ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ: ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ: ШЫМКЕНТТЕ 40 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

🔷 Шымкентте жаңа үйлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Жеңілдетілген несиелендіру бағларламасының көмегімен 40 отбасы баспаналы болды.

🔷 Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Көп қабатты үйлер Асар-2 шағынауданында орналасқан. Пәтерлер төлем қабілеттілігін растаған және белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары арқылы беріліп отыр.

🔷 Жаңа баспанаға ие болғандардың қатарында көп балалы отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

🔷 Үйлер барлық құрылыс нормасы мен талаптар сақтала отырып, пайдалануға берілген.

🔷 Айта кетейік, жеңілдетілген шарттармен баспаналы болу тетігін кеңейту қаладағы тұрғын үй саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл – азаматтардың өз пәтеріне қол жеткізуінің нақты әрі тиімді мүмкіндігі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Дата публикации
07 сентября 2026