GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 октября 2026
Конкурс қорытындылары туралы ақпарат

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 2026 жылғы 10 тамыздағы «Шымкент қалалық өзбек драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры) бос лауазымына орналасуға арналған электрондық конкурстың өткізілмеді деп танылғанын хабарлайды.

12 октября 2026
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 9 айлық есебі

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді  

дамыту және архивтер басқармасының 9 айлық есебі

       

        Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2026 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

 

  1. ЖАЛПЫ КӨРСЕТКІШТЕР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

 

        Бүгінде басқармаға қарасты 22 мәдениет мекемесі қала тұрғындары мен қонақтарына тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Олардың қатарында 7 театр, 6 кітапхана (37 филиал), Музейлер бірлестігі, Шымкент циркі, Зоологиялық саябақ, Шымкент концерт концерттік ұйымы, Концерттік-көрме орталығы, Мемлекеттік архив, Тілдерді оқыту әдістемелік орталығы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, сондай-ақ Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы
(дирекцияға қарасты 5 клуб, 5 мәдениет үйі) бар.

Мекемелердегі штат саны – 2537 адамды құрайды.

2026 жылға Шымкент қаласының м әдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына 13 111 ,8 мың теңге жоспарланған. 2026 жылдың 9 айына 9 646,6 мың теңге жоспарланып, 9 518,6 мың теңге игерілген, яғни 98,7% орындалды.

 

 

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР

Есепті кезеңде   4 814  мәдени-бұқаралық және ресми                   іс-шаралар өткізіліп,  3 033 021 адам қамтылды.

Оның ішінде ауқымды көлемде:

  • 2 республикалық;
  • 55-тен астам мемлекеттік және мерейтойлық іс-шаралар өткізілді.

 Ауқымды шаралардың басы 1-наурыз Алғыс айту күнімен басталып, «Наурызнама» онкүндігі аясындағы іс-шаралармен жалғасты.

ҚР «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес барлық мемлекеттік мерекелер тиісті деңгейде ұйымдастырылып келеді.

Нақты айтқанда:

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні;

 23 сәуір –  «Ұлттық кітап күні» апталығы және «Кітапханашылар күні» мерекесі;

18 мамыр-Халықаралық  музейлер күні акциясы;

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні;

«Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар  оркестрінің «Саз тербеген Шымкент» атты шығармашылық кеші;

 Қала күніне арналған  гала-концерті;

«Шырайлы, шежірелі құтты мекен..» республикалық ақындар айтысы;

«Абай әлемі» қалалық байқауы;

Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Бақыт құшағында» іс-шарасы.

Сонымен қатар атаулы даталар күйші
Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына,
Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл
, палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына 155 жыл, ақын, драматург
Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығы, жазушы, композитор
Илья Жақановтың 90 жылдығы, композитор, әртіс
Латиф Хамидидің 120 жылдығы, опера әншісі
Әлібек Дінішевтің 75 жылдығы арналған кітап көрмелері жасақталып, танымдық, тақырыптық, әдеби-сазды кештері мен мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Ө.Жәнібековтің туғанына 95 жыл «Ұлт мәдениетін ұлықтаған тұлға» республикалық ғылыми конференциясы өткізілді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2024 жылдан бастау алып, жүзеге асырылып келе жатқан «Шымқала кештері» жобасы аясында демалыс күндері қала саябақтары мен ашық алаңдарда тұрақты концерттік бағдарламалар қойылып келеді, өз кезегінде бұл жоба тұрақты форматқа көшіп, тұрғындар арасында кең қолдауға ие болып, мәдени имидж қалыптастырды.

Жылдық жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жоспарға сәйкес бірқатар іс-шаралар өткізілетін болады.

 

 

Театр саласы бойынша

Қаламызда 7 театр халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Штаттық құрам бойынша жалпы қызметкерлер саны –
834 адам, оның ішінде шығармашылық қызметкерлер
448 адам. 

 2026 жылдың 9 айында аталған театрларда тарихи-драма, комедия, опера бағыттарында және балаларға арналған 25 премьера қою жоспарланып, бюджет есебінен
150 млн 201 мың теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге                        7 театрда  22 жаңа спектакль. 846 ағымдағы қойылым,               14 концерт сахналанды (Г.Доницетти «Махаббат сусыны», У. Шекспир «Гамлет», М. Булгаков «Сон в 8 картинах», Й. Лада «Гонза и волшебные яблоки» Р. Тома «8 любящих женщин», Р. Отарбаев «Махаббат мұнарасы», А. Қодири «Той», Р. Мухаммаджанов «Алдағанға әйел жақсы», У. Абдраимов  «Әлемнің мәні әйелде»,  Қ. Аманжол «191» комедиясы).  Жалпы 157 353 көрермен қамтылды (ақылы 80 699, ақысыз 76 664).

ШЫМКЕНТ-ЦИРК

 

     Есепті кезеңде циркте 2 премьера, ағымдағы 47 қойылым көрерменге ұсынылды, (30 855 көрермен, ақылы келушілер
15 412, ақысыз келушілер 15 443)
қамтылған. (Штаттық құрам бойынша жалпы қызметкерлер саны – 197 адам, оның ішінде шығармашылық қызметкерлер
99  адам)
Сонымен қатар цирк қойылымдарын сүйемелдеп отыратын және цирктің түрлі іс-шараларында өнер көрсететін «Шымкент-цирк» эстрадалық оркестр ұжымы (22 адам) жұмыс жасайды.

      Жыл сайын тұрақты түрде «Наурыз думан», «Жазғы демалыс» қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.

      2024 жылдан бастап цирк әртістері  Қытай елінде түрлі жанрдағы халықаралық бағдарламаларда өнер көрсетіп,  тәжірибе алмасудан өтіп жатыр.

                               КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМДАР БОЙЫНША

               Түркістан сарайы мен Қызғалдақ сарайы концерттік залдарында және 10 мәдениет үйлерінде 504 іс-шара ұйымдастырылып, 148 553 көрермен қамтылды.

Бұдан бөлек, есепті кезеңде концерттік-көрме орталығында 37 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 48 050 көрермен қамтылды.

 

МУЗЕЙ САЛАСЫ БОЙЫНША

Шымкент қаласы бойынша «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК-ны жұмыс жасайды. Бірлестік Саяси
қуғын-сүргін құрбандарының музейі, Ерлік музейі, Абай музейі, Сайрам музейі, Шым қала тарихи-мәдени кешені бөлімдерінен тұрады. Бүгінде жалпы экспонат саны – 32 103, оның 
27 186-ы  электронды форматқа енгізілген. 

Есепті кезеңде бірлестік бөлімдерімен қоса  29 көрме,  1646 экскурсия, 17 көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 40 318 келушілер қамтылған. Музейлер қоры 306 дана экспонаттар электронды форматқа енгізілді.

ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫ

        Республика бойынша 2014 жылы алғаш рет Шымкент қаласында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ашылды. Орталықта салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіліп,  рухани мәдени мұраларды насихаттау мақсатында жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіліп келеді. Есепті кезеңде 9 іс-шара өткізіліп, 182 экскурсия жүргізілді. Іс-шараларға келуші көрермендердің саны 9 652 келуші (оның ішінде: ақылы келушілер
5200 адам, ақысыз келушілер 1842 адам, 46 қызметкер)
.

 

ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА БОЙЫНША

 

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 188 тарихи-мәдени мұра обьектілері бар. Оның 70 – археология,  9 – архитектура,
3 – киелі  нысандар болса, 106 – монументті өнер құрылыстары (ескерткіштер мен бюсттер). Аталған мәдени мұра нысандарының
7-і республикалық, 8-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер.

Соңғы үш жылда қалада монументтік өнер құрылыстары орнатылмаған. Заңсыз орнатылған ескерткіштер жоқ.

Анықтама ретінде: 7 – Республикалық:  Сайрам (Испиджаб) қалашығы, VІІІ-ХVІІ ғ.,  Әбдел-Әзіз баб кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Ибрагим ата кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Қожа Салық кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Мірәлі баб кесенесі, XIII-ХVIІI ғ., Қарашаш ана кесенесі, XII-ХVIІI ғ.,  Хызыр мұнарасы, ХІХ ғ.

8 – Жергілікті: Металлургтар сарайы 1950 ж. ортасы, Тұрғын үй ХХ ғ. басы, Никольский шіркеуі ХХ ғ. басы, Мектеп 1950 ж. ортасы, Шымкент қалашығы б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ., Оба (патшалық) І-ІV ғғ., Оба қорымы (4) б.з.д. І мың ж.,  Жеке оба б.з.д. І мың ж.

ОНОМАСТИКА БОЙЫНША

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 4 116 көше бар.
Оның ішінде 3 892 көшенің атауы бар, атауы жоқ 224, атауы қайталанатын 44, идеологиялық тұрғыдан ескірген көше 226.

Биылғы жылға Кеңес Одағының батырлары
Тоғанбай Қауымбаев (Абай ауданы, Бозарық ш.а., ұзындығы 2 км) пен Лесбек Жолдасовтың (Қаратау ауданы, Сайрам т.а., ұзындығы 2 км) есімдерін көшелерге беру жөніндегі ұсыныстар тиісті тәртіппен қаралып, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Ал 2027 жылға арналған Жол картасы бойынша жұмыстар 2027 жылғы 1 сәуірден бастап басталады. Қаланың көшелеріне, даңғылдарына, скверлері мен аллеяларына, шағын аудандарына және басқа да нысандарына атау беру кезінде Уәкілетті органмен (ҚР МАМ) айшықталған арнайы әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынады.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 21 ақпанда Республикалық ономастика комиссиясының отырысында бекітілген Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар және белгілі тұлғалардың есімдерін беру кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады.

Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, аудан әкімдіктері тарапынан көше атаулары жазылған тақтайшаларды орнату жұмыстары жүргізілуде. 

2026 жылға барлығы бес ауданда:

Абай ауданында – 315 көшеге 15 706 тақтайша;

Әл-Фараби ауданында – 383 көшеге 6 857 тақтайша;

Еңбекші ауданында – 165 көшеге 8 400 тақтайша;

Қаратау ауданында – 365 көшеге 10 000 тақтайша;

Тұран ауданында – 147 көшеге 6 000 тақтайша орнату жоспарланған.  

Бұл жұмыстардың барлығының түпкі мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына көшелерді оңай табуға жағдай жасау, қаланың көркін қалыптастыру және көше атауларын біріздендіру.

Қорыта келгенде, ономастика саласындағы жұмыстар қолданыстағы заңнамаға және Республикалық ономастика комиссиясының талаптарына сәйкес, жүйелі түрде жалғасады.

ТІЛ САЯСАТЫ БОЙЫНША

 

Шымкент қаласында тіл саясаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күнге қала тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру үлесі 98,6 пайызды құрайды.

Мемлекеттік мекемелерде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қала әкімінің өкімі негізінде жоспарлы тексерулер арқылы жүзеге асырып келеміз.

Қаладағы мемлекеттік мекемелердің тілдік ахуалы тұрақты түрде мониторингтен өткізіледі. Атап айтқанда, қалалық басқармалар мен аумақтық мекемелердің ішкі құжат айналымына тоқсан сайын зерделеу жүргізіліп, оның нәтижелері уәкілетті органға ұсынылады. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ресми интернет-ресурстарының заң талаптарына сәйкестігі қаралады.

Жарнама және көрнекі ақпарат саласында да тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылдың басынан бері LED-экрандарда орналастырылатын 300-ден астам жарнамаға және
6 кәсіпкерлік нысанның маңдайша эскизіне келісім берілді.

Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі – ЕРАП арқылы анықталған бұзушылықтар бойынша 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанға ескерту беріліп, 2 нысанға әкімшілік айыппұл салынды.

Ал 2026 жылдың үшінші тоқсанында «Е-Өтініш» порталы арқылы келіп түскен 90 өтінім қаралды. Оның ішінде 71 эскиз жобасының мәтініне түзету енгізіліп, 19 жоба бастапқы нұсқасында келісілді.

Бұдан бөлек, 421 нысан иесіне ұсыным берілді. Қазіргі уақытта 49 нысанда анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде.

Енді маңдайшаларды орналастырудың жаңа тәртібіне тоқталайын. 

2026 жылғы 1 қазаннан бастап маңдайшаларды орналастыруға қатысты жаңа талаптар күшіне енді.
2025 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге байланысты алғаш рет «маңдайша» ұғымы енгізіліп, 21-бап маңдайшаны орналастыруды келісу тәртібімен толықтырылған болатын. Жаңа талаптарға сәйкес жеке және заңды тұлғалар маңдайшаны орналастырудың болжамды күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама беруге тиіс.

Хабарламаға маңдайшаның орналасқан жері туралы мәліметтер және оның эскизі қоса ұсынылады. Ұсынылған эскиздің мәтіні Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.

Егер эскизге қатысты ескертулер болса, анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана маңдайшаны орналастыруға мүмкіндік беріледі.

Сонымен бірге заңнамада өтініш берушінің құқығы да нақты белгіленген. Егер жергілікті атқарушы орган хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап бермесе, өтініш беруші маңдайшаны өзі көрсеткен мерзімде орналастыруға құқылы.

Мемлекеттік қызметті қағаз және электрондық форматта көрсету қарастырылған. Электрондық қызмет «Цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы ал қағаз жүзінде қызметті көрсетуші орган яғни, Басқарманың кеңсесі арқылы ала алады.

Тілдерді оқыту бағыты бойынша

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің маңызды бағыттарының бірі – тұрғындарға тіл үйрету және тіл мәдениетін дамыту. 

Осы бағытта Басқармаға қарасты Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы жүйелі жұмыс жүргізуде.

2026 жылдың 9 айында орталықта 111 оқу тобында 1 290 тыңдаушы тілдік курстармен қамтылды.

Оның ішінде қазақ тілін – 679, орыс тілін – 114, ағылшын тілін 497 адам меңгеруде.

Тыңдаушылардың этникалық құрамы бойынша: 881 – қазақ, 169 – орыс, 195 – өзбек және 45 тыңдаушы өзге этнос өкілдері.  

Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл мәдениетін дамыту мақсатында жыл басынан бері
5 қалалық байқау, 2 семинар, 2 дөңгелек үстел, 1 ақпараттық сағат және 1 форум өткізілді.

Анықтама: Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы мен Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына арналған «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқау, «Ана тілі және отбасы – 2026», мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері» байқауы және этнос өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ «Кәсіби этика, педагогикалық дағдылар және құжат тілі» семинары, «Кәсіби педагогтің сөйлеу шеберлігі» дөңгелек үстелі және басқа да бірқатар іс-шаралар өткізілді.

26–27 маусымда тіл мамандарына арналған «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» семинар-тренингі ұйымдастырылды.

3 қыркүйекте қазақ тілін цифрландыру, заманауи технологияларды қолдану және мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту мақсатында «Қазақ тілі – цифрлық кеңістікте: технология, инновация, даму» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

4 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Қазақ тілі – Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілді заманауи форматта насихаттау мақсатында жасанды интеллект технологиялары да қолданылуда.

Сонымен қатар, өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін қарапайым деңгейде үйретуге арналған 16 телевизиялық бейнесабақ әзірленді. Бұл бейнесабақтар тамыз-қыркүйек айларында «Оңтүстік» телеарнасынан көрсетіліп, YouTube платформасына орналастырылды.

Алдағы кезеңде де тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру, заманауи оқыту әдістерін кеңінен енгізу, тіл үйрету сапасын жетілдіру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша жұмыстар жалғасын табады.

 

АРХИВ САЛАСЫ БОЙЫНША

2026 жылға бектілген жоспар бойынша цифрландыруға жататын құжаттар көлемі  - 750 000 парақ, есепті кезеңде орындалғаны 591 832 парақ саны.

Архив саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 9 айда 8 502 өтінім қаралды. Оның ішінде қағаз түрінде 2 602, электронды түрде 5 900. Қазақстан бойынша
7 626 өтінім, ТМД елдері бойынша 76 өтінім.

Кәсіби білікті арттыру бойынша архив қызметкерлері қала умағында орналасқан мекемелердің қызметкерлеріне
6 семинар, 47 (е-архив бойынша 30, іс жүргізу бойынша 17) өндірістік оқу өткізді.

КІТАПХАНА САЛАСЫ

Шымкент қаласының кітапханаларында тұрғындардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап қорын толықтыру және оқырмандарға сапалы қызмет көрсету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жылдық жоспарға сәйкес кітапханаларға 293 965 оқырман тарту көзделген. Есепті кезеңде оқырмандар саны 219 997 адамды құрады.

Сонымен қатар кітапханаларға келушілер саны 1 миллион 495 мың 158 адам.

Жыл басынан бері кітапханаларда оқырмандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, кітап оқуды насихаттауға және әдеби-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған
1 397 іс-шара өткізілді.

Оқырмандарға 3 048 931 дана кітап берілді.

Қазіргі таңда кітапханалардың жалпы кітап қоры
1 862 829 дананы құрайды.

Оның ішінде:

қазақ тіліндегі басылымдар – 648 705 дана;

орыс тіліндегі басылымдар – 1 178 921 дана;

өзге тілдердегі басылымдар – 35 203 дана.

Көркем әдебиеттің жалпы қоры – 920 071 дана. Оның ішінде прозалық шығармалар – 706 440, поэзиялық шығармалар –
177 301, драмалық шығармалар – 36 330 дананы құрайды.

Кітап қорын жаңарту және толықтыру жұмыстарына үнемі ерекше мән беріледі. 2026 жылға кітап сатып алуға 30 млн теңге қаржы қарастырылып, нақты игерілген қаржы көлемі
23 млн 795 мың 100 теңгені құрады.

Есепті кезеңде кітапханаларға 16 644 жаңа басылым келіп түсті. Оның ішінде 5 609-ы – жаңа кітаптар.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР

  2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Басқармаға қарасты шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар республикалық және халықаралық деңгейдегі концерттерге, фестивальдерге, мәдени іс-шаралар мен байқауларға белсенді қатысып, ұлттық мәдениетті дәріптеу, халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайту және Шымкент қаласының шығармашылық әлеуетін таныту бағытында жүйелі жұмыстар атқарды.
         Атап айтқанда, «Қазына» халық би ансамблі Мысыр Араб Республикасының Асуан қаласында өткен «Aswan International Festival for Culture and Arts» халықаралық фестиваліне, Өзбекстан Республикасында «Әндіжан – 2026 Түркі әлемінің мәдени астанасы» халықаралық іс-шарасына, Чехия Республикасының Стражнице қаласында өткен 81-ші Халықаралық фольклор фестиваліне, Түркия Республикасының Анкара және Тоқат қалаларында өткен «Кечиөрен» және «Тоқат» халықаралық түркі әлемі фестивальдеріне қатысып, қазақтың ұлттық би өнерін халықаралық деңгейде насихаттады.

  • Наурыз айында Германияда Қазақстан Республикасының Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шараларда «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі әншілер;
  • Грузияның Кутаиси қаласы күніне арналған мерекелік концертке «Қаратау» фольклорлық ансамблі;
  • Словения Республикасының Любляна қаласында өткен «Midsummer Night» халықаралық мәдени-қоғамдық қайырымдылық кешінде «Яссы» би ансамблі мен «Қаратау» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
  • Өзбекстан Республикасының Наманган қаласында өткен ІІІ Халықаралық Мақом өнер байқауында «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі жүлделі ІІ орынға ие болды.

Есепті кезеңде ұйым өнерпаздары республикалық байқауларда да жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

  • Эстрада әншісі Фариза Беймаханбет «Жұлдыз-2026» республикалық байқауының Бас жүлдесін иеленді. Дәстүрлі әнші Асылбек Бейсов республикалық «Көктем-қыздар» ән байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. Дәстүрлі әнші Алмасқожа Музаппаров «Түркістан мақамдары» республикалық байқауында ІІІ орын алды. Оркестр әртісі Дәулет Оңғар «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауында ІІІ орынға ие болды.
  • Шымкент-Цирк мекемесінің қызметкерлері
    Сергей Мұстафиннің командасы Қытай Халық Республикасының Юньань провинциясында өткен Халықаралық цирк фестиваліне  қатысып, АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ жеңіп алды. 

           2026 жылғы 22-26 шілде аралығында Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік циркінде IV Халықаралық «Almaty Circus Festival» цирк өнері фестивалі өтті.Әлемнің 18 елінен цирк өнерінің өкілдері қатысқан халықаралық фестивальде «Шымкент циркі» МКҚК әртістері «Аспан арулары» әуе гимнастикасы нөмірін ұсынып, кәсіби шеберліктерін танытты. Байқау қорытындысы бойынша шымкенттік өнерпаздар қола жүлдеге ие болды.

2026 жылғы 20 қыркүйекте Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында өткен І Халықаралық «Мир цирка объединяет сердца» цирк өнері фестивалінде «Шымкент цирк» әртістері АЛТЫН ЖҮЛДЕНІ иеленді.

  • Шымкент қалалық Өзбек драма театры   Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай Әл-Таразий Таразға шақырады» Халықаралық актерлік өнер фестиваліне  Улуғбек Хамдаидың «Ұстаз» драмасымен қатысып, Қазақстан театр қайраткерлерінің «Дара» медаліне ие болды.
  • Шымкент қалалық Әзіл-сықақ және сатира театры Қызылорда облысы, Шиелі ауданында өткен «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» республикалық байқауына қатысып, арнайы жүлдені иеленді.
  • Шымкент қалалық Жастар театры Румыня мемлекеті, Тырговиш қаласында өткен ХІV «Babel»  Халықаралық орындаушылық өнер фестиваліне қатысты.

Жалпы алғанда, 10 халықаралық мәдени іс-шара мен фестивальге қатысу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өнерпаздар 4 республикалық және 1 халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болып, оның ішінде 2 Бас жүлде, 1 ІІ орын және 2 ІІІ орын еншіледі.

Бұдан бөлек, «Шымкент концерт» концерттік  ұйымы» (филармония) биылғы жылдың қараша айында Эстония, Финляндия, Бельгия, Люксембург, Түркия және Грекия елдеріне гастрольдік іссапары жоспарлануда.

 

       

10 августа 2026
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық өзбек драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос басшысы (директор) лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық өзбек драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос басшысы (директор) лауазымына                                
  КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 

Конкурс өткізілетін орын: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, мекенжайы: Шымкент қаласы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 14.

Директор лауазымына үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім. Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Жұмыс өтілі: 1) республикалық, облыстық маңызы бар, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымдары үшін:

       Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе "Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.

Кәсіби құзырлығы:   

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін ; "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын;

      ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға, осы хабарландыру мемлекеттік мүлік тізілімінің
E-Qazyna.kz веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейінгі күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде (2026 жылдың 11 тамызынан бастап - 19 тамыз қоса есептегенде сағат 19:00-ге дейін) мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

     1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (үлгіге сәйкес);

   2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда;

     3) жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударысдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автолматты түрде тіркейді;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

   5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

   6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Қатысушы үміткер өзінің қосымша: білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттардың көшірмесі, ғылыми дәрежесі, атағы ғылыми еңбегі, алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным хат) тапсыруына болады.

Конкурсқа мынадай үміткерлер қатыса алмайды:

         1) он сегіз жасқа толмаған;

         2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

        3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

         4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Құжаттарды тапсыру мерзімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік мүлік тізілімінің E-Qazyna.kz веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында жарияланған күннен кейінгі жеті жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Құжаттар мына мекенжай бойынша жіберіледі:
мемлекеттік мүлік тізілімінің E-Qazyna.kz веб-порталы арқылы.

Байланыс телефондары: 8 (7252) 77-63-45, 8 707 700 31 32, 8 778 010 10 93.

 

26 июня 2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 маусымда өтеді

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы

30 маусымда өтеді

 

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 маусымда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».

Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында  (Бейбітшілік көшесі  №4-6) сағат 16.00-де  басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

26 июня 2026
2026 жылғы 26-27 маусымда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.

«Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренингі

 

2026 жылғы 26-27 маусымда Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл үйретудегі белсенді әдіс-тәсілдер» атты семинар-тренинг өтіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – тілдерді оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын қарастыру, оқыту тәжірибесіндегі жетістіктер мен өзекті мәселелерді талқылау, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және тіл мәдениетін жетілдіру.

Семинарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен сабақ беретін 50 тіл маманы қатысып отыр.

Семинарда тәжірибелі мамандар мен сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісуде. Атап айтқанда, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталықтың әдіскері Айшат Абдрашитовна Ботабекова «Қазақшаға саяхат: тілді үйретудің креативті жолдары», Педагогикалық шеберлік орталығы Шымкент филиалының аға менеджерлері Анар Турсынбаевна Балтабекова «Үнсіз коммуникация: оқушыны сөзсіз түсіну өнері»,  Айжан Маркабаевна Кожымбетова «Қызығушылық детекторы» тақырыптарында тәжірибелік сессиялар өтуде және  қатысушылар үшін арнайы психологиялық тренинг ұйымдастырылып, оны психолог, психотерапевт, ментор, «Zhanga daua» психологиялық орталығының негізін қалаушы, Қазақстан Психологтар Одағының мүшесі Зоя Шамшетқызы Пирниязова жүргізіп жатыр.

 Сондай-ақ,семинар бағдарламасында тіл дамыту дағдыларын меңгертуге арналған топтық және жеке белсенді сайыстар өтуде.

Екі күндік семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.

 

 

22 июня 2026
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» байқауы өз мәресіне жетті.

         2026 жылғы 12 маусымда Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» қалалық байқауы өтті. Байқауға 12 этнос өкілі қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды.  Бірінші кезең бойынша  Үздік цифрлы контент - қатысушылар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнімдерін ұсынса, екінші кезеңде  Қазақ тілін үйретудегі тиімді әдістер - қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді көрсетіп, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Байқаудың қазылар алқасы құрамына білім  саласының үздігі, Шымкент қаласының құрметті азаматы,  Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, белгілі журналист және тіл мамандары қатысты.

         Олар байқау қатысушыларының ұсынған материалдарының тақырыпқа сәйкестігіне, нақтылығына және шынайылығына, ақпараттың өзектілігіне және материалды ұсыну шеберлігіне баса назар аударды.  Олар қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі мен кәсібилігін жоғары бағалап, байқау қорытындысы бойынша төмендегідей шешім қабылдады:

         БАС ЖҮЛДЕ: Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Комилхон Бахтиярович Исмоилов;

         I ОРЫН:  Шымкент қаласы ТЖД Тұран ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мамандандырылған жасақ бастығының көмекшісі Роман Александрович Письменский;

         II ОРЫН : М.Маметова атындағы №111 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зулайхо Алимжановна Тоганбаева, «Сұңқар» мектеп-гимназиясы ЖШС, бастауыш сынып мұғалімі Ангелина Николаевна Меньшикова;

         III ОРЫН:  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенті Зилола Хайруллақызы Давранова,   Шымкент қаласы Полиция департаменті Тылды қамтамасыз ету басқармасы ТҚеБ-ның Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану тобының технигі Зарина Жалиновна Каратаева  және  №51 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Малика Абдувахитовна Розметовалар иеленді. Қалған қатысушылар арнайы номинациямен мараатталып, барлық  қатысушыларға арнайы дилом, алғысхат және бағалы сыйлықтар табысталды.

26 мая 2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 29 мамырда өтеді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 29 мамырда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».

Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында  (Бейбітшілік көшесі  №4-6) сағат 16.00-де  басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

06 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу туралы ХАБАРЛАМА

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 5 мамырдағы №24 н-қ бұйрығына сәйкес, "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. орысша аудар

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең:
2025 жыл және 05.01.2026-30.04.2026 жыл аралығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 15.05.2026-15.06.2026 жыл аралығы.

 

 

27 апреля 2026
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтеді

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 сәуірде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».

Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында  (Бейбітшілік көшесі  №4-6) 2026 жылы 30 сәуірде сағат 16.00-де  басталады.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық  және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

 

20 апреля 2026
Құрметті оқырман қауым! 2026 жылғы 20 сәуір күні «23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні» мерекесіне орай «Руханиятқа жол кітаптан» апталығы аясында өтетін «КІТАПХАНА ТҮНІ» акциясына шақырамыз.

Құрметті оқырман қауым!

2026 жылғы 20 сәуір күні «23 сәуір – Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні» мерекесіне орай «Руханиятқа жол кітаптан» апталығы аясында өтетін «КІТАПХАНА ТҮНІ» акциясына шақырамыз.

Өтетін күні: 2026 жылғы 20 сәуір
Өтетін орындары мен уақыты:
• Әл-Фараби атындағы қалалық әмбебап кітапханасы – 19:00–21:00
• А. Пушкин атындағы әмбебап кітапхана – 19:00–21:00
• Абай кітапханасы – 20:00–22:00

Социальные сети
Facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы