АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ: АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ

АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ: АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сәйкес, Тұран ауданында көпбалалы 49 ана мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, 11 анаға «Алтын алқа», 38 анаға «Күміс алқа» табыс етілді.

Бұл марапаттар — аналардың асыл еңбегіне, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз үлесіне көрсетілген жоғары құрметтің айғағы.

Марапаттау салтанатында Тұран ауданы әкімінің орынбасары Мелдебеков Бахыт Коргамбаевич аналарды жеке-жеке құттықтап, олардың қоғамдағы және ел болашағын қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.