«Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі конкурстық комиссиясының шешімі (хаттама) негізінде жеңімпазды меморандум жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді.
ӘМАТССН сауда қызметін жүзеге асыру кезеңін кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдері бойынша конкурстық комиссия 12 айға дейін белгілейді (мерзімін ұзарту мүмкіндігі қаралған).
2.7. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге жататын салықтарды, алымдарды, айыппұлдар мен санкцияларды төлеу бойынша орындалмаған міндеті бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алмайды.
3.1. Конкурс өткізу бойынша хабарландыру келесі ақпаратты қамтиды:
1) конкурсқа қатысу тәртібі;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің мерзімі;
3) қажетті құжаттар тізімі;
4) конкурс қорытындысын шығару және жариялау мерзімі.
қойылатын талаптар
4.1. Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы жабық конвертте тапсырады. Конверттің сыртында қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектілері), байланыс телефондары көрсетілуі қажет.
4.2. Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
4.3. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қатысушының арызы мен растайтын құжаттарының көшірмелерінен тұрады.
4.4. Конкурсқа қатысқан кәсіпкерлік субъектілері үшін ұсынылған құжаттары қайтарылмайды.
4.5. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурсқа тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялығын, конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрінде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4.6. Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
5.1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» №166-НҚ бұйрығына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енетін 19 тауар түрін «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі» комиссиямен бекітілген баға деңгейінен асырмай сату міндеттеледі.
5.2. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан кәсіпкерлік субъектісіне өңірлік тұрақтандыру қорының айналым механизімі бойынша айналымға қарыз қаражат беру мәселесі «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі» комиссия қарауына енгізіледі (қажеттілік болған жағдайда).
5.3. ӘМАТССН «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, өрт қауіпсіздігі және жол қауіпсіздігі қағидаларына сай болуы.
5.4. ӘМАТССН-нің иелері өз объектілерінің сыртқы келбетінің күтімін қамтамасыз етуге, оларды таза ұстауға, маңдайшалардағы, құрылымдық элементтердегі зақымдануларды уақытында қалпына келтіруге, тиісті аумақтарды санитарлық күтіп-ұстау, тазалықты ұйымдастыру және тазалық пен ұқыптылықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес іргелес аумақты тазартып, абаттандыру үшін коммуналдық мекемесімен келісім-шарт түзеді.
5.5. Меморандум шартының ажырамас бөлігі болып табылатын эскизге сәйкес, сатылатын өнімдердің бағалары туралы ақпараттық стендттерді орналастырады. Сонымен қатар, стендттердің тұрақты түрде ілініп тұруы міндеттеледі.
5.6. ӘМАТССН-нің иелері объектілерінің аумағында жеке кәсіпкерлік (ИП) және заңды тұлға бойынша ақпаратты орналастырады.
5.7. ӘМАТССН-нің сәулеттік келбеті мен стенд үлгісі меморандум шартының ажырамас бөлігі болып табылатын жобаның ұсынылған эскизіне сәйкес болуы қажет.
5.8. Берілген аумақты басқа тұлғаға беруге тыйым салынады. Қағидада көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ӘМАТССН орналастыру үшін орын беру туралы меморандум күші жойылады, тексеру актісі жасалғаннан кейін хабарлама беріледі және 14 күн ішінде сауда нысаны кәсіпкер есебінен алынып тастауға жатады.
5.9. Қағида талаптары орындалмаған жағдайда, яғни сауда нысаны кәсіпкер есебінен алынып тасталмаса, «Шымкент қаласының аудан әкімі аппараты» бір тараптан алып тастайды.
Комиссияның оң қортындысын алған кәсіпкерлік субъектісі жеңімпаз болып табылады.
6.1. Жеңімпаз келесі 3 негізгі қағидалар бойынша анықталады:
1) тауарларды өндіру бойынша:
- жергілікті тауар өндіруші (Шымкент қаласы) - 3 балл;
- Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері - 2 балл;
2) тауарларды сату бойынша:
- жергілікті өңірде өзіне қарасты сауда желісінің болуы - 3 балл;
- республикада өзіне қарасты сауда желісінің болуы - 2 балл;
3) құрылатын жұмыс орындарының саны бойынша:
- 1 жұмыс орны - 1 балл;
- 2 жұмыс орнынан астам - 2 балл.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі аяқталғанда бір орынға бір ғана өтінім берілген жағдайда, орындарды ұсыну конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.
Бір орынға бір өтінім берілген жағдайда, орын ұсыну туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
Белгілі бір орынға өтінім болмаған жағдайда, конкурс осы орын бойынша ғана өтпеді деп есептеледі және қайта өткізілетін болады. Конкурс қайта өткізіледі.
Екі (2) немесе одан да көп қатысушының өтінімдері бірдей болған жағдайда, жеңімпаз ӘМАТ сатылатын өнім ассортимент түрінің көп болуына байланысты анықталады.
Бір қатысушыға ӘМАТССН орналастыруға бөлінетін орындарының саны конкурстық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
7.1. Ұйымдастырушы жеңімпазға меморандум жасау қажеттілігі туралы хабарлайды.
7.2. Конкурстың жеңімпазы хабардар етілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде меморандумға қол қоюы тиіс (қосымша №3 – меморандум).
7.3. Конкурстың жеңімпазы меморандумға қол қойған күннен бастап 14 күн ішінде сауда нысанын орнатуы тиіс.
7.4. Егер конкурс жеңімпазы белгіленген мерзімде ұйымдастырушыға ӘМАТССН орналастыруға қол қойылған меморандумды ұсынбаса, онда мұндай жеңімпаз меморандум жасаудан бас тартқан деп танылады.