Аналитическая справка по отчету по итогу 3 квартала 2023 года «О работе местного исполнительного органа по внутреннему контролю за качеством оказания государственных услуг по городу Шымкент»

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2023 жылдың 3-тоқсан қорытындысы бойынша есебінің

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан (қызмет берушілері) барлығы: 171 мемлекеттік қызметтерді көрсету қарастырылған.

 2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы:                    9 749 814, жеке тұлғаларға: 9 732 834 және заңды тұлғаларға: 16 980 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 65 536 (үлесі 0,7%), жеке тұлғаларға: 54 024 және заңды тұлғаларға: 11 512 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 22 234, жеке тұлғаларға: 21 310 және заңды тұлғаларға:  924 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 43 302, жеке тұлғаларға: 32 714 және заңды тұлғаларға: 10 588 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 9 684 278 (үлесі 99,3%), жеке тұлғаларға: 9 678 810 және заңды тұлғаларға:                                     5 468 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 8 302 760, жеке тұлғаларға: 8 297 292 және заңды тұлғаларға: 5 468 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 381 518 (жеке тұлға).

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 9 816 бірлік.

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеді.

2023 жыл бойынша ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары бойынша 20 нысан жоспарланған болатын, есептік кезеңде                                   ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хаты негізінде 4 нысан (Еңбекші әкімі аппараты және қалалық жайлы ортаны дамыту, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармалары) жоспардан алып тасталынды.

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша 14 нысан бойынша бақылау іс-шаралары жүрігізіліп, жалпы 115 бұзушылықтар (2022 ж. – 46, 2023 ж. – 69) анықталды.

2023 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша кемшіліктерге жол берген жалпы 46 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 5, орындалғаны – 5.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халыққа 9 іс-шара жүргізіліп, іс-шараға 2 473 адам қамтылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 18 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

  Шымкент қаласы әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023