Ішкі талдау жүргізу объектісінің толық атауы:
«Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Аппарат).
Ішкі талдау жүргізудің негіздері:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» және Тұран ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 мамырындағы №52-н/қ өкімі.
Сыбайластық жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:
1) Аппарат қызметіндегі нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы:
бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі;
9.Сейдематова Алмагуль Куатовна - ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс
және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, жұмыс тобының мүшесі;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2025 – 15.06.2026 жыл аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 13.05.2026 -15.06.2026 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Б. Халмурзаев
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жұмыстарының сипаттамасы:
kpi 1: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық бағыттары бойынша талдаумен қамтылған бөлімшелердің үлесі (%)
2 Жоба: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Құқықтық актілер туралы заңның (бұдан әрі - Заң) 1-бабының
2) тармақшасына сәйкес ереже – қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Сондай-ақ, Заңның 10-бабының, 3-тармағына сәйкес, төмен тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс деп көрсетілген.
Заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау арқылы оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды тұжырымдаумақсатындажүргізіледі.
Сондай-ақ, осы баптың 2-тармағында мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды деп көрсетілген.
Аудан ережесінің 14-тармағы, 22) тармақшасындағы кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді деп қате көрсетілген:
Анықтама үшін: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңы 35-бабының 1-тармағы, 22) тармақшасына сәйкес, қаладағы аудан әкімі қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Медиация туралы заңның 9-бабының 2-тармағында медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) де және қоғамдық негізде (қоғамдық медиатор) де жүзеге асырылуы мүмкін деп көрсетілген.
Ұсыным: Аудан ережесін Құқықтық актілер туралы заңның Заңның 10-бабының, 3-тармағына сәйкес, олқылықтармен қарама қайшылықтар тудырып жатқан кемшіліктерді жоғары тұрған деңгейлердегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкестендіру қажет.
Аппараттың қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің арасында сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтау
Аппараттың істер номенклатурасы бекітілген. Сәйкесінше өкімдерді тіркеу журналдары істер номенклатурасына сәйкес рәсімделген.
Аппаратта 01.04.2025 – 15.06.2026 жыл аралығында жеке құрам бойынша – 190 өкім, негізгі қызмет бойынша – 251 өкім заңнама талаптарына сәйкес әзірленіп, талдау барысында сыбайлас жемқорлық факторларын туындайтын себеп жағдайлар және құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Аппараттың ережесінде және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдау) өкілеттік пен нормалар анықталмады. Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы бөлінген міндеттерінде: басшылық жасайтын бөлімдер мен жетекшілік ететін салалары, құзыреттіліктері мен жауапкершіліктері нақты көрсетілген. Аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында құқықтары, міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын шектеулері бойынша жауапкершіліктері көрсетілген.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтау
2025 жыл I –II тоқсанында штат бірлігі
Аппарат 7 бөлімнен және 1 бағынысты мекемеден («Тұран» КММ) тұрады. Штат саны – 44 мемлекеттік қызметшілер және 37 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер.
Оның ішінде: аудан әкімі – 1 (саяси), әкімінің орынбасары – 3 (Е-1 санаты), аппарат басшысы – 1 (Е-2 санаты), бөлім басшысы – 7 (Е-3 санаты), бас инспектор – 9 (Е-3 санаты), бас маман – 22 (Е-4 санаты) және жетекші маман – 1 (Е-5 санаты).
Анықтама үшін:
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі – штат саны 6 (алты) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманынан тұрады;
Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі – штат саны 6 (бес) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор, 2 (екі) бас маманынан және 1 (бір) жетекші маманынан тұрады;
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі – штат саны 9 (тоғыз) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспекторынан және 6 (алты) бас маманынан тұрады;
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі – штат саны 6 (алты) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспекторынан және 4 (төрт) бас маманынан тұрады;
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі – штат саны 6 (алты) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспекторынан және 4 (төрт) бас маманынан тұрады;
Экономика және жоспарлау бөлімі – штат саны 4 (төрт) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспекторынан және 2 (екі) бас маманынан тұрады;
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі – штат саны 3 (үш) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан және 2 (екі) бас маманынан тұрады.
2025 жыл III –IV тоқсаны 2026 жылдың I тоқсаны штат бірлігі
Аппарат 7 бөлімнен және 1 бағынысты мекемеден («Тұран» КММ) тұрады. Штат саны – 44 мемлекеттік қызметшілер (Негіздеме: Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 маусымдағы №2699 «Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі №13 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы), 37 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер. (Негіздеме: Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Сейтеновтің 2024 жылғы 19 маусымдағы №61 хаттамасы) және 2026 жылдың І тоқсанында 51,5 техникалық қызмет көрсететін қызметкерлер.
Оның ішінде: аудан әкімі – 1 бірлік (саяси), әкімінің орынбасары – 3 бірлік (Е-1 санаты), аппарат басшысы – 1 бірлік (Е-2 санаты), бөлім басшысы – 7 бірлік (Е-3 санаты), бас инспектор – 9 бірлік (Е-3 санаты), бас маман – 23 бірлік (Е-4 санаты).
Анықтама үшін:
Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі – штат саны 5 (бес) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 2 (екі) бас маманынан тұрады;
Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі – штат саны 6 (алты) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор, 3 (үш) бас маманынан тұрады;
Қоғамның орта сапасын дамыту бөлімі – штат саны 9 (тоғыз) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас инспектор және 6 (алты) бас маманынан тұрады;
Инфрақұрылым және абаттандыру бөлімі – штат саны 6 (алты) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 4 (төрт) бас маманынан тұрады;
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі – штат саны 6 (алты) бірлік: 1 (бір) бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 4 (төрт) бас маманынан тұрады.
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі – штат саны 3 (үш) бірлік; 1 (бір) бөлім басшысынан, 2 (екі) бас маманынан тұрады;
Экономика және жоспарлау бөлімі – штат саны 4 (үш) бірлік; 1 (бір) бөлім басшысынан, 1 (бір) бас инспектор және 2 (екі) бас маманынан тұрады.
Талдау кезеңінде, 12 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылған:
Тәртіптік жазаларды қолдану
2025 жылдың 3 сәуіріндегі №74-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін аудан әкімінің орынбасары Асылжан Даулетханұлына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 29 сәуіріндегі №91-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Мейрамбек Мусаұлы Тастановқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 6 мамырдағы №93-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы Қазына Қайратқызы Елемеске «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 15 мамырдағы №95-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бакберди Амзеевич Халмурзаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 24 маусымдағы №114-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі орынбасарының м.у.а. Талғат Сәлінұлы Сәлінге «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 27 маусымдағы №115-ж/қ өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін аудан әкімі аппаратының инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің басшысы Нуржан Ермекович Ибрагимовке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 11 шілдедегі №130-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 44-бабы 3-тармағының 3)тармақшасына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас маманы Ырысалы Жаиынұлы Мүтәліге «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 22 шілдедегі №135-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы Қазына Қайратқызы Елемеске «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды
2025 жылғы 3 қыркүйектегі №156-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бакберди Амзеевич Халмурзаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 30 қазандағы №192-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас инспекторы Римма Құдайбергенқызы Досанға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 13 қарашадағы №197-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас инспекторы Баглан Бакенович Макулбековке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2025 жылғы 18 қарашадағы №206-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Ерикжан Жаксыбаевич Мусаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2026 жылғы 23 қаңтардағы №16-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 64-бабы 2-тармағына және 65, 66 баптарына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Нурбек Пазылбекович Канаевқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2026 жылғы 16 наурыздағы №34-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Мейрамбек Мусаұлы Тастановқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2026 жылғы 19 наурыздағы №36-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін аудан әкімінің аппараты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Мақсат Ордабаевич Анламасовқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2026 жылғы 19 наурыздағы №37-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін инфрақұрылым және абаттандыру бөлімінің бас маманы Ырысалы Жаиынұлы Мүтәліге «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
2026 жылғы 31 наурыздағы №38-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы Дінмухамед Берікұлы Омековке «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Талдау барысында тәртіптік жаза қолдану кезінде заңдылықты бұзушылықтар анықталмады.
Талдау барысында тәртіптік комиссия құрылған заңдылықты бұзушылықтар анықталмады.
Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау барысында аппарат қызметіне зиян келтіруі мүмкін мүдделер қақтығысының белгілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Аппаратта 3 (үш) мемлекеттік қызметті көрсету жүзеге асырылады. 01.04.2025-01.06.2026 жыл аралығында 1391 өтініш бойынша мемлекеттік қызметтің нәтижесі берілді.
Ішкі талдау барысында:
Спорттық разряд беру бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметі бойынша мерзімдердің бұзылуы анықталмады.
Ұсыным:
Аудан әкімі аппаратында келіп түскен өтініштерге жүргізілген талдаудың нәтижесі бойынша жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер анықталған жоқ.
Рұқсат етуші функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде «Рұқсат етуші функциялары» қарастырылмаған.
Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппараттың құзыретінде «Бақылау функциялары» қарастырылмаған.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бюджет бойынша 2025 жылға талдау
Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты бойынша 2025 жылға қаралған қаржы барлығы 7 379 811,0 мың теңге. Оның 7 379 790,0 мың тг игеріліп, яғни 99 % құрайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – – 457 593,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 457 587,2 мың теңге, яғни орындалу 99,9% - 5,8 мың теңге нақты шығыстан үнемделген қаржы.
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша бойынша – – 18 612,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 18 611,6 мың теңге, 0,4 мың теңге МСА-дан үнемделген қаржы, яғни орындалу 100% .
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша – 13317,0 мың теңгежоспарланып, оның 13 316,4 мың теңгесі игерілді, 0,6 нақты шығыстардан үнемделген қаржы, яғни орындалу 100%.
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша – 2 600 687,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 2 600 686,7 мың теңге 0,3 мың теңге, мемлекеттік сатып алулардан үнемделген қаржы, яғни игеру көрсеткіші 100 пайыз.
Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппаратына қарасты «Тұран» КММ-нің 2025 жылға жоспар бойынша 123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша – 3 662 785,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 3 662 771,5 мың теңге, 13,5 мың теңге үнемделген қаржы.
123 032 «Ведомоствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы бойынша – 626 817,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 626 816,8 мың теңге, 0,2 мың теңге МСА-дан үнемделген қаржы, яғни 100 пайыз игерілді.
мың тг.
|
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2025 жылға жоспар |
2025 жылға игерілгені |
|
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
457 593,0 |
457 587,2 |
|
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» |
18 612,0 |
18 611,6 |
|
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» |
13 317,0 |
13 316,4 |
|
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» |
2 600 687,0 |
2 600 686,7
|
|
«ТҰРАН» КММ |
||
|
123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
3 662 785 |
3 662 771,5 |
|
123 032 «Ведомоствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» |
626 817,0 |
626 816,8 |
Бюджет бойынша 2026 жылдың І тоқсанына талдау
Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты бойынша 2026 қаржы жылының І тоқсанына барлығы 5 460 751,0 мың теңге қаралған. Қаржы жоспары бойынша оның 586 324,0 мың тг игеріліп, яғни 10 % құрайды. Бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша – 506 816,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 103 685,0 мың теңге, яғни орындалу 20% құрайды.
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша бойынша – 21 000,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 990,0 мың теңге, яғни орындалу 4 %.
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша - 13 379,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 1 976,0 мың теңге, яғни орындалу 14% құрайды.
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша – 103 214,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 2 113,0 мың теңге, яғни орындалу 2% құрайды.
Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппаратына қарасты «Тұран» КММ-нің 2026 жылға жоспар бойынша 4 816 342,0 мың теңге қаралды, оның нақты игерілгені – 475 438,0 мың теңге. Яғни, орындалуы 10%.
мың тг.
|
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
2025 жылға жоспар |
2025 жылдың І тоқсанына жоспар |
Игерілгені |
|
123 001 «Қаладағы аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» |
506 816,0 |
103 685,0 |
103 685,0 |
|
123 006 «Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» |
21 000,0 |
990,0 |
990,0 |
|
123 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» |
13 379,0 |
1 976,0 |
1 976,0 |
|
123 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» |
103 214,0 |
2 113,0 |
2 113,0 |
|
«ТҰРАН» КММ |
|||
|
123 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» |
4 816 342,0 |
475 438,0 |
475 438,0 |
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылға талдау
Аудан әкімі аппаратында 2025 жылдың басынан бастап, аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, аудан аумағын тазалығын сақтау, мерекелік мәдени іс шаралар өткізу және аппарат қызметі бойынша тауарлар сатып алу бағытында 282 мемлекеттік сатып алу келісім шарттары түзілген.
Оның ішінде: 72 – ашық конкурс тәсілімен, 31 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 25 – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен, 18 – тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден тәсілімен, 99- электронды дүкен О-маркет тәсілімен, 37 – сатып алу шарттары Рейтингтік-баллдық жүйені қолдану тәсілімен түзілген. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында құқық бұзушылықтар орын алмаған.
|
Сатып алу тәсілі |
Саны |
|
Ашық конкурс тәсілімен |
72 |
|
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен |
31 |
|
Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен |
25 |
|
Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден сатып алу тәсілімен |
18 |
|
Электронды дүкен О-маркет арқылы |
99 |
|
Рейтингтік-баллдық жүйені қолдану тәсілімен |
37 |
|
Барлығы |
282 |
Мемлекеттік сатып алу бойынша 2026 жылдың І тоқсанына талдау
Аудан әкімі аппаратында 2026 жылдың І тоқсанында, аудан аумағындағы көпқабатты үй аулаларын абаттандыру, аудан аумағын тазалығын сақтау, мерекелік мәдени іс-шаралар өткізу және аппарат кызметі бойынша тауарлар сатып алу бағытында 49 мемлекеттік сатып алу келісім шарттары түзілген. Онын ішінде: 4 – ашық конкурс тәсілімен, 8 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен, 5 – өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен, 10 – тікелей шарт тұжырымы бір дерек көздерден тәсілімен, 22 – электронды дүкен О-маркет тәсілімен, 0 – сатып алу шарттары Рейтингтік-балдык жүйені колдану тәсілімен түзілген. Мемлексттік сатып алуларды жүргізу барысында кұқық бұзушылықтар орын алмаған.
|
Сатып алу тәсілі |
Саны, дана |
|
Ашық конкурс |
4 |
|
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен |
8 |
|
Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен |
5 |
|
Тікелей шарт тұжырымы бір дереккөздерден сатып алу тәсілімен |
10 |
|
Электронды дүкен О – маркет арқылы |
22 |
|
Рейтингтік – балдық жүйені қолдану тәсілімен |
0 |
|
Барлығы |
49 |
Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталған жоқ.
Инфрақұрылым бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Аудан аумағын абаттандыруға, көпқабатты үй аулаларына балалар ойын алаңшаларын, спорт алаңшаларын орнату, абаттандырылған нысандардың пайдалануын қадағалау жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Аудан тұрғындарынан түскен өтініштер негізінде балалар ойын алаңшаларын және ашық спорт алаңшаларын орнатуға жер телімдерін анықтап, заңдастыру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.
Мемлекеттік сатып алу негізінде түзілген келсімшарт негізінде «Өнім беруші» атқарған жұмыстарды «Тапсырыс беруші» растап қабылдайды.
Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер мекемемен тікелей байланысы.
Ұсынымдар:
Кәсіпкерлікті қолдау бөлімі (бұдан әрі – бөлім) аудан аумағында заңсыз сауда, заңсыз жарнама орындарын анықтау бойынша бірлескен мониторингтік жұмыстарды жүргізеді.
Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағы 9 секторға бөлінген. Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесіп, заңсыз құрылыстар бойынша аралау жұмыстары жүргізіледі.
Ретсіз сауда қатарларын реттеу – аудан аумағындағы басты көшелерде белгіленбеген орында сауда жасаушы тұлғаларға ретсіз сауда қатарын реттеу бойынша Шымкент ҚПД Тұран аудандық полиция басқармасымен бірлесіп тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тәуекел: бөлім қызметкерлері мен кәсіпкерлердің арасындағы тікелей байланыс.
Ұсыным: басқармада қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі аудан аумағындағы көшелерге QR коды бар тақтайша қоюды, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады.
Тәуекел: Бөлімге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары мен бөлім қызметкерлерінің мердігер ұйыммен тікелей байланысы.
Ұсыным:
- жүргізілген сатып алу тәсілі, сомасы, жеңімпаз мердігер т.б. ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшаларына ашық ақпаратты орналастыру, орындалған жұмыстарды қабылдап алу бойынша тікелей эфирлер түсіру, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуді күшейтуді қамтамасыз етілсін.
- Жеткізілген тауар,орындалған қызмет немесе жұмыс сапасын үшінші тарап сарапшы арқылы тексеру.
Әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендердің уәкілетті органнан келген тізімі бойынша, бектілген мерзіміне сәйкес, учаскелік комиссиялардың уақытылы жұмыс жүргізуін ұйымдастыру және уәкілетті органға қорытындыларды уақтылы тапсыру.
Тәуекел: Атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы.
Ұсыным: Өтініш беруші мен комиссия мүшелелерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тексеру кезінде қолданылатын видеожазба жүргізетін жетон қолдану қауіптерден арылтады.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалануға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Талдау барысында тәукелдер анықталмады.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі басқа да мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
13.05.2025 – 15.06.2026 жылдар аралығында арыз-шағымдарды қарау бойынша талдау
Аудан әкімінің 2025 жылғы 13 қарашадағы №197-ж/қ өкімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес: өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамай, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас инспекторы Мақұлбеков Бағланға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
|
Санаттар |
Барлығы |
|
БАРЛЫҚ ТІРКЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР |
1676 |
|
оның ішінде |
|
|
телнұсқалар |
63 |
|
шағымдар |
41 |
|
келіп түсу көздері: |
|
|
пошта |
3 |
|
оның ішінде: |
370 |
|
"Е-өтініш" АЖ |
1303 |
|
түрлері бойынша: |
|
|
өтініштер |
1456 |
|
шағымдар |
69 |
|
ұсыныстар |
76 |
|
басқасы (хабарлама, сұрату, үн қосу) |
75 |
|
тікелей МО-ға келіп түскендері |
987 |
|
төмендегілерден қайта бағытталғандары: |
|
|
ОМО |
75 |
|
ЖАО |
142 |
|
ведомстволық бағынысты ұйымдардан |
209 |
|
басқа ұйымдардан |
28 |
|
төмендегілерден қайта бағытталғандары: |
|
|
ОМО |
67 |
|
ЖАО |
29 |
|
басқа ұйымдардан |
4 |
|
МО-да ҚАРАЛДЫ |
1098 |
|
қарау нәтижесінде қабылданған шешім: |
|
|
әкімшілік акт қабылданды |
824 |
|
қолайлы әкімшілік акт қабылданды |
824 |
|
ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды |
0 |
|
о.і. тыңдау өткізілмеген |
0 |
|
авторға жауап берілді |
53 |
|
тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) |
133 |
|
Назарға алынды (ӘРПК 89-бап) |
32 |
|
Басқасы |
45 |
|
қарау мерзімі ұзартылды |
0 |
|
мерзімі бұзылып қаралды |
1 |
|
ШАҒЫМ ТҮСКЕН ӘКІМШІЛІК АКТІЛЕР |
35 |
|
МО-да, оның ішінде |
35 |
|
ҚАРАУҒА ҚАЛҒАНДАРЫ |
30 |
|
ҚАЙТА БАҒЫТТАЛДЫ |
596 |
|
ОМО |
45 |
|
ЖАО |
524 |
|
ведомстволық бағынысты ұйымдарға |
21 |
|
басқа ұйымдарға |
6 |
|
ҚАЙТА БАҒЫТТАЛДЫ |
135 |
|
ОМО |
30 |
|
ЖАО |
100 |
|
ведомстволық бағынысты ұйымдарға |
4 |
Ұсыным: өтініштер санын азайтып, тұрғындардың мәселелерінің басым бөлігінің оң шешімдерін табу мақсатында жеке қабылдау санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылсын.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2025 жылға талдау
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендердің уәкілетті органнан келген тізімі бойынша, бектілген мерзіміне сәйкес, учаскелік комиссиялардың уақытылы жұмыс жүргізуін ұйымдастыру және уәкілетті органға қорытындыларды уақтылы тапсыру.
Аудан аумағында құрылған 5 учаскелік комиссия мерзімінде Тұран ауданы мансап орталығы және жұмыспен қамту орталығына тізімге сәйкес жолдануда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2025 жыл бойы өтініш білдіріп, қорытынды алған отбасылар төмендегідей:
|
Атауы |
2025 жыл 1 – тоқсан |
2025 жыл 2 – тоқсан |
2025 жыл 3 – тоқсан |
2025 жыл 4 – тоқсан |
|
Барлығы |
878 |
596 |
515 |
359 |
|
Мұқтаж |
826 |
572 |
460 |
346 |
|
Мұқтаж емес |
52 |
24 |
55 |
7 |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша
2026 жылға талдау
Аудан аумағында құрылған 5 учаскелік комиссия мерзімінде Тұран ауданы мансап орталығы және жұмыспен қамту орталығына тізімге сәйкес жолдануда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2026 жылы II-тоқсанында өтініш білдіріп, қорытынды алған отбасылар төмендегідей:
|
Атауы |
2026 жыл I – тоқсан |
2026 жыл II – тоқсан |
|
Барлығы |
327 |
245 |
|
Мұқтаж |
311 |
220 |
|
Мұқтаж емес |
16 |
25 |
Ұсыным: Өтініш беруші мен комиссия мүшелелерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тексеру кезінде қолданылатын видеожазба жүргізетін жетон қолдану қауіптерден арылтады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша
ішкі талдау нәтижелері
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, құқық бұзушылық туралы ақпарат:
ықтималдығы.
Ішкі талдау аясында 5 тәуекел анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар: