GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Қызметі
Все материалы
21 октября 2026
ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖАҢА МУРАЛДАР САЛЫНДЫ

Шымкентте қала көркін арттырып, көшелерге ерекше сән беретін көркем муралдар саны көбеюде. Соның бірқатары Тұран ауданының аумағында аяқталды.

Ғимараттардың қабырғасына салынған мазмұнды суреттер қаланың сәулеттік келбетін жаңартып қана қоймай, қоғамдық кеңістіктерге өзіндік ерекшелік пен көркемдік сипат береді. Мұндай жұмыстар қалалық ортаны жандандырып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін көшелердің тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Жаңа муралдар төмендегі мекенжайларда орналасқан:

▪️ Республика даңғылы, 26
▪️ Темірлан тасжолы, 42
▪️ Отырар ш/а, 42
▪️ 4-шағынаудан, 13
▪️ А.Асқаров көшесі, 43
▪️ Денсаулық жолы.

Қалалық ортаны көркейту және эстетикалық келбетін жақсарту бағытындағы жұмыс жалғаса береді.

12 октября 2026
✅ДЕЙІН / КЕЙІН

Тұран ауданы аумағында анықталған кемшіліктерді реттеу бойынша атқарылған жұмыстар

06 октября 2026
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қазыналы қарияларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш барысында әншілер әсем әндерін орындап, бишілер мың бұрала өнер көрсетіп, ақ жаулықты әжелер мен ардақты ақсақалдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында қарияларға арнайы сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды.

Қариясы бар үй – қазыналы үй. Аға буынның ақ батасы мен өнегесі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына.

Барша қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!

29 сентября 2026
Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы 30 қыркүйекте өтеді.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың 30 қыркүйек күні Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».
Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында (Бейбітшілік көшесі №4-6) сағат 16.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ.
Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

28 сентября 2026
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

Қала әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Тұран ауданы әкімшілігінің мамандары мен Полиция басқармасының инспекторлары бірлесіп, Жаңаталап тұрғын алабында түнгі рейд жүргізді.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруіне жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, ата-аналар мен заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеу жөнінде ескертілді.

Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылады.

23 сентября 2026
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫ

22 қыркүйек күні Тұран ауданындағы №77 жалпы білім беретін мектепте 10–11 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлттық ұлан қатарына шақыру бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Тұран ауданы әкімі аппаратының мамандары, әскери комиссариат және 6698 әскери бөлімінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға Ұлттық ұланның міндеттері, әскери қызметтің маңызы, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеу тәртібі және әскери қызметке қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің патриоттық сезімін қалыптастыру, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға деген жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Отан қорғау – әр азаматтың абыройлы міндеті!

18 сентября 2026
✅ДЕЙІН / КЕЙІН

Тұран ауданы аумағында анықталған кемшіліктерді реттеу бойынша атқарылған жұмыстар.

16 сентября 2026
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Мегаполис басшысы Жаңаталап шағынауданы, Абай даңғылы бойындағы тұрғындармен, сондай-ақ, Ақжар және Ақтас-2 тұрғын алаптарының тұрғындарымен абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылым, көлік және коммуналдық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
 
🔷 Кездесуде тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, жер қатынастары, тұрғын үй сертификаттары, газға қосылу, ағын сумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және жасыл желекті күтіп-ұстау мәселелері көтерілді.
 
🔷 Әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де жеке қаралды. Жаңаталап шағынауданында мектеп пен спорт кешенін салу қажеттілігі айтылды. Ал Ақжар тұрғын алабында Мәдениет үйі мен балалар ойын алаңын қарастыру ұсынылды.
 
🔷 Сонымен қатар, қоғамдық көліктің қатынау жиілігін арттыру, қосымша бағдаршамдар орнату және білім беру нысандарының маңында жаяу жүргіншілер өткелдерін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар айтылды.
 
🔷 Айта кетейік, көтерілген мәселелердің басым бөлігін кездесу барысында бірден шешуге мүмкіндік болды. Қалған өтініштер бойынша жауапты басқармалар айқындалып, алдағы атқарылатын жұмыс барысы белгіленді.
 
🔷 Қала әкімі аудан әкімдігіне тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстың нәтижелерін халыққа тұрақты хабарлап отыру тапсырды.
 
 
 
 
10 сентября 2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ


Шымкент қаласындағы «Әділет» партиясының қалалық филиалында аудан әкімінің орынбасары Бақыт Мелдебеков аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар ирригациялық жүйе, қоғамдық көлік, модернизация бағдарламасы, жертөлеге су кіруі, сондай-ақ подъезд алдына шатыр орнату мәселелерін көтерді.

Әрбір тұрғынның мәселесі мұқият тыңдалып, бірқатар сұрақтарға сол жерде нақты жауаптар берілді. Қалған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, олардың заң аясында шешілуі бақылауға алынды.

10 сентября 2026
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

 

Жер мәселесі бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өтеді.

📅 Күні: 11 қыркүйек 2026 жыл
⏰ Уақыты: 15:30
📍 Мекенжайы: Бекболатов көшесі, 1505/3
Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін жекеменшік мектеп

Кездесу барысында жер мәселесіне қатысты тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы