Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың 32 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау кезінде қолда бар лауазымдарды екі санатқа – басшылар мен орындаушыларға бөлуі тиіс.
Шешімдер қабылдау және ұйымдық-шаруашылық функцияларды жүзеге асыру құқығының болуын ескере отырып, басшылардың барлық санаты жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына жатады, сондықтан оларды функционалдық міндеттерін талдаусыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарға жатқызу керек.
Орындаушылар лауазымдарының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық функцияларының тізімін негізге ала отырып айқындалады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
«Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Аудан әкімінің орынбасарлары, Бөлім қызметкерлері (қоғамның орта сапасын дамыту бөліміне жетекшілік ететін) |
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары |
Мердігерлермен орындалған жұмыстарды қабылдау |
|
2 |
Аудан әкімінің орынбасарлары, Бөлім қызметкерлері (инфрақұрылым және абаттандыру бөліміне жетекшілік ететін) |
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары |
Мердігерлермен орындалған жұмыстарды қабылдау |
|
3 |
Бөлім қызметкерлері (әлеуметтік қорғау бөліміне жетекшілік ететін) |
Атаулы әлеуметтік көмекке үміткерді анықтау жұмыстары |
Атаулы әлеуметтік көмекке үміткерлер мен учаскелік комиссияның тікелей байланысы
|
|
4 |
Бөлім қызметкерлері (кәсіпкерлікті қолдау бөліміне жетекшілік ететін) |
Заңсыз сауда, заңсыз жарнама орындарын анықтау жұмыстары |
Кәсіпкерлермен тікелей байланыс. |