"Шымкент қаласының "Тұран" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 1659 қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37 баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге, "Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешіміне, "Шымкент қаласында құрылған бесінші ауданға атау беру туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 1502 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 20/172-VII шешіміне сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
Шымкент қаласының әкімі |
М. Әйтенов |
|
|
|
Шымкент қаласы әкімдігінің |
|
"Шымкент қаласының "Тұран" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 28.12.2023 № 2913 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Тұран ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті аумақта мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
1) Құқықтары:
мемлекеттік органдардан және қала әкімі аппаратынан қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалануға;
қала әкіміне аудан әкімі аппаратының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс беруге;
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен аудан әкімі аппаратының мәселелері бойынша хат алмасуға;
қала әкімдігі мен әкімінің құзырына жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін қатыстыру үшін тартуға құқылы.
2) Міндеттері:
аудан әкімі аппаратының қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
"Шымкент қаласының "Тұран" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
5) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
7) тарихи және мәдени мұраны, ескерткіштерді күтіп ұстау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді;
9) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;
10) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
11) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
12) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
15) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
16) абаттандыру (балалар ойын алаңшаларын, ашық спорт алаңшаларын орнату және күтіп ұстау; мерекелік безендіру; су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер салу және күтіп ұстау; кіші сәулеттік пішіндерді орнату және күтіп ұстау; көшелерге урналар орнату және күтіп ұстау; жер асты және үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау; көшелердегі аяқ жолдар, қоршаулар мен автотұрақтарды орнату және күтіп ұстау) жұмыстарын ұйымдастырады;
17) саябақтарды, гүлзарларды, су бұрқақтарды, ұңғымаларды күтіп ұстауды ұйымдастырады;
18) көгалдандыру, санитарлық тазарту жөніндегі (көшелерді механикалық, қолмен тазалау және көгалдандыру жұмыстары; тұйықталған жүйелерді жою; бей-берекет жиналған қоқыс орындарын жою) жұмыстарды ұйымдастырады;
19) көшелерді, аулаларды жарықтандыруды ұйымдастырады;
20) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
21) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеуді жүргізеді;
22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
24) өз құзыреті шегінде жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жүзеге асырады;
25) "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін шақыру комиссиясы арқылы жүзеге асырады;
26) мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;
27) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
28) объектілерді (мемлекет мұқтаждығына алынған, авариялық үй-жайларды) бұзуды ұйымдастырады;
29) автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде өкімдерге, шешімдерге, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын қамтамасыз етеді;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) Тұран ауданы әкімінің аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкi
Тұран ауданы әкімінің аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тұран ауданы әкімі аппаратының қарамағында "Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының "Тұран" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК