
Нұрбол Әбдірахманұлы 1985 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туылған, қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетін және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – Жер ресурстарын басқару және жерді үйлестіру инженері, құқықтану.
Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласының жер кадастры филиалында инженер жерге орналастырушы болып бастаған.
2012-2018 жылдары Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығының сектор басшысы, инженер-жерге орналастырушысы, Сайрам аудандық бөлімше басшысының орынбасары.
2018-2021 жылдары «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Түркістан қаласы бөлімінің басшысы.
2021-2023 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.
2023-2025 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
13.01.2025 – 28.02.2025 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымында қызмет атқарды.