КӨП ПӘТЕРЛІ ҮЙЛЕРГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛАДЫ?
🔷 Пәтер сатып алып, барлық құжатын рәсімдеген соң меншік иесі газбен жабдықтау бойынша жеке есепшот ашуға міндетті. Оның алгоритмі қандай?
🔷 1-қадам. Пәтерге құжаттарды рәсімдеу: меншік иесі пәтер сатып алғаннан кейін техникалық паспортты рәсімдеп, меншік құқығын растайтын барлық құжатты алады.
🔷 2-қадам. Жеке есепшот ашу: меншік иесінің өзі немесе жауапты өкілі бір немесе бірнеше пәтердің (болған жағдайда) құжаттарын тапсырады.
🔷 3-қадам. Пәтерге газ қосу шарты: көп пәтерлі үйге газ пәтерлерге нақты қоныстану деңгейі кемінде 80% болған жағдайда ғана қосылады.
⚠️ Табиғи газ тұрғындардың қоныстану деңгейі 80% және одан жоғары болған кезде және тек жеке есепшоттары ашылған, адам қоныстанған пәтерлерге ғана жіберіледі.
📄 Жеке есепшот ашуға қажет құжаттар:
🔷 Пәтердің техникалық паспорты;
Меншік құқығын растайтын құжат (сатып алу-сату шарты);
Меншік иесі туралы мәліметтер;
Меншік иесінің жеке куәлігі;
Пәтерде орнатылған газ есептегіштің фотосуреті;
Үй ішіндегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсету туралы шарт.
❗ Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ, қауіпсіздік талапарына сәйкес қоныстану деңгейі 80%-ға жетпеген жағдайда көп пәтерлі үйге газ берілмейді.
🔷 QazaqGaz Aimaq мекенжайы: Темірлан тасжолы, 20/2.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі