Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы 2024 жылғы 13 желтоқсан күні «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.
Ашық есік күнінде БЖЗҚ салымшыларына зейнетақы активтерін басқару туралы ақпаратты тікелей инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) өкілдерінен алу сияқты бірегей мүмкіндік беріледі. Әр ИПБ өзінің инвестициялау стратегиясын таныстырады және іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. БЖЗҚ мамандары ИПБ туралы ақпаратты қайдан табуға болатынын және салымшы өз таңдауын жасаған болса, жинақтарды қалауы түскен ИПБ-ға қалай аударуға болатыны жайлы түсініктеме береді.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігіне ие болды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын еді. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді: енді БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 50% дейін, ал ерікті жарналарын 100% жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады.
Кездесу онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 13 желтоқсан сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:
1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);
2 сессиясы сағат 14-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 13-30);
3 сессиясы сағат 16-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 15-30).
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:
1 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m40651428fa48c84e603d7b5f20d46b2a
сілтемесімен өту керек.
2 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m3c3614d620419bd04070e459ddb85fac
сілтемесімен өту керек.
3 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m430893819594d673f453ec16d0a8275b
сілтемесімен өту керек.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).