелік үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Бұл баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша төлем қабілеттілігін растаған және белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға берілді.
Жаңа пәтерге ие болғандардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім балалар, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Көп қабатты үйлер белгіленген құрылыс нормалары мен сапа талаптарына сәйкес салынып, пайдалануға берілген.
Айта кету керек, Шымкент қаласында азаматтардың баспана жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыс жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасы мен қалалық ортаның жайлылығын арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Сенбілік – тазалық пен жауапкершіліктің көрінісі
Бүгін мекеме ұжымы аумақты абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мекеме аумағы тазаланып, қоқыстар жиналып, айналаны көркейту жұмыстары атқарылды.
Тазалық сақтау – баршамызға ортақ міндет. Қоршаған ортаны таза ұстау және елді мекеннің көркеюіне үлес қосу – әр азаматтың жауапкершілігі.
Ұжым мүшелеріне белсенді қатысып, қоғамдық тазалыққа үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз!
#Сенбілік #Тазалық #Абаттандыру #ҚоғамдықЖауапкершілік
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА 3 687 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
🔷 Шымкентте қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Бүгін Асар-2 шағынауданында орналасқан жаңа пәтерлердің кілті кезекті 40 отбасыға табысталды. Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
🔷 Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Олардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ, бюджет ұйымдарының қызметкерлері бар.
🔷 Айта кетейік, биыл Шымкентте баспана кезегінде тұрған азаматтарға 7 386 пәтер беру жоспарланған. Оның ішінде 2 818 пәтер – жалға берілетін, ал 4 568 пәтер – несиелік тұрғын үй.
🔷 Бүгінгі таңда кезекте тұрған 3 699 азаматқа пәтер кілті табысталды. Оның ішінде 2 192 отбасы несиелік тұрғын үймен, 1 507 отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін тағы 3 687 пәтер беру жоспарлануда. Оның 2 376-і – несиелік, 1 311-і – жалға берілетін тұрғын үй.
🔷 Айта кетерлігі, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары нақты азаматтарға бағытталып, әлеуметтік сипатта жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес іске асырылып, қала тұрғындарының баспана жағдайын жақсартуға бағытталған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
🔷 Шымкентте 40 отбасы кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру шарттары негізінде жаңа, абаттандырылған пәтерлерге ие болды. Жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.
🔷 Айта кетейік, мұндай тетік қарапайым жалға беруден ерекшеленеді. Ол тұрғын үйді кейіннен жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік береді. Бозарық шағынауданындағы көп қабатты үйлер қажет инженерлік коммуникациялармен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
🔷 Пәтер иегерлері қатарында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азаматтар бар.
🔷 Пәтерлерді табыстау қаладағы қолжетімді баспана қорын дамыту жұмысының кезекті бағыты болып отыр. Бұл ретте ұсынылатын пәтерлердің санына ғана емес, отбасылардың үйді қандай шарттармен пайдалану мүмкіндігіне де баса мән берілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА АЛУ: ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ
🔷 Шымкентте тағы 40 отбасы кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге ие болды. Жаңа қоныстанушыларға пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.
🔷 Айта кетейік, бұл әдіс азаматтарды бірден жеке баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғындарға алдағы уақытта пәтерді өз меншігіне рәсімдеу мүмкіндігі беріледі.
🔷 Пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан. Жаңа үйлер қажетті инженерлік коммуникациялармен және жайлы өмір сүруге қажетті инфрақұрылым нысандарымен жабдықталған.
🔷 Пәтер иелері қатарында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРҒА БАСПАНА: ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ
🔷 Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған 40 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
🔷 Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында беріліп отыр. Шаһар басшысы тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтап, отбасыларына амандық, береке-бірлік пен шаңырақтарына жылулық тіледі.
🔷 Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, бюджет ұйымдарының қызметкерлері бар.
🔷 Айта кетейік, Шымкентте азаматтардың баспана жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Көп қабатты үйлерді кезең-кезеңімен пайдалануға беру және қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалар тұрғындарға қолжетімді шарттармен баспаналы болуға мүмкіндік беріп отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
🔷 Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған тағы 40 отбасы қоныс тойын тойлады. Жалға беру және кейіннен сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.
🔷 Баспанаға көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ие болды.
🔷 Пәтерлер Бозарық шағынауданындағы жаңа үйлерде орналасқан. Көп қабатты үйлер қолданыстағы құрылыс талаптарына сәйкес пайдалануға беріліп, қажет инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.
🔷 Пәтер кілттерін табыстау – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды іске асырудың тағы бір кезеңі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі