Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №2842 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы қаулысына сәйкес Тұран ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін ораластыру орындарын айқындау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Өтініштерді қабылдау: 2024 жылғы 26 наурыз - 12 сәуір аралығы.

Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады:  Шымкент қаласы, Байтұлы баба 12А, «Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты» ММ, анықтама үшін телефон: жұмыс тел: 8(7252)-77-45-22, ұялы тел 8-701-778-58-55 Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) жұмыс күндері 2024 жылғы 12 сәуір сағат 17:30-ға дейін қабылданады.

Конкурсқа Ереже талаптарында көрсетілген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген, жабық конвертте тапсырады. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:

1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;

2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон,   заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік);

4) эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;

5) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.

Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.

Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын  қамтамасыз етуге міндетті.

Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады. Берілген өтінімдерді өзгертуге рұқсат етілмейді.

Конкурстық құжаттама танысу үшін электрондық түрде https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/documents/details/632848    ресми сайтында жарияланған.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде «Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының» ММ  https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/documents/details/632848    ресми сайтында жарияланады.

 

Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары

№

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелерін орналастыру орындары

Алатын алаңы (шаршы метр)

Қызмет саласы

(Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын сауда нүктелері)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Тұран ауданы

1.                   

Отырар шағын ауданы № 15 үйдің жаны

30

ӘМАТССН

1

2.                   

Байтұрсынов көшесі №88/1 сол жағы

30

ӘМАТССН

1

3.                   

Спорт шағын ауданы Байтұрсынов көшесі №59/6, аялдаманың жаны

30

ӘМАТССН

1

4.                   

Желтоқсан көшесі №4 ғимараттың алды

30

ӘМАТССН

1

5.                   

8 шағын аудан Темірлан тас жолы №21 тұрғын үйдің алды

30

ӘМАТССН

1

6.                   

1 Май көшесі №10/1 ғимараттың оң жағы

30

ӘМАТССН

1

7.                   

Гагарин көшесі №141 ғимараттың алды

30

ӘМАТССН

1

8.                   

Дулати көшесі №200/1, аялдаманың оң жағы

30

ӘМАТССН

1

9.                   

Жаңаталап тұрғын алабы, Абдраймова көшесі №3/4, «Есіркепұлы Қырықбай ата» мешітінің алды

30

ӘМАТССН

1

10.               

Кұрсай ​шағын аудан Алматы тас жолы №15/11, «BekNur gaz» жанар- жағармай құю бекетінің оң жағы

30

ӘМАТССН

1

11.               

Құрсай шағын ауданы Сатқанбайұлы көшесі №3 ғимараттың жаны

30

ӘМАТССН

1

12.               

Спорт шағын ауданы Жандосов көшесі №2 тұрғын үйдің алды

30

ӘМАТССН

1

13.               

Құрсай шағын ауданы Алматы тас жолы №184/16 жаны

30

ӘМАТССН

1

14.               

Қазығұрт шағын ауданы ​Алматы тас жолы №2/4 алды

30

ӘМАТССН

1

 

 

Дата публикации
26 марта 2024