ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

🔷 Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 30 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

🔷 Баспана «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында беріліп отыр. Көп қабатты үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан.

🔷 Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына төлем қабілеттілігін растаған азаматтар қатысты. Пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар.

🔷 Айта кету керек, бұл осы отбасылар үшін көптен күткен қуанышты сәт әрі тұрмыс жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Дата публикации
24 июля 2026