ТҰРАН АУДАНЫ: «ТОЛАҒАЙ-2023» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҰРАН АУДАНЫ: «ТОЛАҒАЙ-2023» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «ТОЛАҒАЙ-2023» отбасылық спорттық жарыс өткізілді.

Спорттық сайысқа барлығы 8 отбасы қатысты.

Сайыс барасында отбасы мүшелері әр алуан ойын түрлерінен сынға түсті.

Ең шапшаң және етпі, сүңгу, екі аяқты алшақ қойып, допты аяқ арасынан дөңгелету, ракеткамен ойын, қосақтасып жүгіру, қол күрес және арқан тарту секілді ойын түрлері бойынша бақ сыналды.

Сайыс қорытындысы бойынша:

«Ең спортшы әке» номинациясын – Жумашев Таукент
«Ең спорты ана» номинациясын – Сейтжанова Мөлдір
«Ең батыл бала» номинациясын – Жұмағали Гүлденсін
«Ең жас спортшы бала» номинациясын – Шаймаханбет Алдияр ( 8 жас)
иемденді.


Нәтижесінде, «Шаттық» тобы – 1 - орын, «Достық» тобы – 2 – орын, «Буревестник» тобы – 3 – орын иемденді.

Жүлделі орынға ие болған топтар ақшалай сыйлыққа ие болды:

1- орын – 30 мың теңге;
2- орын – 20 мың теңге;
3- орын – 10 мың теңге.

Сонымен қатар, бүгінгі сайысқа қатысқан барша отбасылық топтарға арнайы сыйлықтар тарту етілді.